Бұдан бірнеше жылдар бұрын, қоғамның тұрақты дамуы кезеңінде қалыптасқан дәстүр бойынша, практикалық сала қызметкерлері, иженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, технологтар мен басқа да маман иелері – ғылымнан, ғалымдар мен ғылыми –зерттеу орындарынан түсетін жаңа нұсқаулықтарды, ұсынбаларды сынақ – эксперименттен өткізетін, соған сәйкес құрылымдар мен технологиялар құрастырып, көпшілік тәжірибесіне ендіретін еді. Бүгінгі таңда, ақпараттар мен жаңалықтардың пайда болу жылдамдығы калыптасқан жағдайда бұлай жұмыс жасау тиімсіз екенін белгілі болды. Осыдан келіп, адамдар тәжірибесінде жаңа табиғи даму жолдарын пайдалану – әлеуметтік, экономикалық, технологиялық, білім беру т.б. жүйелердің өзіндік инновациялық модельдерін құрастыру: авторлық модельдер, технологиялар мен әдістемелер, т.б. жасап, жобалар түрінде тәжірибеге ендіру кеңінен тарай бастады.
Зерттеушілер пікірінше, жобалау «сызба арқылы көрсету шеңберінен асып болашақ ситуацияны көзге көрсететін және адам баласын қоршаған жаңа жағдайларды өзгертудің негізін салады». Жаратылыстану ғылымы парадигмасы логикасындағы дәстүрлі жобалау техникалық, инженерлік, архитектуралық салаларда жоспарлау, модельдеу «болашақ бейнені» құрастыру мақсатында қолданылып келді. Жобалау институттары элитарлық түрде құрылып, оны жүзеге асыру олардан бөлек «технологтардың» міндеті болды. Жобалау мен технологиялық білімдердің біріктірілуі жүзеге асырылған елдерде (АҚШ, Жапония және т.б.) постиндустриалдық қоғамға қарышты қадамдар жасалғаны белгілі. Басқарудағы бұндай өзгерістер мен жаңғыртулар жобалау әрекетімен байланыстырылып, әуелі оның сұлбасын, немесе идеалдық бейнесін белгілеп алу, оған жетуге қажетті әлеуметтік - техникалық әрекеттер құрылымын жасаудың маңызын атап көрсетіледі.Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы. Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |