6 ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТ САЯСИ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
6.1 Мемлекет ұғымы, мəні, қызметтері
6.2 Мемлекет жəне азаматтық қоғам
6.3 Мемлекеттердің жіктелуі
6.1 Мемлекет ұғымы, мəні, қызметтері
Мемлекет - адамдардың, қоғамдық топтардың, кластардың жəне
ассоциациалардың біріккен əрекеттері мен қарым-қатынастарын бақылап жəне
бағыт беріп отыратын қоғамның саяси жүйесінің институты. Мемлекет
қоғамдағы биліктің орталық институты ретінде болады, ол осы билік арқылы
саясатты жүзеге асырады.
Саяси ғылымда мемлекет оны түсінудің үш тəсілінің арақатынасы
арқылы қарастырылады:
а) саяси-философиялық. Мемлекет «ортақ істерді» шешу жəне билік пен
қоғамның қатынастарын реттеу құралы ретінде, сонымен қатар халық пен
адамның саяси өмірін қамтамасыз ететін құрал ретінде түсіндіріледі;
б) кластық. Мемлекет қоғамның кластарға бөлінуінің нəтижесі
(марксистік тəсіл). Классикалық анықтама (В. Ленин бойынша) мемлекетті «бір
кластың басқа бағынушы кластарды қол астында ұстайтын, бір кластың
басқасына үстемдік етуіне мүмкіндік беретін машина» ретінде түсіндіреді;
в) құқықтық жəне ұйымдастырушы-құрылымдық тəсіл бойынша
мемлекет «құқықтық мемлекет» ретінде, қоғам өмірін жəне мемлекеттің өзінің
əрекеті мен оның саяси жəне қоғамдық қатынастар жүйесіндегі құрылымын
ұйымдастыратын құқық пен заң бастауы.
Мемлекеттің белгілері:
а) қоғамнан бөлініп шыққан жəне басқару мен мəжбүрлеумекемелерінде
(шенеуніктер,əскер, полиция жəне т.б.) материалданған жария биліктің болуы;
б) мемлекеттік саясатты материалдық қамтамасыз ету, экономикалық,
əлеуметтік, мəдени жаңаруларды жүргізу, мемлекеттік аппаратты ұстау үшін
қажетті салық жүйесі;
в) территория. Мемлекет өз территориясында тұратын барлық халықты
өзінің билігі мен қорғауы арқылы біріктіреді;
г) егемендіктің болуы жəне халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік;
д) құқық. Құқық мемлекеттік билікті заңды түрде рəсімдейді, осылайша
оған легальдік береді, мемлекеттің қызметін жүзеге асырудың заңды шегі мен
формасын анықтайды;
е) физикалық мəжбүрлеуді, күшті заңды қолдануға монополия (жоғарғы
құндылық болып табылатын өмірден, еркіндіктен азаматтарды айыру
мүмкіндігі).
Мемлекеттің мəні бастапқы мəселелерді, мемлекеттердің, саяси жүйенің
жəне қоғамның арақатынасын, яғни мемлекет пен қоғамның бірлігі, басқару
61
күші, мемлекеттің шығуы, оның дамуының шарттары мен бағыттары
мəселелерін шешуді синтездеуден көрінеді.
Бір шешімі - мемлекет пен қоғам бір бүтінді құрайды, ал мемлекет
қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығын қамтиды. Мемлекет бұл
жағдайда унитарлы, яғни біртұтас, ол қоғамды біріктіреді. Бұл мағынада
«ресейлік (американдық, француз жəне т.б.) мемлекет», яғни билік, халық, ел,
олардың территориясы, шекарасы туралы айтуға болады.
Басқа шешімі - мемлекетті қоғамда таралған жəне оған ерекше əлеуметтік
институт ретінде қосылған саяси жүйенің орталығы ретінде мойындау. Қоғам
өз дамуында мемлекетке тəуелсіз.
Мемлекеттің қызметтері: ұйымдастырушы (басқару), үстемдік ету жəне
басып-жаншу, құқықтық жүйені жасау.
Ұйымдастырушы, басқарушы қызметтерінің мəніқоғамның тіршілік
əрекетінің сақталуында, «ортақ игілікке», бірлікке қол жеткізуде, тəртіпті
орнатуда, мемлекет пен халықтың, ұлттардың, этностардың өзара қарым-
қатынастарын реттеуде.
Үстемдік ету жəне басып-жаншу қызметі күрес құралы ретінде ғана емес,
сонымен қатар кластар мен мемлекет, кластар арасындағы қарым-
қатынастардағы қақтығыстардың бастауы ретінде болады.
«Құқықтық мемлекеттің» арнайы қызметі - нормалар мен заңдардың
негізінде қоғамдық қатынастардың көптүрлілігі шеңберінде мемлекет пен
қоғамның, мемлекеттік аппараттың жұмыстарын реттеу.
Кейбір əдебиеттерде мемлекеттің қызметтерінің неғұрлым нақтырақ
сипаттамасы беріледі, олар негізінен жоғарыда аталған қызметтерге ұқсас.
Қызметтерді ішкі жəне сыртқы деп бөледі. Мемлекеттің ішкі қызметіне
мыналар жатады:
а) экономикалық - экономикалық өсім түрткісін немесе санкцияны жүзеге
асыруды жасау арқылы, салықтық жəне несиелік саясаттың көмегімен
экономикалық процестерді ұйымдастырудан, үйлестіруден жəне реттеуден
көрінеді;
б) əлеуметтік - адамдардың жұмысқа, баспанаға деген жəне денсаулығын
сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыруда, əлеуметтік кепілдікті, сақтандыруды
беруде көрінеді.
в) құқықтық - қоғамдық қатынастарды жəне азаматардың мінез-құлқын
реттейтін құқықтық нормаларды қалыптастыруға, құқықтық тəртіпті
қамтамасыз етуге бағытталған;
г) мəдени-тəрбиелік - тұрғындардың
мəдени
қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған;
д) саяси - саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуден, биліктік құзырларды
жүзеге асырудан, саяси бағытты дайындаудан көрінеді;
е) экологиялық - табиғатты тиімді пайдаланудың құқықтық тəртібін
қалыптастырудан, қалыпты, салауатты қоршаған ортаны қамтамасыз етуден
көрінеді.
Сыртқы қызметтер, бəрінен бұрын, экономикалық, əлеуметтік,
технологиялық, ақпараттық, мəдени, сауда
аумақтарында
басқа
62
мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаларына бағынады.
Осылайша, мемлекетті саяси институт ретінде зерттеу мемлекеттің саяси
жүйедегі белгілі бір рөлді атқаратынын көрсетеді, себебі оған саяси жүйенің
тиімділігі тəуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |