Дәрістер кешені


Құрғақ заттар мен ылғалдылық мөлшерін анықтау



бет11/38
Дата23.02.2023
өлшемі0,69 Mb.
#169953
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
лекция

Құрғақ заттар мен ылғалдылық мөлшерін анықтау
Құрғақ зат пен ылғалдылықтың мөлшерін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Соның ішінде ең қолайлысы вакуум – кептіргіш шкафта төмендетілген температурада (100-150оС) құрғақ заттың құрамын қалыпты массада анықтау жолы болып табылады. Бұл кезде өнімнің қышқылдануы мен жайылуы байқалады. Міндетті түрде бос бюкс пен ылғалды және кепкен навесканың массасын белгілеу қажет. Бос бюксты, содан кейін навескалы бюксты кептіруді алғашқы және кейінгі өлшемдерді салыстырғанда салмағы 0,0004 граммнан аспайтындай етіп жалғастырады.
Бұл тәсіл нақты, бірақ анықтау ұзақтығы 10 сағатқа созылады. Қазіргі таңда құрғақ заттардың құрамын анықтаудың тездетілген тәсілдері бар:

  • Кептіргіш шкафта жоғарылатылған температурада кептіру;

  • ВЧ приборында кептіру;

  • Рефрактометриялық тәсіл.



Кептіргіш шкафта жоғары температурада кептіру
Жоғары температурада ұнды, нанды, нан – тоқаш өнімдерін және шайды кептіру кезінде олардың құрамындағы ылғалдылықты анықтайды. Бұл әдіс жанама биотехнология, өйткені мұнда ылғалдылықты емес, құрамындағы құрғақ затты анықтайды, демек, жылдам кептіру кезінде көп немесе аз мөлшерде ылғалдылық бөлінеді. Бұл әдісті минимум жағдайына келтіріп, жақсы нәтиже алу үшін, мынадай жағдайларды талап етеді: кептіргіш шкафтың өлшемін, ұзындығы және навесканы кішірейту сатылары, бюкстың өлшемі мен формасы, уақыт пен кептіру температурасы.
Электрошкафтарды әр түрлі жүйеде лабороторияда қолдану кезінде бұл әдістің өзіндік ерекшеліктері болады.
Пробиркалар, құрал жабдықтар және материалдар термо - түзеткіші бар кептіргіш шкаф, техно – химиялық таразы, лабороториялық диірмендер, материалды ұнтақтағыш, терка, эксикатор, әйнекті және металды бокс, қысқыш.
Навесканы анализге дайындау. Барлық азықты, ұннан басқасын лабороториялық диірменде немесе арнайы ұнтақтағышта ұнтақтайды. Бұл ұнтақтарды сита арқылы бақылайды, оның ені 0,8 мм ситадан өтіуі 75% көп болмауы керек (сұлы үшін - 50%, горох - 60%).
Нан жұмсағы біркелкі орналаспағандығын, міндетті түрде навесканы дұрыс таңдау қажет, себебі үлгілерге анықтама беру үшін.
Каравай нанынан қалыңдығы 0,5 – 1 см болатындай етіп кесіп, әйнекке салып, дәл ортасынан пышақпен 5 г жұмсағынан және 2-3 жерінен: астынан, үстінен, шетінен кішкене кесіп, негізгі бөлігінен 1 см, барлық заттарын алып тастайды (жаңғақты, өрікті т.с.с). Барлық кесіп алған бөліктерді жақсылап пышақпен әйнекті пластинкада майдалап, араластырады. Ылғалдылығы жоғалмау үшін тез істейді.
Сынақ өткізу. Ылғалдылығын екі навескада да параллель анықталады, соңғы нәтижесін екеуінің орташа арифметикасынан анықтайды. Техно – химиялық таразыда алдын – ала кептірілген металды бюксты қақпағымен өлшейді және әрқайсысына 5 г майдаланған өнімді салып өлшейді. Қақпағы ашық бюксты кептіргіш шкафқа кептіруге қояды. Кептіргеннен кейін бюксты кептіргіш шкафтан тигельді қысқашпен алады, қақпағын жауып оны эксикаторға толық суығанша қояды, кейіннен оны өлшейді. Эксикатордың төменгі бөлігін сусыз хлорлы гранулданған кальциймен толтырады. Металды бюкстарды эксикаторда - 15-20 мин, әйнектіде - 25-30 мин суытады. Ылғалдылықтың мөлшерін мына формула арқылы анықтайды:

Мұндағы, m1– кептірудің алдындағы бюкстың навескасының массасы, г;
m2 –кептіргеннен кейінгі бюксты навесканың массасы, г;
m – азықтың навескасы.
Екі анықтауыштың арасы 0,25% аспауы керек. Анықтау ұзақтығы 70 мин.
СЭШ – 1 шкафында ылғалдылықты анықтау кезінде, металды бюкстың өлшемі кезінде, металды бюкстың өлшемі 45 × 20 мм болуы керек. Сынақ өткізудің алдында шкафты 140-145оС температурада қыздырады. Бюксты навескаларды шкафқа салғанда тепмература төмендейді, кептіру уақытына байланысты өсіріп 130оС температураға дейін көтереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет