Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Білім беру аймағындағы жобалау»


III «ОҚЫТУДАҒЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ЖОБАЛАУДЫ БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ »



бет77/134
Дата13.12.2021
өлшемі408,01 Kb.
#125563
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   134
Байланысты:
Дәрістер

III «ОҚЫТУДАҒЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ЖОБАЛАУДЫ БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ »

8-дәріс. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.

8.1. Оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері.

Оқытудағы жобалау. Әлеуметтік – мәдени контексте алғанда жобалауды оқыту әрекетін басқарудың түрі деп қарастыру және оның ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау арқылы оқушыны дамыту міндеттерін орындау мүмкіндігі белгілі. Бірақ бұл жағдайда жобалау әрекетін ұйымдастыру әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен бірдей деуге болмайды.

Жобалау әрекеті мектеп жасындағы оқушының барлығына да бірдей жүргізілмейді, ол әр сатыдағы (бастауыш, негізгі, жоғары сыныптар) оқушылар үшін түрлі қызмет атқарады, түрлі мақсаттар қойылады және түрліше орындалады.

Мектепте ұйымдастырылатын жобалаудың мақсаты өнім алу ғана емес. Оқушы үшін жобалау әрекетіне қатысу оның өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылуына ықпал етсе, мұғалім үшін ол педагогикалық міндеттерді орындау құралы болып табылады. Сондай – ақ, жобалау әрекеті оқу әрекетін түгелдей алмастыра алмайды және ол мектепте жүргізілетін жұмыстардың жалғыз ғана тиімді түрі деп те есептелмейді.

Жобалау – оқушылардың өз бетіндік оқу әрекеттерін ұйымдастыруда олардың белсенділігін арттыруға бағытталған құралдардың (технологиялардың) бір түрі.

Оқушылардың жобалау әрекеттерінің басты ерекшелігі – оның білім берумен тығыз байланыстылығында. Жалпы білім берудің өзін әлеуметтік жобалауға жатқызуға болады, бұл жағдайда жобалау субьектісі – қоғам болып табылады.

Нақтылап айтсақ, оқыту процесі – алдын ала белгіленген нәтиже, яғни белгілі бір сапаларға ие мектеп бітіруші тұлғасын қалыптастыру мақсатында арнайы ұйымдастырылатын үрдіс десек, білім берудің өзі жобалау әрекеті бола алады. Оны төмендегі қасиеттерге қарап айтуға болады:



  • мақсаты анықталынып алған (мектеп бітіруші моделі)

  • құралдары, белгіленген (білім мазмұны, түрлері, әдістері, ұйымдастыру ресурстары)

  • нәтижелік өнімнің болуы (мектеп бітірушінің белгілі бір сапалары)

Білім берудің осы сипатына қатысты алатын болсақ, педагог – жоба ретінде жүзеге асырылатын білім берудің мақсатын жүзеге асыратын агент. Өйткені, ол педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру арқылы күтілетін нәтижелерге сәйкес оқушының дамуын бағыттап отырады. Оның басты құралдары оқыту мен тәрбиелеу.

Педагогты жай орындаушы деп қарай алмаймыз, себебі орындаушы белгіленген операцияларды рет – ретімен, бір тәртіппен орындайтын адам. Оқыту процесінде балалардың барлығы білім беру әрекеттеріне бірдей деңгейде араласа алмайды, сондықтан, педагог әрбір нақты оқушының ерекшеліктеріне қарай өз әрекеттерін ұйымдастырушы, яғни субьект ролін атқарды. Осыған байланысты педагог – білім беру үрдісінің субьектісі деп айта аламыз. Өйткені педагог субьект ретінде мақсат қояды, оған сай құралдарды анықтайды, нәтижені алуға күш жұмсайды, түрлі жағдайларды ескере отырып, өзінің ұйымдастыруының амалдарын орындайды, өзгертеді, түзетеді, бағалайды.

Енді, осы жағдайда оқушы – білім беру процесінің субьектісі бола ала ма? Соңғы кездері бұл өте кеңінен қолданылып жүрген мәселе. Оқушыларға жекелеген білім беру, тұлғалық – бағдарлы оқыту, субьект – субьектілік тұрғы деген түсініктердің ендірілуіне байланысты бұл мәселе кеңінен талқылануда, оқушының субьектілігі кеңінен қарастырылуда.

Білім берудің әлеуметтік мақсатын қарастырсақ, оқушыға мақсат сырттан беріледі, бұл – оқушының мақсаты емес, әлеуметті құндылық. Ал оқушы оны өзі үшін құндылық деп қарастырмауы мүмкін. Бірақ оқушы өзін - өзі дамытуды өз міндетіне алса, онда білім алу оның мақсатына айналады.

Айта кету керек, оқушыларды дәстүрлі оқытуды жүзеге асыруды педагогтың жобасы деуге де болады. Педагог оқыту барысындағы әрбір педагогикалық әрекеттің неліктен қажет екендігін, жаңа тақырыпты түсіндірудің мақсатын, бақылау жұмысын жаздырудың неліктен қажет екенін нақты біледі. Дәстүрлі оқыту жүйесінде педагогтың әрбір қадамы берілген әдістемеден ауытқымайды, өзінің не айтатыны, оқушының қалай жауап беру тиістігі алдын ала белгіленеді және дәл солай орындалуы талап етіледі.

Жобалау әрекетін ұйымдастыруда да педагог оқушылардың жұмысын жоба түрінде құрады. Педагог білім беру мақсатын анықтайды, оған жетудің белгілі бір жолдарын ұсынады және қорытынды нәтиженің қалай болуы тиістігін алдын ала белгілейді. Осылайша, педагог әрекетінің өзі жобалық әрекет. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, жобалау әрекеті барысында педагогтың өз жауапкершілігі мен өзіндік іс - әрекеттері көбейеді, өйткені, ол оқушылардың жұмыстарын жоба жасауға бағыттайды, жоба жасау арқылы олардың түрлі қабілеттерін анықтайды, одан әрі дамытады. Ол өзінің оқыту жобасының нәтижесіне ғана емес, оқушылардың жобасы арқылы өнімінің нәтижесіне де жауап береді.

Педагогтың білім беру жобасы оқушылардың жобалары арқылы жүзеге асырылады, егер педагог оқушылардың жобаларын тиімді ұйымдастырып, олар өнімді және нәтижелі болған жағдайда педагогтың білім беру (оқыту) жобасы өз мақсатын орындайды.

Бұл жерде оқушылар жобасының «өнімі» - шартты ұғым, ол оқушының белгілі бір білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық, т.б сапалары болып табылады. Оқушылардың жобасын ұйымдастыруда педагог осы сапалардың белгілі бір сипатын мақсат ретінде алады.

Оқушылардың жобалау әрекеті қатаң реттелмейтін, көбіне олардың еркіндігін дамытуға бағытталғандықтан педагогтың жобалау іс - әрекеттеріне де еркіндік, өзгермелілік тән болады. Түрлі жағдайларға байланысты (топтағы болуы мүмкін түсінбестіктер, кейбір жобалардың сәтсіздігі, оқушының келмей қалуы, т.б) педагог көптеген өзгерістер ендіруі, ситуациялардан шығудың тиімді жолдарын анықтауы қажет болып отырады. Олардың барлығы да оқушылар жобасының, сонымен қатар, педагогикалық жобаның табыспен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Қорыта келе, жобалау барысындағы педагогтың іс - әрекеттерін жобалау әрекеті және басқару әрекеті деп екіге бөлуге болады:



  • білім берудің жаңа нәтижелерін (оқушылардың жаңа сападағы қабілеттерін дамытуды) жобалайды;

  • оқушылардың жобалау әрекетін басқарады;

Сондай – ақ, бұл екі әрекет бір – бірімен бірге, айтылмай жүргізіледі. Айта кету керек, оқушылардың жобалау әрекеті «жобалау» түсінігінің қалыптасқан тәртіптеріне түгел жауап бермейтінін бүгінгі ғалымдар сөз етіп келеді. Оны «квазижобалау» деп атау керек деген ұсыныстар да бар. Оның себебі жобалаушы жобаны белгілегенде өз мақсатын қойып, алатын өнімін белгілейді. Ал, оқушылар өз мақсаты емес, педагогтың немесе педагогикалық мақсат пен міндеттерді орындайды. Солай бола тұра, оқушылардың жобалау әрекеті педагог тарапынан «сауатты», тиімді ұйымдастырылса жоғарыдағы педагогикалық мақсатты емес, оқушылардың жобасының мақсатын олармен бірге анықтауға және орындауға әбден болады.

Оқушылар жоба жасаудағы өз әрекеттерін еркін тыңдап, өз бетімен оның мақсаты мен міндетін, әдіс – құралдарын күтілетін нәтижеге сай анықтауға мүмкіндік жасалса – жобалау олардың өз әрекеттеріне айналады. Демек, олардың жауапкершілігі мен өз бетіндік әрекеттері дамытылады.

Педагогикалық психологияда өзі үшін құнды мақсат қою және әрекеттерді өзі белгілеуі, нәтижеге жетуге ұмтылуы – оның субьектілігін білдіреді, яғни бұл жобалаудағы субьектіліктің көрінісі болып табылады. Сонымен, оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудың бір – бірімен ажыратуға болмайтын екі түріі бар – білім берудегі жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері. Олардың қалыптасқан түсініктегі жобалау әрекетіне жатқызуға болатын төмендегі жобаға тән белгілері бар:


Жобалау кеңістігіне қарасты алатын болсақ: педагогтың білім беруді жобалауы - әлеуметтік білім беру жобасы кеңістігінде орындалып, сол деңгейде қадағаланатын болса, оқушылардың жобалау әрекеттері – педагогтың білім беру кеңістігінде орындалып, сол деңгейде қадағаланады, басқарылады.

Бұл жағдай жобалау әрекетін қарастыру барысында оның шеңбері мен аясын белгілеу үшін маңызды болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет