Бизнес-процесстің референттік моделі логикалық өзара байланысты функциялардың жиынтығы болып табылады. Әрбір функция үшін орындаушы, енгізу және шығару құжаттары немесе ақпараттық нысандар көрсетіледі. Бизнес-процесстің референттік модельдің элементтері (функциялары мен құжаттары) тиісті АЖ нысандарына сілтемелерді, сондай-ақ жоба репозиторийінде орналасқан құжаттар мен басқа да ақпаратты (пайдаланушы нұсқаулықтары, жауапты әзірлеушілер) қамтиды. Сондықтан, бұл модельді - референттік деп айтылады (ағылшын тіліндегі аудармасы сілтеме).