Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет: [4]
Қосымша әдебиет: [4]
Электронды ресурс: [1-5]
Бақылау сұрақтары
Қалалардағы газ таратушы жүйелер мен газ таратушы пункттер.
Реттеуіш пункттің қондырғысы.
Үлкен қаланы негізді газбен қамтамасыздандыру жүйесі.
Шкафты реттеуіш пункттің сызбасы.
Үйдің ішкі газ құбырларының қондырғысы.
Ғимаратқа газ құбырын астыңғы енгізу.
Газ құбырының пәтерге таралымы.
Тасымалданатын газдың қысымына байланысты газ құбырлары қалай бөлінеді?
Газға қауіпті жұмыстардың қандай түрлері жатады?
Газға қауіпті орындарда қандай шарттар сақтала отырып жұмыс жүргізіледі?
ДӘРІС 8. ЖЕЛДЕТУ ЖӘНЕ АУА САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕЛЕРІ.
Желдету жүйесі
Бөлмедегі ауа алмасу және желдету жүйесінің жіктелуі.
Принципиалды сұлба және табиғи желдеткіштің жүйесіндегі конструктивті элементтері.
Тұрғын бөлігінің ауаны баптау жүйелері
Жергілікті және орталық жүйелерді салыстыру
Орталық кондиционерлеу жүйесін енгізу мысалдары
Дәрістің мақсаты: Ғимараттар мен имараттарды желдету және ауа салқындату негіздерін үйрету.
Қажетті тазалықты және адамдардың жұмыс істеуіне, тұрмысына қолайлы жағдай туғызу үшін желдету және ауа баптау жүйелері бөлмелерде тиімді ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ау алмасу – бөлмедегі «қызған» немесе лас ауаны жартылай немесе толығымен таза атмосфера ауасымен алмастыру.
Бөлменің ішкі көлеміне шаққанда бір сағатта ішке берілетін немесе одан әкетілетін ауа мөлшері ауа алмасу еселігі деп аталады.
Бөлмелерде талап етілетін саитарлық-гигиеналық жағдайларды ауа алмасу қамтамасыз ететіндіктен, яғни бөлмеден лас ауаны әкетіп, таза ауа беретіндіктен, желдету жүйелері жұмыс түріне байланысты ауа беру және ауа шығару жүйелері болып бөлінеді.
Бөлмеден әкетілетін және бөлмеге берілетін ауа қозғалысын тудыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері табиғи (ұйымдасқан және ұйымдаспаған) және механикалық желдету жүйелері болып бөлінеді.
Ұйымдаспаған табиғи желдету кезінде бөлмедегі ауа алмасу ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен қоршау конструкцияларының саңылаулары, ойықтар арқылы жүреді.
Ішкі және сыртқы ауа тығыздықтарының айырымынан немесе жел әсерінен, бірақ, сыртқы қоршауларда арнайы орнатылған, ашалып-жабылуы реттелетін фрамугалар арқылы орын алатын ауа алмасу түрі – табиғи ұйымдасқан желдету жүйесі немесе аэрация деп аталады.
Бөлмеге ауа беру немесе одан ауа әкету механикалық қозғалыс туғызатын қондырғылар, яғни желдеткіштер көмегімен жүргізілетін болса, ондай жүйелерді механикалық желдету жүйелері деп атайды.
Бөлмелерде ауа алмасуды ұйымдастыру тәсіліне байланысты желдету жүйелері жалпы алмасу, жергілікті, локализациялық, аралас және апатты жағдайдағы желдету жүйелері болып бөлінеді.
Жергілікті желдету жүйесі бөлменің белгілі бір жерлерінде, атап айтсақ жұмыс орындарында (мысалы, жұмыс орнына бағытталған ауа ағыны - «ауа себезгісі») қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызады.
Локализациялық желдету жүйесі – бөлме ауасына зиянды зат тарамауы үшін өндірістік қондырғылардың зиянды зат бөлінетін жеріне орнатылатын, арнайы жабындармен, шатырлармен жабдықталған ауа шығару жүйесі.
Желдетудің аралас жүйесі деп – жалпы алмасу жүйесінің жергілікті немесе локализациялық жүйемен бірге қолданылуын айтады.
Табиғи желдеткіштің каналды жүйесі деп, сыртқы ауаның немесе арнайы қондарғылармен керек емес нәрселерді шығару, ғимарат құрылысында немесе қондырғыларда қарастырылған.
Табиғи желдеткіш жүйесі қысым көлемі, ауа қозғалысына төтеп бере алмайтындай және де басқа жүйелер мәнсіз және тұрақты емес. Соған байланысты қазіргі уақытта табиғи желдеткіштер онша пайдаланбайды.
Табиғи желдеткіш тарту каналдары тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, ауасы көп тазартылмайтын орындарда орналастырады. Өндіріс ғимараттарында ережерлерге сәйкес табиғи желдеткіштерді жобалайды, егер ол технологиялық талаптарға сай болса, мекеменің ауасы қалыпты болатын болса.
Қазіргі заманғы көп қабатты тұрғын үйлерде және "элиталық" класты көп функционалды көп қабатты кешендерде, әдетте, тұрғын үйден басқа дамыған инфрақұрылым қарастырылған: кеңсе бөлмелері, дүкендер, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, бассейндер, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары. Тұрғын үйде де, қоғамдық бөлімдерде де механикалық жабдықтау және сору желдеткіші қолданылады.
Кондиционер жүйелері тұрғын және қоғамдық бөліктерде де қолданылады, бірақ әртүрлі мақсаттағы бөліктер үшін әртүрлі жүйелік нұсқалар қолданылады.
Қоғамдық аймақтар үшін бұл әдетте орталық ауа баптау жүйелері; тұрғын үй аймағында орталық және жергілікті (жеке) қондырғылар бар (мысалы, сплит және мультисплит жүйелері). Атап айтқанда, аталған биік тұрғын үй кешендерінде соңғы нұсқа қолданылады. Негізінен тұрғын бөлігін климаттандыру жүйесі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |