Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Білім беру аймағындағы жобалау»


Жобалық мәдениет. Жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауыштары



бет126/134
Дата13.12.2021
өлшемі408,01 Kb.
#125563
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   134
Байланысты:
Дәрістер

Жобалық мәдениет. Жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауыштары. Жобалаудың қазіргі таңдағы контексінде «жобалық мәдениет» термині де қатар жүр. Әдіскер мамандар оның құрылымына төмендегідей мазмұндық-мағыналық бірлігін кірістіреді:

Жобалаушының еркіне сәйкес немесе жобаланатын пәндік ортаның ішіндегі құндылықты-мәндік бейне.

Шығармашылық пен теориялық сана мазмұны болып табылатын шығармашылық және ғылыми тұжырымдамалар, сонымен қатар, жобалаушының шығармашылық еркін көрсететін қызмет бағдарламалары.

Жобалық үрдісті жүзеге асыруда тұлғалық қатынастың күрделенуі үшін қажет – құндылықтар.

Белгілі бір жағдайда орта қатыстылығы, белгі-бейнелік тиістілік жобалық мәдениеттің экологиялық құрамын қалыптастырады. Кейде аталған құраманың болмауынан жобаға алғашқы көзқарастың ұнамдылығын сәтсіздікке итермелеуі мүмкін. Жобалаушының ой елегінен өтетін шығармашылық ой-пікірлерің терминдеріндегі теориялар, әдістемелер, эвристика - жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауышы болып табылады. Құндылықтар тобы аксиологиялық құраманы құрайды(Бұл жайында О.И.Генисаретский ұсынған жобалық мәдениет амалы қолданылған). Сонымен, білім беру саласында жобалық әрекетті құру мен бағалауда, оның экологиялылығын , концептуалдылығын, құндылық бағдарын ескеру керек.

Жобалық мәдениет шеңберінде жобалық әрекетке негізделген амалдар қалыптасты және қазіргі таңда педагогика саласында кеңінен қолданылуда.



  • Жобалық-мақсатты амал мақсатқа сәйкес жобалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Осы амал шеңберінде мақсатты жобалар жүзеге асады. Мақсатты жоба-өзара байланысты амалдар жиынтығы және бұл белгілі бір объектіні өз күйінен нақты белгіленген уақыт кезеңі арасында қалаған күйге қайта құруға бағытталған. Мақсатты жоба тапсырысқа ие. Оған әкімшілік органдар (мемлекеттік, территориялық) органдар не мекемелер жатады, олар қажетті жобалық ресурстарды игереді. Осы тәрізді әрбір жобада жеке өзіндік өмірлік цикл болады.

  • Жобалық-модульдік амал арнайы құрылған функционалдық модульді вариативті қолданумен жобалауға бағытталған, ол тұтас жүйенің құрылымдық компоненті ретінде қарастырылады, әрекеттің белгілі бір не бірнеше бағыттарын орындауды қамтамасыз етеді. Модулдік әлеуметтік-педагогикалық конструктор үйлесімділіктің екі нұсқасын қарастырады. Бір модулдің функциялары өзінің міндетіне сәйкес локальдік жоба жолымен орындалады. Күрделі міндетті орындау үшін әрбір модулдің ерекше ресурстарына кіріктіріледі. Мекеме деңгейінде осындай модулдер ретінде сервистік қызметер не орталықтар(ақпараттық,әдістемелік,ғылыми-зерттеу) қатысады. Әдістемелік қамтамасыз ету деңгейінде құжаттандыру, зерттеу әдістемесі, тесттер, бағдарламалық өнімдер және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет