Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 Дүниежүзілік қауымдастықтың жаһандық мəселелері



Pdf көрінісі
бет40/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Байланысты:
tursumbaev
tursumbaev
13.2 Дүниежүзілік қауымдастықтың жаһандық мəселелері
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында  ғылымда  глобалистика  деген  бағыт
пайда болды.
Əдебиетте  жаһандық  мəселелердің  бірнеше  негізгі  топтарын  бөліп
көрсетеді:
а) халықаралық əлеуметтік-саяси мəселелер ядролық  соғыстардың  алдын
алу, қарулы 
күштер 
жарысының 
деңгейін 
төмендету, аймақтық,
мемлекетаралық  шиеленістерді  реттеу, барлығына  ортақ  қауіпсіздік  жүйесін
нығайту негізінде зорлық - зомбылықсыз əлемді қалыптастыру;


99
б) халықаралық 
əлеуметтік-экономикалық 
жəне 
экологиялық
проблемалар: дамушы  елдердің  артта  қалуын  жеңу (аштық, қайыршылық,
сауатсыздық), энергетикалық, шикізаттық, азық- түліктік дағдарыстарды шешу,
демографиялық  жағдайларды  оптимизациялау, өндірістің  экологиялық
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету, космос  пен  Əлемдік  мүхитты  бейбіт  мақсатта
игеру;
в) адамның мəселелері: негізгі құқықтар мен еріктерді сақтау, адамзаттың
тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық қатынастарды
демократияландыру, адамның  саясат  пен  халықаралық  қатынастардан
шеттетілуінен арылу.
Өзіндік сипаты бойынша жаһандық мəселелер əр түрлі, дегенмен олардың
бəрі адамзаттың географиялық бірлігі мен тіршілік етуі қағидасына тəуелді.
Қазіргі  кездегі  жаһандық  мəселелердің  пайда  болу  себептері  қандай?
Оларды азайту факторлары қандай?
Біріншіден, ол əлемде орын алған ғылыми-техникалық төңкеріс.
Екіншіден, ғылыми-техникалық төңкеріс елдердің индустриялық дамуын
тездеткен ірі əлеуметтік өзгерістермен, қоғамдық прогреспен сəйкес келді.
Үшіншіден, қоғамдық  дамуды, бəрінен  бұрын  энергияның, электрдің,
атом  энергиясының  жаңа  түрлерін, космосты, Əлемдік  мұхиттың  құпияларын
жəне  оның  байлықтарын  қолдануды  игеруге  əкелетін  өндірістік  күштерді
дамытуды жеделдету.
Жаһандық мəселелерге мыналар жатады:
1. Бейбітшілік жəне қарусыздандыру, жаңа дүниежүзілік соғыстың алдын
алу проблемасы.
2. Демографиялық  мəселе. Қазіргі  кезде 5 млрд. аса  адам  бар  екен. БҰҰ
болжамы бойынша 2050 жылға қарай 10 млрд. жетеді.
Демографиялық мəселе екі қарама-қарсы аспект ретінде көрінеді:
а) бірқатар  дамыған  елдерде  демографиялық  дағдарыс  байқалады, ол
халықтың  санының  азаюына  əкелуде. Демограф  ғалымдардың  пікірінше, бұл
процесс депопуляция деп аталады;
Азық-түлік  мəселесі. Азық-түлік  мəселесінің  мəні  тамақ  өнімдерін
өндірудің  жеткіліксіздігінде  емес, азық-түлік  өндірісінің  географиясы  мен
оларды тұтыну географиясының сəйкес келмеуінде
Энергетикалық жəне шикізат мəселесі.
Ол  жер  шарындағы  маңызды  органикалық  жəне  минералды-шикізаттық
ресурстардың шектелуімен байланысты. Соңғы кездері ғалымдар дүниежүзілік
қауымдастықты  қолданыста  белгілі  жəне  қолжетімді  мұнай  мен  газ  қорының
таусылу мүмкіндігі жайлы, сонымен бірге басқа да жер ресурстарының - темір
жəне  мыс  рудаларының, никельдің, марганецтің, алюминийдің, хромның жəне
т.б. азайып  бара  жатқандығы  жөнінде  жиі  ескертеді. Əлемде  шикізаттың
шығатын  жерінің  өнімділігі  төмен  немесе  күрделі  табиғи  жағдайда  қиын
жерлерден  алуға  өтудің  тенденциясы  байқалады, ол  шикізатты  қатты
қымбаттатады. Мұның барлығы қорды жинақтау саясатын дайындау мен екінші
қосымша шикізатты қолданудың қажеттілігіне əкеледі.
Дүниежүзілік  мұхит  мəселесі. Бұл  Мұхиттың  қатерлі  ластану, оның


100
биологиялық  өнімділігінің  төмендеуі, бай  минералды  жəне  энергетикалық
ресурстарды игеру, ресурстарды əділ бөлу, тарату мəселелері.
Дүниежүзілік 
қауымдастықтың 
жаһандық 
мəселелерін 
шешу
халықаралық  ынтымақтастықты  талап  етеді. Жаһандық  мəселелерді  шешу
бойынша
іс-əрекеттер
ұлттық
қызығушылықтарды
əлемдікпен
«қанаттастыруға» тура  келіп  отырған  кезде, дүниежүзілік  саясаттың  барлық
субъектілері арасындағы өзара əрекет пен күрестің қиын жағдайларында жүзеге
асырылып  жатыр. Осыған  орай  жаһандық  сипаттағы  түрлі  мəселелерді  шешу
жолында нəтиженің түрлі деңгейіне қол жетті. Жетістіктің біразы дүниежүзілік
соғыс  қаупін  төмендету  мəселесін  шешудегі  қол  жеткізгендері, себебі  мұнда
барлық  мемлекеттердің  базалық  ұлттық  қызығушылықтары  сəйкес  келеді. Өз
кезегінде  ғаламшардағы  бейбітшілікті  нығайту  басқа  жаһандық  мəселелерді
шешуге атсалысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет