Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет71/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127
Байланысты:
Лекции

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Ғылыми әдебиетті зерделеу мәнін ашып көрсетіңіз.

  2. Контент-талдаудың логикасын түсіндіріңіз.

  3. Педагогикалық тәжірибені талдаудың деңгейлерін сипаттаңыз.

  4. Өз зерттеуіңіз бойынша зерделенетін тәжірибенің өлшемдерін нақтылаңыз.



Педагогикалық тестілеу. Жіктеу. Педагогикалық өлшемдер құрылымындағы тестілеу. Сынақтардың түрлері Қытайда чань – буддизм мектептерінде кең қолданылған, онда жұмбақтар, ребустар, психологиялық жағдаяттар арқылы сынақтар жүргізілген. Бұл мектепте ойлануға уақыт бермей қолма-қол жауап беру қолданылған. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестті ағылшын педагогі Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.
XIX ғасырда жалпы білім беру жүйесінде көптеген жаңалықтар, өзгерістер пайда болды. Тестік бақылаудың негізін салушылардың бірі ағылшын ғалымы Френсис Гальтон. Ол өзінің бақылау ізденіс жұмыстарын 1884-1885 жылдарында жүргізді. Сынаққа 5-80 жас аралығындағы адамдар қатысты. Ф. Гальтон тестің қорытындысын жасау үшін бақылау жүйесін жасады. Тест термині кеңінен таралуы американдық психолог Дж. Кеттелдің «Интеллектуалдық тестілер мен өлшемдер» деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады.
Тестілерді алғашқы болып білім беру жүйесіне кеңінен пайдаланудан, француз психологі А. Биненің интеллектуалдық дамуы төменгі дәрежедегі балаларға арнап таңдаған тестілері сериясын (1904 ж.) айтуға болады. Сосын АҚШ-тағы (Стенфорд университетінде) осы әдістеменің негізінде JQ коэффициенті ұсынылған болатын. Қазіргі заманғы талапқа сай редакцияланған нұсқасында ол бүгінгі күні де кеңінен қолданылып жүр.
Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ-та жақсы дамыған. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды. Соңғы жылдары тесттік әдіс оқу-білімге қатысты барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр.
Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды.
Тестік бақылаудың түрлері өте ерте заманнан басталады. Б. э. д III ғасырда Ертедегі Вавилонда мектеп оқушыларының жазу дағдысын тексеру үшін алғашқы емтихандар жүргізілген. Осы сынақты өткен адам 2-кезеңге әңгімелесуге шақырылған. Осындай сынақтар Ежелгі Грецияда, Спарта да жүргізілген.
Тест деген не? Тест (англ. test) – сынау, тексеру, талдау. «Тест» – психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.
Тестілеу (Тестирование; testing) - тұтас компьютердің немесе оның жекелеген бөліктері мен программалық жасақтамалары жұмысының дұрыстығын анықтайтын процесс.
1 Альфа-тестілеу
2 Артығымен тестілеу
3 Бета-тестілеу
4 Кездейсоқ тестілеу
5 Құрылымдық тестілеу
6 Қызметтік тестілеу
7 Өрлемелі тестілеу
8 Дереккөздер
Альфа-тестілеу.
Альфа-тестілеу (Альфа-тестирование; а- testing) — арнайы жасалған тапсырмалар арқылы даяр программалық өнімді тестілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет