Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Білім беру аймағындағы жобалау»



бет8/134
Дата13.12.2021
өлшемі408,01 Kb.
#125563
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134
Байланысты:
Дәрістер

Жобалау әрекетінің толық мәні О.И. Генисаретский еңбектерінде берілген, оның түсіндіруінде жобалау универсалдық ғылыми-техникалық қана емес, ол ең алдымен, әлеуметтік- мәдени әрекет түріне жатады. Әлеуметтік - мәдени механизм кез-келген мәдени маңызы бар әрекеттер мен одан туындайтын құндылықтарды шын мағынадағы технологиялық үрдістер мен құрылымдарға айналдыра алады. Егер ғылыми-техникалық прогресс мәдениеттің іргелі және қолданбалы құндылықтарының қарым-қатынасын үнемі өзгертіп отыратын қоғам дамуының бір жолы болса, жобалау әрекетін оны жүзеге асыратын әлеуметтік құрал, әлеуметтік институт деуге болады.


Өткен ғасырдың 60-жылдарында күрделі жүйелерді тиімді басқару арқылы дамытудың жаңа әдіснамалық бағдарламасы қалыптасты және негізіне жобалау қызметі алынып, аталған бағдарламалардың төмендегі алғышарттары ұсынылды:

− кез келген әрекет экономикалық тұрғыдан қарастырылады: нәтиже белгіленеді, қызметтің тиімділігі, оны орындауға кеткен шығын мен тиімділігі тұрғысынан қарастырылады;

− кез келген әрекет басқарылады, бұл жағдайда: әрекеттің өзі де басқару объектісі ретінде және басқаратын органдарда бірдей қарастырылады;

− жобалаудың барлық әрекеттері жүйелік тұрғыдан жүргізіледі. Оның мәні проблемаға, міндетке, миссияға және қызметке бағытталады. Бұл жерде ең әуелі жаңғыртудың идеясы белгіленеді, одан соң жаңаны құрудың кезеңдері анықталады, жоспарланады;

− жүйе ретінде басқарудың объекті де, үрдісі де қарастырылады. Бұл басқару механизмі емес, мақсат қоюдың, оған жетудің әдістері мен құралдарын белгілеу, оған қажетті ресурстарды анықтау және құрастыруды көздейтін интеллектуалдық саласы(Афанасьев).

Жоспарлаудың жаңа бағыты сол кездегі қоғамда ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамуын, өнеркәсіптердің еңбек өнімділігін арттыруды, жаңа техникалар мен технологияларды жасақтауды және тәжірибеге ендіруді, әлеуметтік міндеттерді орындауда пайдалануды, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге мамандарды даярлау және олардың кәсібилігін дамытуды, т.б. шаруашылықтың көптеген түрлі салаларын қамтитын, кешенді мақсаттарын орындауды көздеген болатын. Сонымен қатар, бұл өндіріс, ғылым мен білім беру салаларының нәтижелі қызмет ету мен олардың өзара қарым – қатынасының тиімді ұйымдастырылуын, қызметкерлердің жаңа ғылым жетістіктерін игеру негізінде сапалы еңбек нәтижесін аз мерзімде, аздаған шығынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған міндеттер күрделі жүйелер ретіндегі көптеген түрлі салаларды қамтитын өте кең ауқымды болғандықтан оны жүйелі және кешенді жүргізу қажеттігі туындайды.

Әлеуметтік жүйелердегі жобалау оның құрамындағы компоненттердің өзіндік ерекшелік сипаттарын, олардың өзара (заттық, ақпараттық, энергетикалық, т.б.) және жүйенің сыртқы байланыстарын (әлеуметтік орта, табиғи орта), жүйе компоненттері мен тұтас жүйенің даму тенденцияларын жүйелік және кешендік тұрғыдан жүзеге асырылады.

Бұл жүйелердің басқа техникалық, жаратылыстанудағы жүйелерден ерекшелігін оның адам мен қоғамның дамуына байланыстылығы құрайды. Әлеуметтік жүйелердің басты компоненті болып табылатын адамдардың іс- әрекеттері жүйенің өзгерістерімен, сыртқы ортаның талабымен ғана анықталмайды, олар негізінен, адамның өзіндік мүмкіндіктеріне, түрлі жағдайларына сай шешім қабылдай білуіне қатысты анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жүйелердің моделі жүйенің объективтік заңдылықтарын жүйенің және оның компоненттерінің мақсаттарымен интеграциялауды қажет етеді. Тәжірибеде осы интеграцияны қамтамасыз ету, үйлестіру оны басқарудың басты мақсаты болып табылады. Нақтылай айтқанда, әлеуметтік жүйелерді дамыту қызметі сол жүйеге тән объективтік заңдылықтарға сай жүйенің мақсатын ондағы адам компоненттерінің мақсатымен үйлестіру жолдарын анықтайды. Сөйтіп, әлеуметтік жүйелерді дамыту ондағы адамдар үшін маңызды өзгерістерді ендіру негізінде жүзеге асырылады.

Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік жүйелерді басқаруда ондағы адамдардың өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру, түрлі қабілеттерін дамыту және пайдалану мақсатында белгілі бір ұйымның қызметін қамтамасыз етуге, оны жетілдіруге және қайта құруға бағытталған кешенді, көпқырлы қызметтің арнайы ұйымдастырылуы қажет болады. Әлеуметтік жүйе құрамындағы қызметтік және адами компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі – жобалау болып табылады.

В.М. Розиннің айтуынша, жобалау қызметі әрбір кіші жүйенің құрылымы мен деңгейлеріндегі дербес мақсат пен міндеттерін нақтылауды және оның орындалуын ресурстық қамтамасыз етуді көздейді, сонымен қатар, кіші жүйелердегі мақсат – міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жүйелерді жобалау шын мәнінде әдіснамалық– теориялық контекст ретінде қолданыла алады, өйткені, оның шығу көзі әдіснамадан, нақтылап айтқанда жүйелі ой–әрекеттері әдіснамасында пайда болған болатын.

Жобалауды бүгінгі оның идеологтары «технологиялық универсум» - лат. universum.summa rerum- деп бағалайды, ал жобалауды жүзеге асыру кезеңі адамның қайта құру әрекеттері деп бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда кез келген жобалау қызметі әлеуметтік жаңғыртуды жобалау болып табылады».

Жобалаудың негізіне трансцендентік (transcendens-лат.мүмкіндіктің шегінен өту) міндет жатады, сөйтіп кез келген жоба трансцендентік, өйткен ол осы шақтан болашақты жоспарлайды. Жобалаудың мәні оның келесі қайшылықтарды (антиномияларды) шешуге бағытталғандығында:

− әлеуметтік жүйедегі мүмкіндіктер мен қабілеттіліктердің арасындағы;

− идеалдық құрылым мен (идея) шектелген түрдегі құрылымның (нормаланған) арасындағы;

− әлеуметтік жүйенің потенциалдық мүмкіндіктері мен құндылықтардың мақсаттарға ауысуының және мақсаттың құралдарға ауысуының арасындағы.

Осыдан келіп әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалаудың адам қызметін жүзеге асыру және әр адамның өз идеясын ұсыну және орындаудың негізгі құндылық екендігін мойындайтын жаңа сананы бекітеді. Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы төрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар: ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық. Осы тәрізді трансценденттік кеңістікке шығу жобалаушыға жобаның тұтас үрдістігін және болашаққа бағытталғандық сипатын сақтауға мүмкіндік береді.

Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы мен оның өлшемдері біздің ойымызша кез келген жүйедегі жобалау әрекетіне көшіруге мүмкіндік береді. Олар:

− трансцендентік жобалау берілген материалдық және интеллектуалдық мәдениет деңгейінде пайда болатын мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс;

− трансцендентік жобалау өзінің тұтастығын сақтау үшін жоғары тиімділікке құрылуы тиіс:

− жетістіктерді сақтау мен оларды жақсартып отыру әдістерін ұсынады;

− құрылымның өзіндегі тұтастықты және ондағы негізгі бағыттар мен қатынастарды анықтайды;

− оны жүзеге асыру адамның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін белгілі бір әлеуметтік институттар арқылы қамтамасыз етіп отырады.

Әлеуметтік жүйелердегі жобалаудың мазмұндық және құрылымдық икемділігі кез келген ұйымның әлеуетін көтереді. Эволюциялық даму туралы тұжырымдаманы негізге алатын басқару теориялары оның постиндустриялық қоғамның бұрын соңды болмаған проблемалары алдында қауқарсыз екенін байқайды. өйткені, тек эмпирикалық әдіске ғана сүйене дамыту қалыптасқан жағдайды жаңа талаптарға сай өзгерту үшін жеткіліксіз.

Жобалау қызметі оған қарама- қарсы, болашақ модельдерді ғылыми негізделген дәл есептеулермен қамтамасыз ететіндіктен қайта құру және өзгерістер жағдайында басқарудың басты қызметтерінің бірі бола алады.Сонымен қатар, жасалатын әрекеттің мақсаты мен оған қажетті стратегияны айқындау да өзгерістер жоспарын нақтылауға мүмкіндік береді.

Кейбір зерттеушілер басқарудың жобалау және жобаны жүзеге асыру қызметтерін біріктіре жүргізуіне көңіл бөлінген, оның бірден бір жолы ретінде жобалау әрекетін ендіру және қолдану кезеңдерін есепке ала отырып, одан әрі дамыту деп есептеледі.

Осылайша, әлеуметтік – техникалық тәсілдер мен қызметтер ретінде дамытыла және рәсімделе отырып, басқару жобалаумен екі түрлі байланыста болады. Оның мәні, біріншіден, жобалау – басқарудың бір элементі, құрамдас бөлігі болып табылады және соған сай әрекеттер жүйесінде жобалаудың өз орны бар. Бұл жағдайда жобалау мен басқару компоненттері өзара ерекше байланысқа және ассимиляцияға түсе алады.

Екіншіден, басқару қызметі жобалау әрекетін түгел қамти алады. Бұл жағдайда жобалау бөлек автономды жағдайда жүргізіледі және басқару оның қызмет етуіне, одан әрі дамуына, жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Бірақ оны басқаруға бағыныштылық деп қарауға болмайды, осы жерде басқару мен жобалау өзара күрделе байланыс пен қатынаста болады дей аламыз. Жобалау әрекеттерін басқару жоғарыда аталған қазіргі заманғы әлеуметтік техникалық амалдардың басты көрінісі болып табылады.

Осы жаңа ұйымдастырушылық мәдениеттің тірек ұғымдары: жоба, жобалау, технологияландыру, рефлексия – пайда болып, бүгінгі күні кеңінен қолданылысқа енуде. Назар аударатын нәрсе, осындағы жоба мен рефлексия ұғымдарының бір қарағанда бір –біріне қарама –қарсы сипатта екені: біріншісі –алға қарай көз тастау, екіншісі –кейін қарай қарау деген түсініктерді береді. Енді осы ұғымдарға сипаттама береміз.

Дәстүрлі «жобалау» ұғымы энциклопедиялық сөздіктерде техникада, құрылыста, т.б. өндірістік салаларда белгілі бір бұйым жасау, немесе ғимарат салуға қажет құжаттардың –суреттер, есептеулер, т.б. –жиынтығы деп қарастырылады. Жобалаудың бүгінгі мәні одан өзгеріп, оны жеке адамның, ұжымның, ұйым не мекеменің, немесе, бірнеше ұйымдар мен мекемелердің бірлескен өнімділік әрекетінің аяқталған циклы деген түсінігі кеңінен тарауда.

Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалау түрлерінің, оларды қолдану аясының тым көптігі оларды классификциялауды қажет етеді, оны А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде қарастырып көрейік.

− Жобалау типтері, немесе салалары: техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру, аралас салалар, т.б.

− Жобалау кластары, немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша: моно – жобалау, мульти –жобалау, мега – жобалау. Олар қолданылуына қарай сипатталды, мысалы, моно – дербес жобалаудың белгілі бір масшабтағы түрліше дара жобалау екені атынан көрініп тұрса, мульти –жобалау бірнеше дербес жобалардан тұратын кешенді жобалау болса, мега –жобалау– белгілі бір экономикалық саланы, не аймақты дамытудың мақсатты бағдарламалары, оның құрамына моно – жобалау да, мульти – жобалау да еніп кетеді.

− Жобалау масштабтары: шағын, орташа, ірі және өте ірі деп шартты түрде белгілене алады.

− Жобалау ұзақтығы: қысқа мерзімді – 3 жылға дейінгі, орта мерзімді, – 3-5 жылға, ұзақ мерзімді – 5-тен көп жылдарға созылатын жобалау;

− Жобалау түрлері: инвестициялық, инновациялық, білім беру, ғылыми –зерттеу, аралас, т.б.

Енді осы «жобалау» ұғымының білім беру саласында қатысты сапаларын қарастыратын болсақ, оның түрлерін ғылыми –зерттеудегі жобалау, педагогикалық жобалау, әр білім алушының оқу әрекетінде қолданылатын жобалау деп бөлуге болады.

Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалауға бірнеше анықтамалар берілген, мысалы, Ф.Перегудовтың анықтамасы бойынша, «жобалау – жұмыс нәтижесінің сапасына қойылатын талаптары белгіленген, орындау сипатына сай қажетті құралдар мен кететін шығындар алдын ала есептелген, берілген уақыт ішінде белгілі бір жүйеге мақсатты өзгерістер ендіру». Ол әр жобалау идея пайда болғаннан бастап, толық аяқталғанға дейін өз дамуының бірнеше сатыларынан өтеді дей отырып, даму сатыларының жиынтығы жобаның өмір сүру циклын құрайды, ал ол фазаларға бөлінеді, фазалар – сатыларға, сатылар – кезеңдерге бөлінеді дейді.

А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығын анықтайды, ол жобалауды жобаның бастапқы кезеңіне тән әрекет деп түсіндіреді. Шын мәнінде, кез келген өнімді, немесе инновациялық қызмет нақты мақсат қойылуын, дәлірек айтқанда, жобалауды қажет етеді. Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін жобалау, немесе, мектептің гимназияға өтуін жобалау, немесе бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін жатқыза аламыз.

Келесі бір ортақ түсінік қалыптастыруды қажет ететін технология ұғымы бар, зерттеушілер оны берілген міндетті орындау түрлері мен амалдарының, әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде қарастырады. Ал, біз қарастырып отырған жобалау қызметінің кез келген түрі осы технологиялар жиынтығы негізінде жүзеге асырылады.

Әрекеттің өнімділігін ұйымдастыруда рефлексияның – қойылған мақсатты, үрдістегі міндеттерді, нәтижелерді үнемі талдап отырудың – маңызы зор.

Осылайша, ғылыми зерттеулер әдіснамасы да, практикалық әрекеттер әдіснамасы да, жобалау категориясының логикасында оның үш кезең (фазалар) – жобалық, технологиялық, рефлексиялық – фазалар бірлігін сақтай отырып құрылады дей аламыз.

Әлеуметтік жүйелердің дамуын жобалауды инновациялық процестің моделі ретінде қарастыруға болады:

− ұйымның бастапқы жағдайы (біз қазір қайдамыз?);

− күтілетін болашақтың бейнесі (біз қайда барғымыз келеді?);

− қазіргі жағдайдан болашаққа өту әрекеттерінің құрамы мен құрылымы (біз күтілетін нәтиже алуымыз үшін не жасаймыз?).

Жобалау келесі қызметтерді атқаруға арналған:

− оның қатысушылар әрекеттерінің бағытын және олардың мақсатты бағдарларын анықтау, яғни орындаушылардың бірлескен жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз ету құралы болу;

− жеке орындаушылар мен олардың топтарының арасындағы байланыстарды анықтау, яғни орындаушылардың күштерінің интеграциясы мен әрекеттерін үйлестіру құралы болу;

− жұмыс барысы мен оның орындалуы жағдайларын бақылау құралы болу;

− қойылған мақсаттардың орындалуына кесел келтіруі мүмкін қауіп-қатерді алдын-ала болжай білу құралы болу;

− жұмыс бағытының жоспарланғаннан ауытқуы немесе бұрын болжанбаған қауіп-қатердің анықталуы барысында шешім шығара білу құралы болу.

Жобалау – бұл күтілетін нәтижеге бағытталған қозғалыстың тұтас моделі, оның негізгі міндеті – мақсатқа бағытталған қозғалысты бақылайтын құрал болу. Бақылау барысында болжамды нәрсе шынайы нәрсемен салыстырылады, бұл жағдайда бағдарлама аралық және түпкі нәтижелер салыстыруға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.

ХХ ғасыр аяғындағы қоғамдағы саяси -әлеуметтік қарқынды өзгерістер жобалауды әлеуметтік мәдени өзгерістерді басқару контекстінде де қарастырудың маңыздылығын айқындауда. Өйткені, бүгінгі ақпараттық жаңғыртулар ұдайы жүріп отырған қоғамдық өндірістің қуатты күші ауқымы жағынан табиғи үдерістермен барабар келіп, осы жағдайда адамдардың өзгермелі жағдайларға уақытында тез жауап бере алатын жаңа әрекеттерін ұйымдастыруды қажет ететін ортаны қалыптастыруда.

Қазіргі заманғы ғылым мен өркениеттің жаңа парадигмасына сай әлеуметтік жүйелердің өзгерістері, ондағы адамның орны мен ұйымдастырушылық ролі туралы мәселелер философиялық, мәдениеттанушылық және психологиялық тұрғылардан қарастырылуда. Бұл бағытта отандық ғалымдар бүгінгі әлеуметтік–мәдени жағдайларға қатысты жан-жақты зерттеулер ұсынуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет