Тізім дегеніміз не? Python-дағы тізім – ерікті түрдегі нысандардың (объектілердің) реттелген өзгертілетін топтамасы (массив сияқты, бірақ типтері әр басқа болуы мүмкін). Тізімдерді қолдану үшін оларды құрып алу керек. Тізімді бірнеше жолмен құруға болады. Мысалы, кез келген қайталанатын нысанды өңдеуге болады (мысалы, жолды list ендірілген функциясымен):
>>> list('тізім')
['с', 'п', 'и', 'с', 'о', 'к']
Тізімді литералдардың да көмегімен құруға болады:
>>> s = [] # Бос список
>>> l = ['s', 'p', ['isok'], 2]
>>> s
[]
>>> l
['s', 'p', ['isok'], 2]
Мысалда көрсетілгендей, тізім кез-келген нысанның (кірістірілген тізімдерді қоса алғанда) кез келген санын қамтуы немесе ештеңені қамтымауы да мүмкін.
Тізімді құрудың тағы бір жолы - тізімдер генераторы. тізімдер генераторы – тізбектегі элементтің әрқайсысына өрнекті қолдана отырып жаңа тізімді құру тәсілі. Тізімдер генераторы for цикліне өте ұқсайды.
>>> c = [c * 3 for c in 'list']
>>> c
['lll', 'iii', 'sss', 'ttt']
Тізімдер генераторының бұдан да күрделі конструкциясы болуы мүмкін.
>>> c = [c * 3 for c in 'list' if c != 'i']
>>> c
['lll', 'sss', 'ttt']
>>> c = [c + d for c in 'list' if c != 'i' for d in 'spam' if d != 'a']
>>> c
['ls', 'lp', 'lm', 'ss', 'sp', 'sm', 'ts', 'tp', 'tm']
Бірақ күрделі жағдайларда тізімдерді жасау үшін әдеттегі for циклы қолданған жөн.
Тізімдердің функциялары мен әдістері. Тізімді құрып алған соң олармен жұмыс істеуге болады. Тізімдер үшін негізгі ендірілген функциялар мен әдістер бар.
Кесте 4
Тізімдер әдістері