Анонимді функциялар, lambda инструкциясы. Анонимді функциялар тек бір ғана өрнекті қамтығандықтан тез орындалады. Анонимді функциялар lambda инструкциясының көмегімен құрылады. Сонымен қатар, оларды def func() инструкциясындағы сияқты міндетті түрде айнымалыларға меншіктеудің қажеті жоқ:
>>> func = lambda x, y: x + y
>>> func(1, 2)
3
>>> func('a', 'b')
'ab'
>>> (lambda x, y: x + y)(1, 2)
3
>>> (lambda x, y: x + y)('a', 'b')
'ab'
lambda функциясы басқа функцияларға қарағанда return инструкциясын қажет етпейді, ал басқа жағынан еш айырмашылығы жоқ:
>>>
>>> func = lambda *args: args
>>> func(1, 2, 3, 4)
(1, 2, 3, 4)
Достарыңызбен бөлісу: |