118
қоғамдық пікір тудыру арқылы билеуші партияға ықпал жасауға тырысқан
партиялар. Олар басқарушы партияның саясатына сын көзбен қарайды.
Охлократия
- қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік
мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр
билігі.
Ө
Өктемшілдік
- жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке
сүйенетін мемлекеттік-саяси тəртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.
Парламент болғанымен ол кеңесті органға айналады. Тоталитарлық тəртіппен
салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды жəне
экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тəртіптің басқа белгілері
негізінен сақталады. Ол көбінесе саяси жағдайға белсене араласатын əскер
күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Өркениеттілік
- 1) қоғамның, адамзаттың материалдық жəне рухани
даму деңгейі. 2) мəдениеттің синонимі 3) Л. Морган, Ф. Энгельстердің
көрсетуінше, қоғам дамуына варварлықтан кейінгі сатысы.
Өкіметті бөлу
- өкіметті іске асыру принципі мен механизмі. Соның
негізінде уəкілеттілік пен функцияны дифференциалдауды қамтамасыз ету,
саяси институттарды үйлестіру, кооперациялау жəне оптималды үйлестіру.
Достарыңызбен бөлісу: