Басқару процесстері - бұл тұтастай алғанда әрбір бизнес-процестің және бизнес жүйесі деңгейінде бақылау функцияларын бүкіл ауқымын қамтитын процесстер болып табылады. Басқару үдерістері басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау болып табылады. Бұл басқару шешімдері тұтас, жекелеген функционалдық облыс немесе жекелеген процесстер ұйымдастыру туралы жасалуы мүмкін.
Референттік модель - белгілі бір салада кәсіпорын үшін құрылған, іс жүзінде жүзеге асырылатын және басқа кәсіпорындардағы бизнес-процесстерді дамытуға / қайта құруда пайдалануға арналған тиімді бизнес-процестің моделі. Шын мәнінде, референттік модельдері әлемнің әртүрлі компанияларында нақты тәжірибе негізінде нақты бизнес-процесстерге арналған бизнесті ұйымдастырудың үлгілік сұлбасы болып табылады. Оларға басқаруды ұйымдастырудың іс жүзінде тексерілген процедуралар мен әдістерінен құралған. Референттік модельдер кәсіпорындарға функциялар мен процесстердің дайын жиынтығы негізінде өз үлгілерін әзірлеуге мүмкіндік береді.