Дәрістер кешені Дәріс №1 Дәріс тақырыбы


Файлдар. Файлдармен жұмыс. Төменде python тілінің файлдармен әрекет жасауға арналған ендірілген құралдары қарастырылады: ашу / жабу, оқу және жазу



бет12/13
Дата06.09.2022
өлшемі0,72 Mb.
#148863
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Файлдар. Файлдармен жұмыс. Төменде python тілінің файлдармен әрекет жасауға арналған ендірілген құралдары қарастырылады: ашу / жабу, оқу және жазу.


Файлмен жұмыс жасау үшін алдымен оны ашып алу керек. Ол үшін open ендірілген функциясы қолданылады:
f = open('text.txt', 'r')
Open функциясының көптеген өлшемдері бар, бірақ олардың ішінде ең қажетті 3 аргументі бар. Олардың біріншісі файлдың аты, файлға баратын жолдың өзі салыстырмалы немесе абсолютті болуы мүмкін. Екінші аргумент –ол файлды ашу режімі.

Кесте 4


Файлды ашу режімдері

Режім

Белгіленуі

'r'

Оқу үшін ашу (әдепкі мән болып табылады)

'w'

Жазу үшін ашу, файлдың ішіндегі мәні жойылады, файл жоқ болса, онда жаңадан құрылады

'x'

Жазу үшін ашу, егер файл жоқ болса, онда ерекше жағдай деп саналады

'a'

қосымша жазу үшін ашу, ақпарат файлдың соңына қосылады

'b'

Екілік режимде ашу

't'

мәтіндік режимде ашу (әдепкі мән болып табылады)

'+'

оқу және жазу үшін ашу

Режимдер біріктірілген болуы мүмкін, яғни, мысалы, 'rb' – екілік режімде оқу. Әдепкі жағдайда мәні 'rt' болады.


Соңғы аргумент encoding, ол тек мәтіндік режімде файлды оқу кезінде қажет. Бұл аргумент кодтауды анықтайды.

Файлдан оқу. Файлды ашқан соң одан ақпаратты оқуымыз керек. Ол үшін оның бірнеше тәсілі бар, бірақ соның ішінде екеуі ғана қажет болады.


Бірінші – егер аргументсіз болса файлды тұтастай, егер n (бүтін санмен) аргументімен шақырылса, онда n символымен оқылатын read әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет