Процесстік ағындық үлгілер - бұл, бизнес-функцияны немесе басқару функциясын жүзеге асыру кезінде, компанияның материалдық және ақпараттық ағындарын сатылы уақыт аралығында, қайта құру процессін сипаттайтын модельдер.Жоғарғы деңгейде процесстің қатысушылары арасындағы өзара әрекеттесу логикасы, төменгі деңгейде - олардың жұмыс орындарындағы жеке мамандардың жұмыс істеу технологиясы сипатталған. Процесстік ағымдық модельдер кім-не-қалай-кімге деген сұрақтарға жауап береді. Экономиканың ағымдағы жағдайы еңбекті бөлу, қатаң мамандандыру және қатаң иерархиялық құрылымдар қағидаттарына негізделген дәстүрлі функционалдық моделінен компанияның бизнес-үдерістеріне жұмысты интеграциялауға негізделген процесстік үлгіге ауысумен сипатталады.