4.2 Кәріз жүйелерінің негізгі элементтері және олардың атқаратын міндеттері
Ішкі кәріз жүйесі келесі элементтерден тұрады:
1. Ластанған су қабылдағыштарға, санитарлы – гигиеналық жағдайға және шаруашылық – тұрмыстық қажеттілікке арналған санитарлық құралдар, сонымен қатар өндіріс қалдықтарын қабылдайтын қондырғылар жатады.
Ластанған суды әкететін құбырда пайда болатын газ адамдар жүрген жерге шығып кетпес үшін тұрмыстық және өндірістік үйлердің барлық санитарлық құралдары (жуғыштар, раковиналар, қол жуғыштар, ванналар, душтық поддондар, унитаздар, биделер, писсуарлар, траптар) және өндіріс суларының қабылдағыштары ( шұңқырлар, траптар, сыйымдылықтар және т.б. ) гидравликалық жаппалармен жабдықталған.
2. Кәрізлық тораптар, олар көлденең және тік орналасқан құбырлардан ( әкеуші және жинақтаушы құбырлардан, коллекторлардан, тік құбырлардан, ауданаралық және квартал аралық құбырлардан ) және біріктіргіш элементтерден (фасондық бөлшектерден) немесе науалардан жиналған.
Кәрізлық тораптар бітеліп қалған жағдайда тазартатын (ревизиялар, тазартқыштар) және желдеткіш жүйесінің қондырғыларымен жабдықталған.
3. Жергілікті қондырғылар және ғимараттар ластанған суды көтеруге, алдын – ала өңдеуге және тазалауға арналған. Ластанған суды өз ағысымен үй сыртына әкете алмаған жағдайда сыртқы кәріз торабына немесе жергілікті тазалау ғимараттарына суды сорғышпен көтереді немесе пневматикалық қондырғылар қолданады.
Сыртқы кәріз тораптарын бітелуден және бұзылудан сақтау үшін ластанған суды алдын – ала өңдейтін қондырғылар және ғимараттар қолданады: керегелер, лай тұндырғыштар, май ұстағыштар, мұнай – май ұстағыштар, орталағыштар, нейтрализаторлар және т.б.
4.3 Үйдің кәріздік тораптарының материалдары
Құбырлар. Ішкі кәрізді орнатуға шойын, асбестцементті, пластмассалы, бетон, темірбетон және әйнек құбырлар қолданады.
Шойын құбырлар МЕСТ 6942.1-80 бойынша бір қонышты, ішкі диаметрі 50, 100, 150мм, ұзындығы 500-ден 2100 мм-ге дейін, іші тотықпауы үшін мұнай битумымен майланып шығарылады.
Каназациялық шойын құбырлар арынсыз жұмысқа арналған, сондықтан сумен жабдықтаудағы шойын құбырдан айырмашылығы – олар 0,1 МПа қысымға шыдайтын жұқа қабатты болады. Құбырлар бір-бірмен қоныш немесе фасондық бөлшектер арқылы жалғанады, жапсарлы қосылыстағы қоныштың қуыстарын смола жағылған жіп арқанмен, асбестцементті немесе асфальтті желіммен толтырады. Қонышты жапсарда бітеуді тездету үшін резиналы нығыздағыш сақина, тез қататын және керілетін қасиеті бар цемент немесе каолин қосылған еріген күкірт қоспасын қолданады. Қонышты шойын құбырларды жалғағанда қоныштарын судың ағысына қарама қарсы орналастырыу керек. Жалғағыш шойын қонышты фасонды бөлшектер МЕСТ 6942.1-80, 6942.30-80 бойынша шығарылады, диаметрлері құбырдікіндей болады.
Жалғағыш бөлшектерге ревизиялар, бұрышы 90º ұзартылған бұрмалар, бұрышы 110º, 120º, 135º бұрмалар, игектер (бұрышы 90º) , шолақ құбырлар, түзу және қисық крестовиналар (төрттіктер), муфталар және т.б. жатады.
Пластмассалы кәріздік құбырлар және жоғарғы тығыздықты полиэтилен фасонды бөлшектер МЕСТ 18599-83* және пластификацияланбаған поливинилхлорид (винипласт) МЕСТ 22689.0-77-22689.20-77 бойынша шығарылады. Пластмассалы құбырлар агрессивті сұйықтар (қышқыл, сілті) әсеріне өте төзімді, олардың салмағы жеңіл және гидравликалық кедергілердің аздығына байланысты өткізу қабілеттілігі жоғары. Поливинилхлорид құбырлары (ПВХ) 50,80,100,150 мм - лік диаметрде, ал жоғары тығыздықты полиэтилен (ПВП) құбырлар 50, 63, 75, 90, 110, 125, 140 мм-лік диаметрде шығарылады. Пластмасса құбырларын тұрмыстық және өндірістік кәріздерде температурасы 40ºС аспайтын ластанған суларды тасымалдауға көп қолданады.
Пластмасса құбырларын жинақтағанда оларды әр түрлі әдістермен жалғайды: 230-260ºС – да дәнекерлейді, күшті еріткіші бар кілей арқылы, сақина тәрізді нығыздағышы бар алынбалы қонышты қосылыс арқылы.
Қоныштың ішкі бетіндегі қуысқа қойылған резиналы сақина қонышпен құбырдың тегіс жағының сенімді жалғануын қамтамасыз етеді. Бұндай жалғау өте қарапайым және сенімді, жинақтау жұмысында ыңғайлы. Пластмасса құбырлардың фасондық жалғағыш бөлшектерінің номенклатурасы ұқсас.
Асбестцементті арынсыз құбырлар (МЕСТ 1893 – 83* ) диаметрлері 100 – 400 мм, ұзындықтары 2950-3950 мм, өндіріс кәрізінің ішкі тораптарына және аулалық тораптарға қолданылады, егер олар механикалық қауіптен сақталған болса. Асбестцементті құбырлар резиналы сақина нығыздағышы бар асбестцементті муфта немесе шойын құбырлар сияқты қонышты бітеуі бар шойын фасонды бөлшектер арқылы жалғанады.
Керамикалық құбырлар ( МЕСТ 286 – 82 ) ішкі қабатты глазурланған қонышты, диаметрі 150 – 600 мм, ұзындығы 800 – 1200 мм. Диаметрі 50 -200 мм – лік қышқылға төзімді керамикалық құбырларды агрессивті ластанған суды тасымалдауға, ал керамикалық қонышты құбырларды аулалық кәріздік тораптарға, сонымен қатар өндірістің кәріз тораптарын астыртын жатқызуға қолданады.
Керамикалық құбырларды жалғағанда қонышқа кіріп тұратын құбырдың тегіс жағын майланған арқанмен және цемент қоспасымен немесе асфальтты желіммен бітейді, егер ластанған суда желімді жұмсартатын немесе ерітетін заттар болмаса және егер судың температурасы 50 ºС – дан аспайтын болса.
Агрессивті ағындарға және өндіріс кәрізінің технологиялық құбырларына МЕСТ 8894 - 80*Е бойынша шығарылатын әйнек құбырлар қолданады.
Бетон және темірбетон құбырлары МЕСТ 64820-79 бойынша кәріз жүйелерінде пайдалануға шығарылады, олар арынсыз тегіс қонышты, диаметрлері 150 мм және одан да жоғары, ұзындығы 1000 мм болады. Құбырлар резиналы сақина нығыздағышпен муфта арқылы, ал қонышты қосылыстар цементті қоспа нығыздағыш арқылы жалғанады. Өндірістің сыртқы кәріз тораптарын құрастырғанда бетон және темірбетон құбырларын кеңінен пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |