Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет82/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   127
Байланысты:
Лекции

Тұжырымдамабұл ғылыми, техникалық және де басқа түрлі әрекеттердің жетекші ойы, құрастырушылық ұстанымы (В.М. Полонский). Тұжырымдама материалы үсынылатын идея негізіне салынған жүйе ретінде берілуі керек. Оның үстіне тұжырымдама белгілі бір құбылыстың түсінудің тәсілі, оған көзқарастар жиынтығы, үдерісердің жетекші идеясы, әрекеттің негізгі түпкі мақсаты болып табылады. Тұтас алғанда тұжырымдама әдіснамалық қызмет атқарады және ойлау әрекетінің ерекше тәсілі іспетті.
Дидактикалық зерттеулердің тұжырымдамалары. Тұжырымдама - бұл ғылыми, техникалық және іс-әрекеттің басқа да түрлеріндегі жетекші ой, құрылымдық ұстаным (В.М.Полонский). Тұжырымдаманың материалы негізіне айқын қисынды мазмұндалған идея салынған жүйе түрінде ұсынылуы керек. Бұдан басқа, тұжырымдама қандай ма бір құбылысты, ағымдағы мәселені айқындайтын маңызды іс-әрекетті, көзқарасты, жетекші идеяны түсінудің анықталған тәсілі болып есептеледі. Тұтасттай алғанда, тұжырымдама әдіснамалық қызмет атқарады және ойлау әрекетінің өзіне тән тәсілі болып табылады.
Философия мен педагогикада әдіснамалық тұжырымдамалардың әртүрлі жіктемелері, әдіснамалық ұстанымдардың түсіндірмелері кездеседі. Бұл әсіресе, "әдіснамалық тұжырымдама" ұғымына көбірек қатысты. Әдіснамалық мәселені жүйелі шешу белгілі бір гносеологиялық ұстанымдар базасында құрылатын әдіснамалық тұжырымдамада беріледі. Әдіснамалық тұжырымдамаға тек философиялық ұстанымдар ғана ықпал етіп қоймайды. Әдіснамалық тұжырымдамалар ғылыми білімді дамытуды құрудың теориясы болғандықтан, ол да сондай немесе басқаша дәрежеде ғылымға және оның тарихына бағдарланады.
Әдіснамалық тұжырымдама мен әдіснамалық мектептерді төмендегіше жіктеуге болады: 1) гносеологиялық мектеп (П.В.Копнин, Э.В.Ильенков және басқалар); 2) Қазақстанның философиялық мектебі (Ж.М. Әбділдин, Г.Г. Ақмамбетов, А.Н.Нысанбаев, О.А. Сегізбаев, Д.К. Кішібеков, В.А. Ким, М.М. Сужиков, А.Х. Қасымжанов және т.б.); 3) ғылымның логикалық-математикалық әдіснама мектебі (С.Я. Яновская, А.А. Зиновьев, В.А. Смирнов және т.б.); 4) жүйелі-әдіснамалық тұжырымдама (В.Н. Садовский, И.В. Блауберг, Э.Г. Юдин, А.И. Уемов және т.б.); 5) ойлау әрекеті және ұйымдастыру - әрекеттік ойындар жүйесінің әдіснама мектебі (Г.П. Щедровицкий және т.б.); 6) ақыл-ой мектебі (И.С. Ладенко және т.б.); 7) ұйымдастырушылық басқару жүйесін тұжырымдамалық жобалаудың әдіснамалық иектебі (С.П. Никоноров және т.б.).
Тұтас тұжырым әртүрлі ғылымнан алынған білімді жай ғана құрастыра салудан түзілмейтінін естен шығармау керек. Тұжырымдама құбылыстың көрінісінің категориялық инструментарийін - яғни зерттеліп отырған феноменнің мәні, функциясы, құрамы, құрылымы туралы түсінікті береді. Зерттеуші ғылыми - педагогикалық жұмыстың сапасы тұжырымдамалық құрылымыға немен байланысты екеніне өзінің зерттеу пәнін көру призмасы тұрғысынан жалпы ғылыми және педагогикалық категориялар арқылы өзінше талдау береді.
Бірдей әдістемелік негізде жасақталған метатұжырымдама көзқарастар жүйесіне құрылымға инвариант, яғни нысанның сипатына тәуелсіз түрде енуі керек. Мұндай жұмыстардың мысалы автордың мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселесі бағытындағы докторлық диссертациясын орындау барысында тұжырымдаманы қарастыру және зерделеу қызметі болып табылады (5-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет