108
Диктатор
− заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз
билеп төстеуші.
Диктатура
– қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз
мемлекеттік билік. Ол көбінесе əлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси
күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен
келгенде жəне т.с.с. пайда болады.
Дипломатия
– үкіметтің халықаралық саясаты жөніндегі іс-əрекеті
Директива
– жоғары органдардың төменгі
басшыларға берген ұйғарымы,
жарлығы.
Дискриминация
– нəсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына
жəне т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау
құқығынан айыру, азаматтықты бермеу, жұмысқа қабылдамау не шығару т.т.
Диссидент
– үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам.
70-жылдарда КСРО-да қоғам өмірінің əр түрлі, қарсы шыққан адамдарын
айтады.
Догматизм
– нақтылы жағдайда өмір жəне тəжірибелік жаңалық,
жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау,
дүние тану тəсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, əдіс-
тəсілдерді бұлжымайтындай көріп, ескірген ережелерді, қалыптасуды,
көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның əлеуметтік
– экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына
кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына əкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: