Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 Саяси жүйелердің қызметтері жəне типологиясы



Pdf көрінісі
бет18/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

5.2 Саяси жүйелердің қызметтері жəне типологиясы
Саяси жүйенің міндеттері:
а) əлеуметтік  қызығушылықтар  мен  үстемдік  ететін  институттардың
өзара əрекетін орталықтандыру;
б) қоғам  мүшелерінің  қызығушылықтарын  тасымалдау  жəне  оларды
қоғамдастық қызығушылықтарымен келістіру;
в) саяси жетекшілік;
г) қоғамның бүтіндігін сақтау үшін қоғамның саяси күштерін біріктіру;
д) қоғамда  қабылданған  жəне  басым  идеалдарға  бағытталған  саяси
қатынастардың белсенді қатысушыларының əлеуметтік базаларын кеңейту;


56
Саяси жүйенің басты қызметтері:
а) қоғамның даму бағдарламасын, мақсатын анықтау;
б) алға қойған мақсаттарға жету үшін ресурстарды мобилизациялау;
в) ортақ  мақсаттар  мен  құндылықтарды  насихаттау  арқылы  қоғамның
барлық элементтерін біріктіру;
г) индивидтерді  саяси  əлеуметтендіру; қоғамның  барлық  мүшелерін
қатысуға тарту;
д) олардың қызығушылықтарын артикуляциялау;
е) нормаларды (заңдарды) дайындау; оларды  орындау  мен  сақтауды
қадағалау;
Саяси 
жүйелердің 
жіктелуі. Түріне 
қарай 
қоғам 
дəстүрлі,
модернизацияланған  жəне  тоталитарлық  болып  бөлінеді (Р. Арон, У. Ростоу
жəне т.б.). Ортамен өзара əрекеті бойынша - ашық жəне жабық болып бөлінеді.
Саяси  мəдениеті  бойынша  жəне  оның  билікті  ұйымдастыру
формаларында  көрінуіне  орай - ағылшын-американдық, континенталды-
европалық, индустрияға  дейінгі  жəне  жартылай  индустриалды, тоталитарлық
болып  бөлінеді (Г. Алмонд). Саяси  тəртіп  бойынша - тоталитарлық,
авторитарлық, демократиялық (тəжірибеде  бірде  бір  тəртіп  таза  күйінде
болмайды).
Саяси жүйенің демократиялық түрі мыналармен сипатталады:
а) саяси  əрекетке  қатысушылардың  əлеуметтік  базаларын  кеңейтумен,
олардың құқығы мен еркін қамтамасыз етумен, жоғарғы өмір сүру деңгейімен,
орта кластың басым рөлімен;
б) саяси  бəсекелестікпен, саясатқа  қатысудың  жарыстық  түрімен  жəне
басқарудың  көп  партиялық  түрімен, билікті  жүзеге  асыруда  биліктің
институттарының жəне көптеген адамдардың қатысуымен;
в) халық еркін парламент арқылы білдірумен, заң шығару органдарының
сайлануымен жəне олардың төмен жақтан жоғарыға дейін есеп беруімен;
г) азшылықтың  құқығы  мен  қызығушылықтарын  сыйлай  отырып, саяси
шешімдерді көпшіліктің қабылдауымен;
д) дамыған  азаматтық  қоғаммен, бұқаралық  қоғамдық  бірлестіктер  мен
одақтардың құрылуымен;
е) демократиялық саяси мəдениетімен, пікірлердің, көзқарастардың алуан
түрлілігімен, ашықтығымен.
Саяси жүйенің тоталитарлы («totalis» - лат. «толық, барлық, бүтін») түрі
былайша сипатталады:
а) бір  көшбасшының  немесе  адамдардың  шағын  тобының (хунта)
қолында биліктің гиперорталықтануы;
б) билік  басында  бір  ғана  көшбасшысы  болатын, қатаң  тəртібі  бар
бірпартиялы негіздегі билік құрылымының механизмі;
в) барлық саяси институттар мен билік құрылымының басқарушы партия
мен оның көшбасшысына міндетті бағынуы;
г) барлық  қоғамдық  өмірді (экономика, мэдениет, білім, медицина  жəне
т.б.) бір  орталықтан  тотальді  бақылау, реттеу, плюрализмнің, оппозицияның
барлық түрлерін жою, азаматтардың жеке өміріне қол сүғу;


57
д) қоғамға  бір  ғана  ресми  идеологияны  мойындату, басқаша  ойлауды
жаншу, тотальді саяси бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензура;
е) əлеуметтік-саяси демагогия;
Саяси жүйенің авторитарлық түрі:
а) саяси  шешімдерді  қабылдаудың  бірегей  орталығында  саяси  биліктің
толықтығының концентрациясы;
б) орындаушы биліктің құзырының неғұрлым кеңеюі;
в) үкіметтік  емес  партиялар  мен  қозғалыстардың  шектелген  саяси
қатысуы;
г) билікті бақылаусыз  қолдану жəне халықтың барлық  қабатының мінез-
құлқын бақылау;
д) номенклатуралық  қағиданы  тарату, яғни  жоғарғы  билік еркі бойынша
барлық  деңгейдегі  басқарушы, жетекші  мамандарды  орналастыру  жəне
ауыстыру.
Жалпы алып қарастырғанда, саяси жүйенің авторитарлық түрінде атрибут
ретінде  биліктің  орталықтануы, оппозициялық  партиялар  мен  ұйымдардың  іс-
əрекетін шектеу, азаматтардың құқығы мен еркін шектеу болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет