10 ТАҚЫРЫП. САЯСИ МƏДЕНИЕТ
10.1 Саяси мəдениет түсінігі, мəні жəне қызметтері
10.2 Саяси мəдениеттердің жіктелуі
10.3 Қазақстандық қоғамның саяси мəдениеті
10.1 Саяси мəдениет түсінігі, мəні жəне қызметтері
«Саяси мəдениет» ұғымын ғылыми айналымға алғаш болып неміс
ағартушысы И. Гердер енгізді. Ол мəдениет пен саясаттың өзара əрекеті
мəселесін зерттеген (XV I IIғасырдың соңы), ал саяси мəдениет теориясы
саясат ғылымында тек XX ғасырдың ортасында ғана қалыптаса бастады -
Г. Алмонд, С. Верба, М. Дюверже жəне т.б.
Саяси мəдениет - ол алдыңғы ұрпақтағы адамдардың мінез-құлық
үлгілері мен бағдарларының тəжірибесін жүзеге асыратын тарихи қалыптасқан,
тұрақты жүйесі, ол нақты процеске, оның басты элементтеріне қатынасының
қағидасын тіркейтін жəне осылайша қоғамның саяси өмірінің өндірісін
қамтамасыз ететін саяси процестегі субъектілердің тікелей іс-əрекетінде
көрінеді.
Саяси мəдениеттің көрінуінің басты аспектілері:
а) адам
мен
қоғамның
саяси
идеяларды, көзқарастарды,
тұжырымдамаларды меңгеру деңгейі;
б) өткен мен бүгінгі күннің саяси ойларының жетістіктерінің сұранысқа
ие болу деңгейі;
в) саяси құбылыстардың бағаларындағы компетенттілік.
Саяси мəдениет оны тасушылармен бірге, яғни түрліəлеуметтік
қауымдастықтармен
бірге
дамиды. Саяси
мəдениетте
адамдардың
(ұлттардың,кластардың, партиялардың, түрлі қабаттардың, топтардың жəне
индивидтердің) мемлекетке, саяси билік тəртібіне олардың өмірлік
қызығушылықтары бойынша қарым-қатынастары тіркеледі. Бұл жағынан саяси
мəдениет саяси саладағы мəдениет, белгілі бір жүйелік сапа жəне саяси өмір
мен іс-əрекеттің əдісі, саяси идеялардың, сенімдердің, нормалардың,
институттардың бір-бірімен бірлігі мен өзара байланысындағы сабақтастығы
мен дамуын қамтамасыз ету формасы ретінде түсіндіріледі.
Заманауи батыс саясаттануында саяси мəдениетті нақты саяси жүйенің
қатысушыларының жеке дара бағдарлары мен таптаурындарының жиынтығы
деп түсіндіреді, мұнда мəселе саяси іс-əрекеттердің негізінде жатқан
субъективті сала туралы болып отыр. Жеке дара бағдарлар бірнеше
элементтерді біріктіреді:
а) танымдық бағдар, саяси жүйе туралы, оның ролдері туралы, осы
ролдерді тасымалдаушылар мен оның қызмет етуі жөнінде білімдерді қамтиды;
б) эмоционалдық бағдар, саяси жүйеге, оның қызметтеріне,
80
қатысушыларына жəне олардың іс-əрекеттеріне қатысы бойынша бастан
өткерген сезімдерін көрсетеді;
в) бағалаушы бағдар, саяси жүйеге, оның қатысушылары мен олардың іс-
əрекеттеріне жеке қатынастарын білдіреді.
Саяси мəдениеттің құрылымында келесі элементтер болады:
а) саяси білімдердің, көзқарастардың жиынтығы (ақпараттық аспект);
б) саяси сенімдер, идеалдар (құндылықты аспект);
в) саяси əрекеттер, актілер, қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысу (мінез-
құлықтық тəжірибелік аспект);
г) саяси нормалар, дəстүрлер;
д) мемлекет пен қоғамның саяси институттары.
Қоғамның дамуы үшін, əсіресе құқықтық мемлекеттіжасаушы қоғамдар
үшін (оның ішінде Қазақстан), олардың қүқықтық мəдениетінің маңызы зор.
Қүқықтық мəдениет дегеніміз қоғамның жинақталған құқықтық тəжірибесі,
адамдардың құқықтық санасының сипаты, олардың құқықтық əлеуетті
(потенциалды) қолдану əдістері мен қабілеті, құқықтық институттардың барлық
жүйесінің қызметінің сапасы жəне олардың қоғамдық өмірге ықпалы.
Құқықтық мəдениеттің негізгі құраушыларына мыналар жатады:
а) құқықтық ойлаудың белгілі бір деңгейі;
б) адамдардың заңдарды білуінің тиісті деңгейі;
в) құқық нормаларын құрметтеудің, олардың беделінің жоғары деңгейі;
г) құқық пен құқықтың жүзеге асу процестерінің сапалы жағдайы;
д) құқықтық іс-əрекеттің арнайы əдістері (құқықтық органдардың
жүмысы, конституциялық бақылау жəне т.б.);
е) адамдар жасаған рухани жəне материалдық жағдайлар түріндегі
құқықтық іс-əрекет нəтижесі (заңдар, заң шығару жүйелері, сот тəжірибесі жəне
басқалары).
Саяси мəдениет қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда нақты қызметтер
атқарады. Саяси мəдениеттің негізгі қызметтері болып табылатындар:
а) танымдық - саяси білімді меңгеру негізінде сенімдер мен саяси
көзқарастарды қалыптастыру;
б) идентификациялау - индивидтің саяси мəртебесін анықтау,
қауымдастықтың қызығушылықтарын көрсету жəне саясатқа қатысу
қолжетімді əдістерін дайындау;
в) нормативті-құндылықтық - қоғамда қажетті саяси құндылықтарды,
нормалар мен нұсқауларды бекіту;
г) интегративті - қоғам таңдаған саяси құрылымның кең əрі тұрақты
əлеуметтік базасын қамтамасыз ету;
д) коммуникативті - биліктің барлық субъектілері мен институттарының
өзара əрекеттерін ортақ саяси қызығушылықтар мен мақсаттардың
артикуляциясы базасында қамтамасыз ету.
|