Дәрістер конспектесі 1-тақырып. Сызбаны тұрғызу теориясы. Проекциялау әдістері. Монжа эпюрі



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата02.05.2020
өлшемі0,51 Mb.
#65504
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Дaрістер конспектесі

Шығарылған  элементтер.  Шығарылған  элемент  деп,  нәрсенің  қандай 

да  болмасын,  пішініне,  өлшемдеріне  және  басқа  берілгендеріне  қатысты 

графикалық  және  басқа  түсініктерді  қажет  ететін  бөлігінің,  қосымша  жеке 

кескінін айтады.  

Шығарылған  элемент,  көбінесе,  сәйкес  кескінде  көрсетілмеген 

нақтылықтарды береді және кескіннен мазмұны жағынан айырмашылығы да 

болады.  Шығарылған  элементті  мүмкіндігінші  нәрсе  кескініндегі  орнына 

жақын  орналыстыру  қажет.  Бұл  орынды  тұйықталған  тұтас  жіңішке 

сызықпен (шеңбер, овал және т.б) белгілейді. Шығарылған элементтің реттік 

нөмері  рим  цифрымен  белгіленіп,  шығару  сызығының  сөресінде  жазылады. 

Шығарылған  элментке  мынадай  жазу  қосылады:  жіңішке  горизонталь 

сызықтың  үстінде  элементті  белгілейтіг  рим  цифры,  ал  сызықтың  астында 

сол элемент орындалатын масштаб көрсетіледі.  

 

 



Машиналарды,  аспаптарды,  аппараттарды  және  т.б.  жасағанда  олардың 

құрамдас  бөліктері-тетіктер  бір-бірімен  қосылады.  Мұнда  қосылу  деп  ортақ 

әрекетті  орындау  үшін  екі  немесе  одан  тетіктің  белгілі  жүйедегі  бекітуін 

айтады.  Қосылыстар  ажырамалы  немесе  ажыратылмайтын  түрде  болуы 

мүмкін. 

Ажырамалы  қосылыстарға  оның  құрамдас  бөліктерін  бүлдірмей 

ажыратуға  болатын  қосылыстар  жатады.  Ажырамалы  қосылыстардың  өзі 

жылжымайтын  (қозғалмайтын)  және  жылжымалы  (қозғалатын)  болып  екіге 

бөлінеді.  Ажырамалы,  бірақ  жылжымайтын  қосылыстарға  бұрандамалық, 

бұрамасұқпалық  және  құбырлық  қосылыстар  жатады.  Ажырамалы 

жылжымалы  қосылыстарға  кілтектік  және  оймакілтектікпен  қосылыстар 

жатады. 


Ажыратылмайтын  қосылыстарда  оның  құрамдас  бөліктерін  бүлдірмей 

ажырату  мүмкін  емес.  Оның  мысалдары  ретінде  пісіру,  дәнекерлеу, 

желімдеу, шегендеу және т.б. келтіруге болады.  

Тетіктер  қосылысын  қарастырған  кезде  сызбаларда  олардың  әр  түрлі: 

толық, 

оңайлатылған 

және 

шартты 


кескіндері 

пайдалынады, 

жекелегенжағдайларда  қосымша  шартты  кескіндері  пайдалынады,  жеклеген 

жағдайларда қосымша шартты белгілеулерін атауға болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет