Дәрістер кешені Дәріс №1


Ақыл-ой кемістігінің екі түрі бар



бет9/30
Дата11.10.2022
өлшемі108,79 Kb.
#152624
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Инклюзивті білім беру лекция

Ақыл-ой кемістігінің екі түрі бар: Олигофрения және Деменция
Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін ажыратады: дебил, имбецил және идиотия.
Дебилдік (латын тілінен “debilis”- әлсіз, қуатсыз) - олигофренияның әлсіз түрі, науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Бұл балалар бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды. Балалық шақта сөз қоры жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, егер дебилдік жеңіл түрінде болса және асқынбаса, көп нәрсеге үйренеді және психикалық жетіспеушіліктері азая бастайды. Дебилдіктің жеңіл түрінде балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар жалпы мектепте де оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады, әсіресе математика амалдарын игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана алады.
Дебил балалардың танымдық әрекетінің бұзылуы қиын түсініктерді талдап, қорытуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Олар маңызды, басты істі жалпыдан айыра алмайды; абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ; нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау басым болады. Бірақ кейбір балалар интеллектісінің жетіспеушілігіне қарамастан, көп нәрсені аңдамай (механикалық түрде) жаттап алумен, еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса толықтырып, жеңілдетеді. Бірақ оларда инициатива, өз бетінше шешім қабылдау байқалмайды, барлық психикалық үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән бермеушілік байқалады. Дебилдер өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен қолдауды қажет етеді, тек айтқанды ғана істейді. Олар өз-өздеріне қарапайым қызмет көрсете алады, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде белгілі, қарапайым мамандандықты игеруге де қабілеттері жетеді және осы істерімен белгілі мөлшерде интеллектісінің жетіспеу-шілігін бүркемелейді. Дебилдердің интеллек-туалдық коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Оларда жанұя, бала да болады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, ол балалар тұқым қуалайтын кемақылдылыққа ұшыраған бала болуы да мүмкін.
Имбецил (латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл психикалық дамудың орташа зақымдануы. Имбецил дәрежесіндегі кемақыл балалар үздіксіз қамқорлықпен арнайы бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың аз-кем өзгеруі имбецилді тығырыққа тіреп, олар таныс емес жағдайда сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз болып қалады.
Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес. Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері – үй жинау, кір жуу, ыдыс жуу немесе ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекеті арқасында ғана үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардың эмоцио-налды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай.
Идиотия (латын тілінен „idiotea” – тұрпайылық) – олигофренияның ең ауыр дәрежесі. Идиотия дәрежесіндегі балалар жоғары, биік немесе аласа, төмен туралы түсініктері, қауіпті сезінбейді, сондықтан әр уақытта жарақаттанып жүреді. Идиотияның ауыр түрінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды, буынға бөлінген дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әрекетінше киіне алмайды, кесе, қасық пайдалануды білмейді, кейбіреулері шайнай да алмайды. Кейбіреулері салақ, сұрануды және дәретхананы пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсыздыққа қарамастан суланған және ластанған киімдерінде ұзақ уақыт қала береді. Білім алуға талпынысы мүлдем жоқ, оларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да түсініксіз. Есте сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз туғандарын, шешесін де танымайды. Олардың сезінуі қарапайым және қанағаттануын немесе қанағаттанбауын ашумен, айқай-лармен және қозғалу – қимылмен білдіреді. Бұған қоса, оларда ақауды, жарақаттануды ауырсыну сезімі төмен, сондықтан олар ешқандай ауруға мән бермейді.Психиканың күрделі зақымдануы физикалық даму кемістіктерімен әруақытта қосарлана білінеді. Идиотия дәрежесіндегі балаларды үйде бағып-қағу өте қиын және оларды негізінен психохрониктерге арналған арнайы емдеу мекемелеріне орналастырады.
Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен. Идиотия дәрежесіндегі ересектердің психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың деңгейінде қалады, олар қорғансыз, көрсетілген көмекті қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Идиотия дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл аудармайды, олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты шайнай бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет