Егер (1) теңдіктің сол жағындағы қатынасты жеке алып қарасақ, оның қисығының екі шетін қосатын хордасының бұрыштық коэффициенті екенін көреміз. Ал (1) теңдіктің оң жағы сол қисықтың нүктесі арқылы жүргізілген жанамасының бұрыштық коэффициенті. (1) формула осы екі бұрыштық коэффициенттің теңдігін, демек хордасы жанамасына параллель екендігін өрнектейді. Сөйтіп, геометрия тұрғысында Лагранж теоремасы қисығының бойында ең болмағанда бір нүкте табылатыны және ол нүкте арқылы қисыққа жүргізілетін жанаманың сол қисықтың екі шетін қосатын хордасына параллель болатынын көрсетеді.