Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 ТАҚЫРЫП. САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет36/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
Байланысты:
tursumbaev
tursumbaev
12 ТАҚЫРЫП. САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
12.1 «Саяси технологиялар» ұғымы: мəні, мазмұны, элементтері
12.2 Саяси технологиялар типологиясы
12.3 Саяси жарнама жəне маркетинг
12.1 «Саяси технологиялар» ұғымы: мəні, мазмұны, элементтері
Технология деп қатаң үйлестірілген элементтердің жүйесі түсіндіріледі:
- мақсаттары, процедуралары (ережелер), құралдар, операциялар
(əрекеттер), түрткілер (ниеттер, ынталандырулар);
- өнім немесе қызмет түріндегі қалаған нəтижеге қол жеткізу үшін шығыс
материалдарының, мейлі  ол  адамдар, ақпарат  немесе  физикалық  материал
болсын, кез келген жаңаруы;
- адамның  іс-əрекетінің  түрлері, əдістері, құралдары, тəсілдері  жəне
оларды  тұрмыста, өндірісте, медицинада, басқаруда  қолдану  туралы  білімдер
жүйесі.
Саяси  технологиялар  деп  саяси  мəселелерді  шешудің  белгілі  бір
əдістерін, саясатты  өндіру  əдістерін, оларды  тарату  жолдарын, тəжірибелік
саяси іс-əрекетті жүзеге асыру түрлерін айтамыз.
Саяси іс-əрекеттер технологиясы - ол белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу
үшін  саясат  нысанына  ықпал  етудің  əдістері  мен  тəсілдерінің  кешенді жүйесі.
«Саяси технологиялар» жəне «саясаттағы технология» ұғымдарының ара жігін
ажыратып  алған  жөн. Соңғы  ұғым  тек  саяси  компоненттерді  ғана  емес,
сонымен қатар алға  қойылған саяси мақсаттарға  қол жеткізуге бағытталған іс-
əрекеттердің  ұйымдастырушылық, дипломатиялық, əскери, қаржылық,
ақпараттық, психологиялық, компьютерлік жəне т.б. əдістерін қамтиды.
Əлемдегі  мемлекеттер  тарихы  көрсетіп  отырғандай, билікке  қол  жеткізу
мен  оны  ұстап  түрудағы  əмбебап  құралдардың  қатарында  күштеу  саяси
технологиялары (қорқыныш, күштеу) басым  болып  отыр  жəне  К. Маркстің
сөздерімен айтқанда, «тарихтың кіндік шешесі» болып отыр.
Қазіргі  жағдайда  саяси  технологиялардың сапалы  өзгерістері  байқалады.
Тоталитаризм  мен  авторитаризмнен  арыла  отырып, саяси  өмірдің
демократиялық  нормаларын  меңгере  келе, қоғам  нағыз  демократиялық
өзгерістерге əкелетін саяси іс-əрекеттердің əдістерін түсінуге жақындап қалды.
Саяси технологиялар саяси тəжірибеге теориялық саяси білімді тасымалдайтын
құралдар  ретінде  болады. Олар  саясатты  жүзеге  асырудың  əдіс-тəсілдерін,
мақсаттарын 
анықтаудағы 
саяси 
тенденциялардың, заңдылықтардың,
нормалардың, факторлардың барлық көптүрлілігін қолданады.
Саяси  технологиялардың  көрнекті  мысалы  болып  бірегей  саяси  билікті
бөлудің  технологиясы  табылады. Бұл  технология  демократиялық  қоғамдағы
билікті  оның  қандай  да  бір  адамның  немесе  саяси  ұйымның  узурпациясынан
(озбырлықпен  басып  алудан, тартып  алудан, билікті  заңсыз  басып  алу  не


91
біреудің  бірдеңеге  құқығын  иемденіп  алудан) қорғанысты  қамтамасыз  етеді.
Оның мəні биліктің үш негізгі  тармағының, яғни заң шығару, атқару жəне сот
билігінің құзырын шектеуде.
Осылайша, саяси  технологиялар - олар  саясат  саласында  қалаған
нəтижелерге  қол  жеткізу  мен  саяси  процестің  тиімділігін  жоғарылатуға
бағытталған  саяси  жүйелердің  қызметтерін  жүзеге  асырудың  неғұрлым
мақсатқа  сай, ойға  қонымды  процедуралардың, əдістердің, тəсілдердің
жиынтығы.
Саяси  технологиялардың  құрылымына  үш  негізгі  құраушылар  кіреді:
арнаулы  ерекше  білімдер; əрекеттердің  нақты  тəсілдері, процедуралары  мен
əдістемесі; сондай-ақ түрлі техникалық-ресурстық құраушылары.
Сол  немесе  басқа  да  тəсілдер  мен  процедураларды  қолдану  объективті
жəне  субъективті  факторларға  тікелей  тəуелді: атқарушы  субъектілердің
жағдайына, міндет шешіліп жатқан нақты жағдайларға, əлеуметтік қабаттардың
ақыл-ой шабытына, саяси мəдениет деңгейіне.
Іс-əрекеттердің нақты əдіс-тəсілдері  саяси  технологиялардың  мазмұнына
ықпал  ететін  кез  келген  қорлардың, мамандық  құрылымдардың, əрекет  етуші
тұлғалардың техникалық жабдықталуына тікелей тəуелді.
Саяси  технологиялар  екі  құраушының, яғни  қойылған  мақсатқа  қол
жеткізудегі  стратегиялар  мен  тактикалардың  диалектикасымен  əдістемелік
тұрғыдан  бөлінген. Аталған  саяси  технологиялардың  қайсысын  қолдану  саяси
басқару тиімділігін, саяси процестерді реттеуді, саяси жүйенің жəне бүкіл саяси
кеңістіктің  тұрақтылығын  анықтайды. Саяси  технологиялар  қоғамдық  даму
түрімен (онда  эволюциялық  немесе  төңкерістік  процестердің  басымдығымен),
тəртіп сипатымен «демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық) анықталады.
Заманауи  саяси  іс-əрекетте  келесі  технологиялар  күннен  күнге  даму
үстінде:
- əлеуметтік серіктестік;
- лоббистік іс-əрекет;
- саяси  шешімдерді  қабылдау  жəне  жүзеге  асыру; саяси  шиеленістерді
шешу;
- «паблик рилейшнз»;
- сайлаушы;
- саяси басқару;
- айла-шарғы;
- имиджді қалыптастыру;
- саяси тəуекелдің оптимизациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет