Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 Қазақстандық қоғамның саяси мəдениеті



Pdf көрінісі
бет33/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84
Байланысты:
tursumbaev
tursumbaev
10.3 Қазақстандық қоғамның саяси мəдениеті
Қазақстанның, қазақстандық  қоғамның  саяси  мəдениеті  бүгінгі  күні
қоғамдық  тұрмыстағы  адамдардың  мінез-құлықтары  мен  санасындағы  шұбар
ала, үзік-үзік суретті елестетеді.
Қазақстанның  қазіргі  кездегі  саяси  мəдениетін саяси  мəдениеттің  қандай
түріне жатқызуға болады?
Бұрын  Қазақстанның  саяси  мəдениетінің  үлгісі  тоталитарлық  болған,
онда  халықтың  басым  бөлігі  бағынушы  ролінде, яғни  билік  пен  билік
институттарының  артынан  көзсіз  еретін. Қазақстан  демократиялық  өзгеру
процесіне  енгеннен  кейін, яғни  өтпелі  кезеңде, мақсаты  ретінде  нарықтық
экономика, қоғамдық 
өмірдің 
барлық 
жағын 
демократияландыру
жарияланғанда, саяси  мəдениеттің  тоталитарлық  үлгіден  демократиялыққа
трансформациялануы  заңды  болатын. Дегенмен  үміт  ақталмады, оған  бүгінгі
саяси  шындық  куə. Қазақстандық  саясаттанушылардың  айтуынша, шынайы
демократия еліміздің өтпелі кезеңінің алыстағы мақсаты болып табылады.
Егемендігін  алып, құрылымдық  трансформация  жүргізе  отырып,
қазақстандық қоғам əлі де кеңестік шақтың қалдықтарынан толығымен арылған
жоқ.
Қазақстандық  қоғамның  саяси  мəдениетінде  өткен  ғасырдың 90-шы
жылдардың  соңынан  патриархалдандыру  тенденциясының  артуы  байқалады,
бұл  тек  Қазақстанға  ғана  тəн  емес. «Xалық  саясаттан  шаршады» деген  тезис
қарапайым  адамдардың  жеке  өмірлерімен  кетуі  туралы  сұраққа  жауап  тəрізді.
Саясаттан  шаршау  адамдардың  материалдық  жағдайларының  жақсаруын  күту
мен үміттерінің ақталмауының салдары болып табылады.
Жалпы  алғанда  қазақстандық  қоғамның  саяси  мəдениетіне  мынадай
ерекшеліктер тəн:
а) ұжымдық немесе рулық моральдің нормаларына бағдарлану;
б) саяси  жəне  басқа  да  мəселелердегі  идеологияландыру (көбінесе  бұл
өткеннің қалдығы);
в) саяси лояльдік жəне биллікке бағынышты қатынас;
г) құқықтық нигилизм жəне құқықтық сананың жоғары емес деңгейі;
д) саяси конформизмге бейімділік (нақты саяси тəртіпке бейімділік);
е) саяси білім мен тəжірибенің жетіспеуі.
Осылайша, Қазақстанның  саяси  мəдениеті  тоталитарлық  саяси  мəдениет
пен авторитарлықтың арасындағы аралық типті білдіреді.
Біздің  қоғамның  саяси  мəдениетін  демократияландыру  бəрінен  бұрын
тұлғаның  азаматтық  мəртебесін  шынайы  өзгерту, билік  механизмдерін  жасау
жолымен ғана мүмкін болады.


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет