Типтік арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 333 бұйрығы
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың оқуын ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырган Типтік арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламасы бекітілсін.
2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 8 шілдедегі № 333
бұйрығымен бекітілген
Арнайы білім беру бағдарламасы
Көмекші мектептерге арналған
Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арнайы білім беретін арнайы білім беру мекемелеріне арналған типтік оқу бағдарламалары 14 жинаққа топтастырылған.
Бұл жинаққа ақыл-ойы дамымаған балаларға арналған «Айналамен таныстыру», «Адам және қоғам», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және ақыл-ой дамуы орташа бұзылған балаларға арналған «Айналамен таныстыру» оқу бағдарламалары енген.
АЙНАЛАМЕН ТАНЫСТЫРУ
1-5 сыныптар
ТҮСІНІКТЕМЕ
Көмекші мектептің 2-бөлімінің бағдарламасы ақыл-ой дамуы орташа бұзылған балаларға арналған. Бұл санаттағы балалар клиникалық және психологилық жағынан әр тектес топты құрайды. Ақыл-ойы орташа деңгейде бұзылғанда бас миының дамымауына немесе оның органикалық жағынан дөрекі зақымдалуына байланысты биологиялық факторлардың маңызы үлкен. Осындай тұлғалардың психологиялық, сөйлеу тілі және қимыл-қозғалыс дамуларының қарқынының баяулығы байқалады. Олар өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш қабылдайды, қарапайым мектептік білімді де жаман меңгереді. Оларда қажетті тәртіп нормалары жаттығуларды қайта-қайта орындау үдерісінде қалыптасады. Ақыл-ойы орташа деңгейде бұзылған балаларда қоршаған орта туралы түсінік өте кедей, сондықтан «Айналамен таныстыру» бөлімі бойынша сабақтардың басты міндетіне балалардың табиғат туралы қарапайым түсінікті меңгеруі, олардың жақын қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін молайту және жүйелеу, сонымен бірге тәртіптің дұрыс нормаларын қалыптастыру жатады. Бағдарламада оқушылардың тірі және өлі табиғат туралы, жылдың әр түрлі мезгілдеріндегі адамдардың еңбектері туралы, жергілікті жерде өсетін кейбір өсімдіктер туралы, үй және жабайы жануарлар туралы бастапқы мәліметтерді хабарлау және табиғаттағы маусымдық құбылыстарды бақылауды ұйымдастыру қарастырылған.
Пәннің негізгі міндеттері:
қоршаған әлемде іс жүзінде бағдарлауға арналған қажетті икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру;
әлеуметтік дағдылар мен құзіреттілікті дамыту және қалыптастыру;
заттардың қолданыс түрін есепке ала отырып, олармен іс-әрекеттердің тәсілдерін қалыптастыру;
айналасындағы адамдармен сөйлеу тілінің және басқа да қызмет түрлерінің көмегімен түсінісе білу қабілетін қалыптастыру;
мәдени, әлеуметтік және қоғамда қабылданған ережеге қарай бейімдеу;
жақын арада орналасқан әлеуметтік-мәдени орталықтармен танысу мүмкіндігін тудыру және оқушыны онда әр түрлі рөлдерді орындауға дайындау;
табиғатты зерттеу мүмкіндігін тудыру және табиғатқа деген жауапты қатынасты қалыптастыру.
Мұғалім жоспарлаудан бастап, жұмыстың түрі мен әдісін өз бетімен таңдайды. Бұл жағдайда ол келесі дидактикалық қағидаларды пайдаланады:
баланың жан-жақты білімі және оған тиімді де, арнайы көмек көрсету;
педагогикалық тәсілдерді оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне және қоршаған орта жағдайына қарай бейімдеу;
әдістердің, дидактикалық құралдардың, жұмыс қарқынының даралығы;
оқытылатын материалдың қолжетімділігі;
қиындықтың біртіндеп өсуі;
үйрену-оқу үдерісіндегі баланың белсенді және саналы түрде қатысуы;
көрнекілік пен мысалдардың жан-жақтылығы;
интегралды әсер ету (ішкі және пәнаралық байланыстар, мамандардың өзара бірлесе іс-әрекет жасауы);
тұрақты жетістіктерді және оларды пайдалана білуді қалыптастыру (материалды қисынды орналастыру, алынған білім мен дағдыларды үнемі бекітіп отыру, оларды күнделікті өмірде қолдану).
Бағдарламаның оқу материалы ақыл-ойы орташа деңгейде бұзылған балаларда өмірде қажетті икемділіктерді және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Қоршаған ортада бағдарлау, көрсетілген санаттағы балалар үшін көкейкесті болып саналатын әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстың бір бағыты болып табылады. Оқыту практикалық түрде жүреді. Қалыптастырылатын икемділіктер қажеттіліктерді қанағаттандырумен және күнделікті өмірмен байланысты болады.
Берілген курстың басты міндеті – қоршаған шынайы орта заттарымен, құбылыстарымен танысу негізінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Сөйлеу тілінің реттеуіш, сол сияқты қатынас қызметі де дамиды. Балаларды айтылған сөзді түсінуге, қажетті нұсқауларды орындауға, өзінің іс-әрекетін мұғалімнің талабына бағындыруға үйретеді. Қатынас құралы ретінде сөйлеу тіліне үйрету, баланың ересек адамдармен, құрдастарымен қарым-қатынас жасай білуді қалыптастыруды көздейді. Мүмкіншілікке қарай сөйлеу тілінің лексикалық, синтаксистік жағы, ақыл-ойы орташа дамымаған балалардың байланыстырылған ауызекі сөйлеу тілі дамиды.
Сабақта сөйлеу тіліне ынталандыруды жоғарылатуға арналған жағдай тудыру, бірқатар әдістемелік тәсілдер мен жұмыс түрлерін пайдалануды талап етеді: заттармен орындалатын әр түрлі іс-әрекеттер, заттық-практикалық қызмет, сан алуан оқиғалы-рөлдік ойындарды өткізу, Табиғат күнтізбесімен және табиғатты бақылау күнделігімен жұмыс, бақылау негізіндегі жоспар бойынша, оқиғалы суреттер бойынша әңгіме құрау және т.б.
Ақыл-ойы дамымаған балалар мен жасөспірімдердің тәртібі көкейкесті проблема болып табылады. Ақыл-ойы орташа деңгейде бұзылған баланың тәртібінің бұзылуы көптеген жағдайда, төменгі сатыдағы қажеттіліктері басым болып, жоғарғы қажеттіліктер жүйесі (интеллектуалды, мораль-адмгершілік, этикалық) дамымаған немесе бұзылғанына байланысты болады. Ерік саласының және жоғарғы қажеттіліктерінің дамымауына байланысты төменгі сатыдағы қажеттіліктерін тежеу қиын болады. Сондықтан ақыл-ойы орташа дамымаған оқушыларда агрессия, бұзу, құрту іс-әрекеттері, қозу (қимыл-қозғалыс, сөйлеу тілдік), оқу немесе еңбек іс-әрекеттерінен бас тарту және т.б. жиі кездеседі.
Дамымаудың адам тәртібінің әлеуметтік сапасы тәуелді болатын психологиялық қызмет деңгейіне тигізетін әсерін ерекше көрсету керек. Ақыл-ойы дамымаған бала жиі жағдайда өзі отырған сыныптағы, балалар бөлмесіндегі немесе жасөспірімдер тобындағы жағдайды түсінбейді немесе жаман түсінеді, үнемі өзгеріп тұратын жағдайда өзін бұрынғы қалыптасқан түрде ұстайды. Бұндай тәртіп дұрыс болмай, баланың қоршағандармен арақатынасы бұзылады. Екі жақта да зардабы алысқа апаратын қарама-қайшылық реакциясы туындайды. Бала өзінің тәртібіне сын көзбен қарамайды және оны үнемі құбылып тұратын жағдайға қарай өзгерте алмайды.
Қалыпты дамыған (немесе қалыпты дамығанға жақын) балаларға қарағанада ақыл-ойы орташа деңгейде дамымаған балалардың қоршаған ортаның биологиялық және психологиялық зияндылығы деген көқарасы басқаша. Осы әлеуметтік-психологиялық жағымсыз факторлардың кейбіреуін ерекшелеу керек. Сонымен бірге олар ақыл-ойы дамымаған баланың психологиялық қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып қарастырылуға тиісті.
Жағымсыз тәртіптің туындауына жанұяның, мектептің, балалар немесе жасөспірімдер тобындағы үйлесімділіктің болмауы себепші болуы мүмкін. Психологиялық зиян ақыл-ойы дамымаған баланың психологилық ерекшелігін білмейтін және онымен санаспайтын қоршаған ортамен қарым-қатынасты орнату үдерісінде туындайды. Ақыл-ойы дамымаған бала үнемі жағымсыз әлеуметтік-психологиялық факторлардың жағымсыз биологиялық жағдаймен өзара әрекеттес болуы мүмкін жағдайда тұрады.
Ақыл-ойы дамымаған балалардың тәртібіндегі кемшіліктерді жеңу қажеттілігі мектепке оларды білім мен дұрыс тәртіп дағдыларына белгілі бір жүйе бойынша, нақты мысалдар мен жаттығулар негізінде үйрету міндетін қояды. Тәртіп ережелеріне үйрету өмірдің барлық жағын қамтып, балалардың тәртібіне қойылатын талаптардың әр түрлі болмауын қадағалай отырп, жүйелі түрде іс-жүзіне асырылуға міндетті. Тәртіп мәдениетіне тәрбиелеу жеке бөлім болып еркшеленбейді, ол барлық тақырыптарды оқыту үдірісіне қосылады. Мұғалім балаларды үйдегі, мектептегі, қоғамдық орындардағы және көліктегі тәртіп ережелеріне үйретеді.
«Айналамен таныстыру» пәнін оқытудағы маңызды жағдай ондағы оқу материалын балалардың өнімді қызметі барысында меңгеруі болып табылады. Заттық-практикалық қызмет әрбір баланың қажеттілігі болып табылады деп есептеледі. Мұғалім осы мақсатпен тақырыптарды жоспарлағанда практикалық тапсырмаларды анықтайды, ал сабақта олардың маңызын ашып, олардың қажеттіліктерін басып көрсетеді.
1-сыныптың бағдарламалық материалына келесі тараулар енеді: «Мектеп. Оқушы», «Мен және менің жанұям. Менің достарым», «Менің үйім», «Оқу заттары мен ойыншықтар», «Жыл мезгілдері, табиғаттағы маусымдық өзгерістер», «Көкөністер мен жемістер», «Үй және жабай жануарлар», «Құстар», «Жәндіктер».
2- сыныпта осы тарауларға «Менің қалам, ауылым» тақырыбы қосылады. Бұл тараудың мазмұнына балаларды жақын маңдағы қоршаған ортамен – көшемен, сквермен, қала (ауыл) саябағымен, басты мекемелермен, спорт және мәдени құрылыстармен таныстыру жатады. 3-сыныпта «Транспорт» тарауы ендіріледі.
Берілген тақырыптар бірізділікпен емес, оқудың әрбір кезеңінде бір тақырып бірнеше рет қайталап оқытылады. Жұмыстың бұлай орындалуы түсініктермен, оларды білдіретін сөздермен алғашқы таныстықта, оқушылардан оларды толық та жан-жақты түсінуді және есте сақтауды қажет етпейтіндігіне байланысты өте маңызды. Сөз алдымен шектелген, бірбелгілік мағынада беріледі. Арықарайғы жұмыс барысында ол жаңа мазмұнмен толықтырылып, оның мағынасы кеңейеді. Бірнеше жыл барысында бір тақырыпқа қайта-қайта оралу хабарланған білімді, оларды молайтуға және дамыту үшін өте қажет.
«Айналамен таныстыру» бағдарламасының мазмұны тоқсандықтарға бөлінбейді. Мұғалім жергілікті жердің табиғат жағдайына қарай тақырыптарды оқыту дәйектілігін өзгертіп отырады. Бір немесе қандай да болмасын тақырыпты оқуға арналған уақытты бөлу оқу материалын оқушылардың сапалы түрде меңгеруін қамтамасыз етуге міндетті.
Төртінші тоқсанның басым уақытын жыл бойы өткендерді бекітуге ұсынылады. Қайталау сабақтарын өткізу оқу материалын берік меңгеруді қамтамасыз етеді және мұғалімге тапсырмаларды балаларға өзгерген, жаңа жағдайда орындауды ұсынуға мүмкіндік береді. Балалар тәжірибені меңгерген материал негізінде жинайды. Бала өз қызметінде шынайы жағдаймен қатынасқа түседі.
Баланың шынай жағдайды меңгеруі баланың қоршаған әлеммен өзара әрекеттес болуын қамтамасыз ететін және қолдайтын ересек адамның басшылығымен жүретін белсенді үдеріс барысында орындалады. Ең алдымен қоршаған әлемде және әлеуметтік ортада іс-жүзінде бағдарлауға қажет қызмет тәсілдері, икемділіктер қалыптасады. Тәжірибе көрсеткендей, ақыл-ойы орташа бұзылған балалар оларды жақын қоршаған ортаға бейімделуге қабілеттілігін көрсетеді, ал бұл олардың жалпы психологиялық дамудың көрсеткіші мен нәтижесі болып табылады.
Мұғалімдердің кейбір балаларды мектеп бағдарламасы бойынша пәндерді оқыту табысты болмауы мүмкін, сондықтан ақыл-ойы орташа дамымаған балалардың белгілі бір бөлігінің оқуға қабілеттілігін бағалау сындықтары педагогикалық үдірістер аясындағы оқыту технологиясының нәтижелілігіне емес, олардың қоршаған әлемді заттық және сезімдік бейнелеуін, адамдар қоғамындағы өзін өзі тұлғалық сезінуін дамыту негіз болатын олардың әлеуметтік алға жылжу тәжірибесіне бағытталады.
Қажет болған жағдайда берілген бағдарлама жеке дамыту бағдарламасын әзірлеуге негіз бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |