82
үш «таза» типтерін көрсетті:
а) патриархалды - артта қалған елдерде тоталитарлық жəне авторитарлық
саяси
тəртіптердің
басымдылығымен
көрінеді. Саяси
мəдениеттің
патриархалдық түріне саяси білімнің, саяси ролдердің болмауы, бұқараның
басым бөлігінің сауатсыз болуы тəн;
б) бағынушы - белгілі бір саяси білім тəн, адамдардың саяси
институттардың бар екендігінен хабары бар, оларға қатысты сезімін білдіреді,
оларды бағалайды жəне оларға қатысты мінез - құлық түрлерін дайындайды,
бірақ осылардың барлығы бəсең түрде болады, яғни саясат
пен қоғамдық өмірге
араласуы
төменгі деңгейде;
в) партиципаторлы, азаматтық (белсенді)
- саяси институттардың
легитимділігінің, қоғамдық
саясаттың
бағыты
мен
мазмұнының
консенсусымен, қызығушылықтардың
плюрализміне
шыдамдылықпен
сипатталады. Xалықтың басым көпшілігі (АҚШ, Ұлыбритания) іштей саяси
жүйеге бағдарланған, бірегей мемлекеттің азаматтары ретінде өзара сенімге ие.
Саяси мəдениеттің азаматтық түріне қоғамдағы саяси ролдердің айқын
шектелуі, азаматтардың үш негізгі қағидаға, яғни тұлғаның еркіндігіне,
бұқараның тұрмысының жақсаруы мен елдің қауіпсіздігіне ортақ
қызығушылығының болуы тəн.
Саяси мəдениеттің батыстық жəне шығыстық түрлері Батыс пен Шығыс
адамдарының
саяси
саладағы
құндылықты
бағдарларының
айырмашылықтарының негізінде қоғамдардағы тіршілік əрекетінің түрлері,
діни дүниеге көзқарастардағы ерекшеліктер, өмірдің мəні туралы
философиялық көзқарастар жатыр.
Батыстық жəне шығыстық саяси мəдениеттердің ерекшеліктері:
а) батыстық түріне азаматтардың саяси процестерге саяси қатысуының
«партиципаторлық» үлгісі тəн, шығыстыққа - «бағынушы-партиципаторлық»
саяси мəдениет;
б) батыс саяси мəдениетіндегі саясаттың басты элементтері ретінде
индивидтер, түрлі саяси бірлестіктер болса, шығыстықта - рулық, этникалық,
отбасылық
қауымдастық;
в) батыстық типтегі саяси мəдениетте феномендер модернизм мен
дəстүрдің диалектикасы арқылы дамиды, саяси мəдениеттің шығыстық типі
дəстүрдің негізін
салушы роліне бағдарланған;
г) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынасы тұрғысынан батыс
саяси мəдениетінде олардың арасында белгілі бір «консенсус» байқалады,
өйткені батыстық қоғамда орта қабаттың саны көп, материалдық өмір сүру
деңгейі жоғары. Саяси мəдениеттің шығыстық түрінде мемлекеттің азаматтық
қоғамның қалыптасуы процесінен басымдығы байқалады, мұнда элита мен
бұқара арасындағы кəдімгідей «алшақтық» орын алған. Егер азаматтық
қоғамды батыстық саяси мəдениетке тəн ерекшелік деп қарастыратын болсақ,
онда Шығыста ол енді қалыптасып келеді.
Заманауи саяси тəжірибе көрсетіп отырғандай, саяси мəдениеттің
батыстық жəне шығыстық түрлерінің құндылықтары араласып келеді
(Жапония, Гонконг-Қытай, Қазақстан-Ресей). Олардың саяси мəдениеттерінде
83
азаматтардың
саясатқа
қатысуларының
əдістерінің, құндылықты
бағдарларының, мінез - құлық үлгілерінің, түрлерінің араласуы жүруде.
Достарыңызбен бөлісу: