Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР



Pdf көрінісі
бет39/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84
Байланысты:
tursumbaev
tursumbaev
13 ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
13.1 Əлемдік саясат жəне халықаралық қатынастар ұғымы
13.2 Дүниежүзілік қауымдастықтың жаһандық мəселелері
13.3 Қазақстанның сыртқы саяси бағдарлары
13.1 Əлемдік саясат жəне халықаралық қатынастар ұғымы
Əлемдік  саяси  процестердің  жиынтығы  ретіндегі  барлық  жер  шары
адамзаттық дамуының қазіргі замандағы жағдайында халықаралық қатынастар
саясаттануы бірінші кезекке келесі мəселелерді шығарады:
а) халықаралық қатынастар жүйесі жəне оның генезисі ұғымдары;
б) дүниежүзілік  саясат  пен  халықаралық  құқықты  қалыптастырудағы
кластық жəне ұлттық қызығушылықтардың рөлі;
в) дүниежүзілік əлеуметтік прогресс;
г) қазіргі замандағы жаһандық мəселелер жəне оларды шешу жолдары;
д) халықаралық қатынастарды демократияландыру.
Халықаралық  қатынастар  халықтар, мемлекеттер  жəне  мемлекеттер
жүйесі  арасындағы  байланыстар  мен  өзара  байланыстар  жиынтығымен
сипатталады.
Халықаралық қатынастар дегеніміз дүниежүзілік қоғамның барлық негізгі
субъектілері  арасындағы  саяси, шаруашылықтық-экономикалық, ғылыми-
техникалық, қаржылық-валюталық, əлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық,
гуманитарлық жəне коммуникациялық байланыстар мен қарым-қатынастардың
жүйелік жиынтығы.
Халықаралық  қатынастардың  негізгі  субъектілері  ретінде  мемлекет  пен
халықаралық  ұйымдар  көрінеді. Олардың  басты  айырмашылығы  болып
егемендік (мемлекет) жəне  егемендіктің  болмауы (халықаралық  ұйымдар,
қозғалыстар  жəне  т.б.) табылады. Мемлекеттер  егеменді  субъектілер  ретінде
халықаралық  өмірге  ықпал  етудің  егізгі  құралдарын  өз  қолына  жинақтаған
алпауыт  жəне  ұйымдасқан  болып  келеді. Мемлекеттер  ұйымдасқан  түрде
əлемдік 
саяси 
процесс 
шеңберіндегі 
халықтар 
мен 
ұлттардың
қызығушылықтарын білдіретін əлеуметтік институт болып табылады.
Саяси 
ғылымда «халықаралық 
қатынастар», «сыртқысаясат»,
«дүниежүзілік саясат» ұғымдары қолданылады.
Сыртқы  саясат  жекелеген  мемлекеттердің  халықаралық  аренадағы  іс-
əрекеттері ретінде қарастырылады, ал халықаралық қатынастар барлық сыртқы
саясаттардың белгілі бір жиынтығы ретінде болады. Солары əрбір мемлекеттің
салымы, қосқан үлесі тек бір ғана оның сыртқы саяси жағдайларына ғана емес,
басқа  мемлекеттердің  өзара  əрекеттері  мен  қарама-қарсы  əрекеттерінің
нəтижелеріне тəуелді болатын жүйені түзеді. Əр мемлекет сол немесе басқа да
сыртқы  саясатты  жүргізеді, дегенмен  олардың  барлығы  дерлік  халықаралық
қатынастар  сипатына  ықпал  ете  алмайды. Ол  дəрежесі  жаңа  жағдайлардың,


97
шарттардың  пайда  болуына  байланысты  өзгере  алатын  түрлі  факторлардың
үйлесуіне тəуелді. Халықаралық қатынастар жекелеген мемлекеттердің сыртқы
саяси  позициялары  мен  əрекеттерінің, олардың  қарым-қатынастары  мен
мəселелерінің қарапайым жинағы емес, белгілі бір объективті жəне субъективті
факторлармен бөлінген динамикалық дамушы жүйесі.
Халықаралық  қатынастар  мен  мемлекеттің  ішкі  саясаты  өзара
ықпалдастықта  болады. Бір  жағынан  халықаралық  қатынастар  көбінесе  сол
немесе басқа тарихи кезеңдегі жетекші державалардың ішкі саясатын көрсетеді,
ал басқа  жағынан - кез келген мемлекет өзара қатынастың  қалыптасып қалған
əлемдік  болмыстарды, халықаралық  құқықтың  нормалары  мен  принциптерін,
«əлемдік  саяси  ойынның  ережелерін» ескеруге  мəжбүр. Сөз  сыртқы
факторлардың  кез  келген  елдің  ішіндегі  қатынастарға  артып  отырған
ықпалында  болып  отыр. Бұл  экологиялық  жəне  шикізат  мəселесінің
ушығуынан, əлеуметтік  теңдіктің  бұзылуынан, əлемнің  түрлі  аймағындағы
салмақты  қақтығыстардан, дүниежүзілік  қауымдастықтың  əлсіз  дамыған
елдердің  кедейшілік  жағдайларына  жауаптылығының  артуынан, ең  бастысы
мемлекеттердің (дүниежүзілік  қауымдастыққа  мүше) өзара  тəуелділігінің
артуынан туындап отыр.
Қазіргі  кездегі  халықаралық  қатынастар  сипаттамасынан  нені  ескеруіміз
қажет?
Біріншіден, ХХ  ғасырдың 90-шы  жылдары  түбегейлі  өзгерістер  орын
алды: КСРО-ның, социализмнің  əлемдік  жүйесінің  ыдырауы, Варшавалық
Келісім  мен  Экономикалық  Өзара  Көмек  Кеңесінің  тарауы,«суық  соғыстың»
аяқталуы, посткеңестік  кеңістікте  жаңа  жас  ұлттық  мемлекеттердің  пайда
болуы жəне т.б.
Екіншіден, НАТО-ның Шығысқа ықпалының кеңею процесі жүріп жатыр.
АҚШ  пен  НАТО-ның  Югославияға  қатысты  саясаты - ашық  əскери  əрекетке
барған жағдайлар НАТО-ның БҰҰ Жарғысын бұзғандығына дəлел.
Үшіншіден, Ресей мен Чечня арасындағы қақтығыс.
Төртіншіден, адамзатты күтіп тұрған жаһандық мəселелер.
Осы  шешімнің  дұрыс  жолдарын  талап  ететін, аталған  мəселелер  мен
міндеттердің  тізімі  заманауи  халықаралық  қатынастар  тəжірибесінде  түрлі
векторларға  ие белгілі  бір заңдылықтардың  бар  екендігін көрсетеді. Ғалымдар
ұлттық  қауымдастықтар  дүниежүзілік  аренада  өздерін  тең  құқылы  субъект
ретінде  білдіріп  жатқанда, халықаралық  қатынастарға  қатысушылардың
мемлекеттілігі мен егемендігін неғұрлым тарату тенденциясын баса айтуда. Бір
уақытта  халықаралық  қатынастардың  қатысушыларының  артып  келе  жатқан
санын 
интеграциялауды, кең  саяси, əлеуметтік-экономикалық  жəне
гуманитарлық  ынтымақтастықтың  институционалдық  формаларын  күшейтуді
нығайту тенденциясы əрекет етеді. Халықаралық қатынастар бүгінгі күні жаңа
қауымдастықтың 
қалыптасу 
процесі 
диалектикалық 
тұрғыда 
өзара
қызығушылықтар  сияқты, түрлі  мемлекеттердің  қарсы  күресі  мен
бəсекелестігін  де  ескеру  негізінде  ынтымақтастықтың  кеңеюін  біріктірген
кездегі өтпелі жағдай тұрғысынан сипатталады.
Осылайша, халықаралық  қатынастар  ішкі  жəне  сыртқы  саясат


98
принциптері  жүзеге  асатын, мемлекеттер  арасындағы, мемлекеттік  ұйымдар
арасындағы, партиялар, түрлі мемлекеттердің жекелеген тұлғалары арасындағы
интеграциялық байланыстардың жиынтығы ретіндегі орта болып саналады.
Халықаралық (əлемдік) саясат  дегеніміз  соғыс  пен  бейбітшілік, ортақ
қауіпсіздік, жаһандық, аймақтық жəне ұлттық қақтығыстарды реттеу, қоршаған
ортаны  қорғау, бүкіл  адамзаттық  тірі  қалуы, артта  қалушылық  пен
кедейшілікті, аштық  пен ауруды жеңу, əлемде  əділетті тəртіпті  орнату  сияқты
мəселелерді  шешуге  жəне  адамдардың  қызығушылықтарына  байланысты
халықаралық құқық субъектілерінің мақсатқа бағытталған саяси  іс-əрекеттерін
білдіреді.
Саясаттың халықаралық қатынастардағы жетекші ролі мыналарға шартты
негізделген:
а) дүниежүзілік  саясат  субъектілері  барлық  қоршаған  əлемге  ықпал  ете
алатын керемет мүмкіндіктер мен қорларға ие, олар саяси тəрізді, саяси емес те
халықаралық процестерді басқарудың күшті тетігіне ие;
б) халықаралық 
қатынастар 
жаһанданудың 
нақты 
көрінетін
тенденциясына  ие, ол  реттеуші  халықаралық  саяси  механизмдерді  жетілдіруді
талап етеді.
в) заманауи  ядролық  кезең  адамзаттың  қауіпсіздік  жəне  өмір  сүру
проблемаларын  ерекше  орынға  қояды, ол  əлемдік  саясаттың  басты  бағытын
анықтайды;
г) заманауи  əлем  бір  уақытта  қарама-қайшы  жəне  бірлікте, өзара
байланысты жəне өзара тəуелді.
б) дамушы  елдерде (Азия, Африка, Латын  Америкасы) қарама  қарсы
процесс  байқалады - демографиялық жарылыс, ол бір  жағынан, жұмыс  күшін,
еңбек  ресурсының  артуын  қамтамасыз  етсе, екінші  жағынан, экономикалық
артта  қалушылықты  жеңу  үшін  күрестегі  қосымша  қиындықтарды  тудырады,
көптеген  əлеуметтік  мəселелерді  шешуді  қиындатады (жұмыссыздық,
зейнеткерлікпен  қамтау, сауатсыздық  жəне  т.б.). Мазалайтын  басты  мəселе
демографиялық  жарылыс  емес, дамушы  елдерде  сақталып  қалған  қолайсыз
əлеуметтік-экономикалық  жағдайлар, артта  қалушылықты  жеңбей  жатып,
халық  санының  артуы  оларды  одан  да  үлкен  қайыршылыққа, кедейліктің
артуына əкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет