Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»


Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу



бет2/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Лекции

1.2. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу. Ғылым деген не, оның қандай мәселеге арналғаны, ғылым саласында қалай сауатты, тиімді жұмыс істеуге болады деген мәселе - ғылыммен айналысқысы келетін әр зерттеушіге өте маңызды, себебі мұндай сұрақтарға жауап табу оған ғылымның әр адам өміріндегі, қоғамдағы маңызын сезінуге, мәнін түсінуге, сонымен қатар оның жүзеге асырылуының сатылары мен тетігін түсінуге көмектеседі.
Ғылым танымның үйреншікті, діни, мифологиялық, көркемдік философиялық сияқты әдістерінен қоршаған ортаны пәндік және нысандық жағынан тану тәсілімен ерекшеленеді. Әлемді адам әрекетінің ажырамас бөлігі танымның көмегінсіз, одан бөлек практикалық және рухани жағынан өзгерту мүмкін емес.
Ақиқат болмысты ғылыми тұрғыдан танудың қажеттілігі оның адамзат үшін пайдалы жетістіктерге бағытталуымен түсіндіріледі. Қазіргі инновациялық даму ашылған ғылыми жаңалықтардың өркениеттілік іс-әрекеті үшін тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ғылым -техника – өндіріс» үштігінің қалыптасуының қажеттілігін қажет етеді. Ғылымның анықтамалары өте көп, екі жүзден кем емес екендігі оның мағынасы мен атқаратын қызметінің түсінуге күрделі екендігін айқындайды.
Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады. Ғылым - білімдер жасау, алу мақсатындағы әрекет, жұмыс. Ғылым саласындағы әрекет - ғылыми зерттеу. Бұл ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін объектілері туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі. Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған. Оның нәтижелері ғылымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжамдар жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Ғылымның басты параметрлері мен белгілері төмендегі 1-кестеде көрсетілген. Көрсетілген параметрлер мен белгілер негізінде ғылым туралы түсінікті анықтаймыз.
Ғылым - тарихи жағдайда пайда болған, яғни цивилизацияның қалыптасуымен байланысты қоршаған ақиқатты тануды қамтамасыз ететін, оның тиімді негізде жетілуі және адамның кезкелген әрекетін орындау барысында тиімді шешім қабылдауды ұйымдастыратын және тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін жұмсай отырып, арнайы инструментарий - эмпирикалық тәжірибе мен тексеруге сүйенген ойлау амалдарын жетілдірудегі тамыры терең адамзат әрекетінің аумағы.
ХХ ғасырда ғылым адамзаттың ең жоғары құндылығы болып табылады. Сциентизм (лат. scientia — білім, ғылым), ғылымдағы дүниеге мәдени көзқарас тұрғысынан мойындай отырып, ғылымның рөлін абсолюттендіреді, ғылыми критерийлерді адамзаттың дүниемен қарым-қатынасының барлық түріне тарата отырып, жаратылыстану және техникалық ғылымдар әдістеріне, математикаландырылған жаратылыстануға сүйенуді ықпалды түрде талап етеді. Оны жақтаушылар тұрмыс пен оралымды жайлылықты, басқарылымды, адам өміріндегі жетістіктерді көтеретіндей етіп өзгертуді ұсынады және ғылымның адамзат өміріндегі экономикалық, әлеуметтік-саяси мәселелерді шеше алатынына сенеді.
Антисциентизм оған қарама-қарсы көзқарасты ұстайды. Ол ғылымның, ғылыми жаңалықтардың (ғылыми инновацияның) бәрін тегіс қамти алатындығындай мүмкіндігіне сенімсіздік танытады, ғылыми-техникалық революцияның зардаптары мен технократия қауіптерінен сескенеді және адам өміріндегі адамгершілік, өнер, діни, рухани құндылықтардың, адамның сезімі мен күйзелістерінің маңыздылығын алға тарта отырып, дәстүрлі құндылықтарға, іс-әрекет амалдарына қайтып оралуды талап етеді.
Жеке білім тұжырымдамасының авторы М. Полани сциентизм адамның ақыл-ойын шіркеуден де артық тұйықтап, тіпті маңызды ішкі сенімдерімізге де орын қалдырмастан, терминдермен қымтап тастауы мүмкін екенін айтады.
1- кесте. Ғылымның сипаттамасы




Параметрлері мен белгілері

Сипаттамасы

Түсіну және айқындау туралы белгі (0ден 100 балл)

1

2

3

4

1

Әрекет ету аймағы, таралу шектері

-адамның іс-әрекет аймағы;
-мәдени-рухани феномен, рухани өндіріс формасы (түрі);
-қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің түрлерінің тарихи қалыптасуының бір түрі;
-қоғамның барлық аймағына айтарлықтай әсері бар әлеуметтік институт;
-тәртіптік білімнің жүйесі немесе жиынтығы;
-білімнің және әдет-ғұрыптың жүйелі жинақталған қорының, дүниенің ақиқат заңдылықтарының жүйесі және таным әдісі.







Миссия

- дүниені оңтайлы тану және адам мен қоғамның пайдалы іс-әрекетінің базасын қамтамасыз ету;
- техника мен өндірістің даму факторының ғылымның дамуымен байланыстылығы;
-мемлекеттің күшінің көрсеткіші қоғамның бәсекеге қабілеттілігінің қаншалықты қамтамасыз етілгендігінде. Ғылыми жетістіктер мемлекеттің экономикалық және халықаралық мәртебесін көрсетеді.




3

Мән

-ақиқат болмыстың құбылыстары мен пәндерінің арасындағы жасырын, айқын емес, бірақ шын мәнінде бар байланыстар түзу, зерттеліп отырған құбылысты туғызушы барлық себептер кешенінің пайда болуы. Жаңа білімнің анықтығы тек хабарланып қана қоймайды, нақты құрылған логикалық амалдар мен білімді ұйымдастырудың жүйелілінің көмегімен дәлелденеді.




4

Негіз

- мұраттар мен қағидалар;
-философиялық негіздер;
-дүниенің ғылыми бейнесі;
-ұстанымдар, ғылыми аппарат, зерттеу стандарты.




5

Мақсат

-табиғат заңдарының пайда болуына және оларды эмпирикалық бақылауға негізделген дүниені тиімді тәсілдермен танудың көмегімен ақиқатқа қол жеткізу;
-нақты шын білімнің өндірісі мен олардың жүйелілігі.




6

Міндеттер

-сипаттау;
-түсіндіру, сыни талдау, жүйелеу, сараптама, жаңа білімді тудыру;
-жаңалық ашылуы;
-ойлап табу;
-фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, тенденцияларды, олардың ашылу заңдылықтарын зерттеудің пәнін құрайтын ақиқат нысандарын алдын-ала көру, болжау.




7

Атқаратын қызмет (функция)

-мәдени-өмірлік көзқарас, оның ішінде коммуникативтік;
-технологиялық, заманауи дамуды қамтамасыз ететін жаңа технологияны жасаумен байланысты жобалау-құрастырмалық;
- аса ірі проблемаларды шешу жолында өзін - өзі көрсетудегі әлеуметтік реттеу және күш, мысалы экологиялық;
- тікелей өндіруші күш, әлеумет дамуының шаруашылық-мәдени факторы.




8

Деңгейлер

-эмпирикалық;
-теориялық.




9

Құрам

-өз кезегінде көптеген ғылым пәндерге бөлінетін бірнеше дербес ғылымдарды біріктіреді.




10

Критерийлер

- дүниені оңтайлы тану;
-жалпы байланыстар мен заңдылықтардың реттелген кескіні;
-өндіруші күш;
-қайшылықсыздық, толықтық, анықтық, ақиқаттық, тәуелсіз дереккөздердің және бақылауладың жиынтығымен айқындлтын жан-жақтылық, нақтылық;
-тарихи өзгермелі нормативтер, ғалымдардың мәдени- стилистикалық ерекшеліктері мен ойлау схемаларына қойылатын талаптар (мыс, қатаң детерминистикалық немесе ықтимал және жобалап ойлау);




10

Критерий

  • дүние танудың тиімді жолы;

  • жалпы байланыстар мен заңдылықтардың реттелген бейнеленуі;

  • өндіргіш күш;

  • тәуелсіз дереккөздер және бақылаулардың қарама-қайшылықсыз, толықтық, сенімділік, шынайылық, жан-жақтылықпен расталатын жиынтығы;

  • тарихи өзгеріп тұратын нормативтер, мәдени-стилистикалық ерекшеліктерге және ғалымдардың ойлау схемасына қойылатын талаптар;

  • алынған зерттеу нәтижелерін мойындалған, ғылымды жеткілікті негізделмеген және талданбаған өзге білімдердің еніп кетуінен сақтайтын іргелі білімдермен өзара байланысын қамтамасыз ететін когеренттілік;

  • прогрессиялық, төзбеушілік, жартылай негізді, ақпараттық, эвристикалық, эстетикалық жинақылық, демократиялық және қарым-қатынастың либералдық жүйесі және т.б.




11

Жүзеге асыру түрі

-ғылыми зерттеу жүргізу –жаңа білім жасап шығару, жекелеген зерттеушіге де, сонымен қатар ғылыми жұмыс түрінде – диплом жұмысы, диссертация, жоба т.б. ретінде рәсімделген зерттеу тобына да танымдық іс-әрекеттің бір түрі болып табылады.




12

Зерттеу бағыты және түрлері

-іргелі - жаңа негізделген білім алу, сонымен қатар нәтижесі тікелей өндірістік қолдануға болжанбаған зерттеліп отырған құбылыстың заңдылықтарын түсіндіру мақсатында жасалатын терең де жан-жақты зерттеу. Ол мынадай сұраққа жауап береді: «неге мұндай жолмен жасалады және жасалуға тиіс?».
- ізденістік- қолданбалы - іргелі ғылымның жетістіктерінің негізінде практикалық мәселелерді шешу жолдары жасақталады. Зерттеу нәтижесі жаңа технологияны жасаудағы және бұрыннан бар технологияны жетілдірудегі нақты ұсыныс болып табылады. Ол мынадай сұраққа жауап береді: «Қалай және қандай жолмен әрекет ету керек?»
- зерттеушілік және тәжірибелік-жобалау жасалымдары - ғылыми да жобаны техникалық және инженерлік жағынан жетістіруді қамтамасыз ете отырып, ғылым өндіріспен жалғасады.
-осы ғылымның, ғылыми пәннің нақты нені зерттейтіні туралы ғылыми тұрғыдан қарауға жататын ақиқаттың бөлігі, аймағы, аумағы, яғни, зерттеушінің ойы неге бағытталғаны, не нәрсе бейнелену мүмкіндігі, сипатталғаны, аталғаны, қабылданғаны, айтылғаны және т.б. Сонымен қатар бірнеше ғылыми көзқарастар тұрғысынан болу мүмкіндігі.




14

Пәні

  • - нысанның зерттеуге жататын айқындалған аспектісі (жағы, қырыбөлігі).




15

Субьект

  • -жекелеген зерттеуші, ғылыми қоғам, ғылыми ұжым және т.б., ақырында тұтас қоғам.




16

Мазмұны

  • -жаңа білім алудағы іс-әрекет және оның нәтижесі – дүниенің ғылыми бейнесінің негізі болып табылатын жүйеленген білімнің жиынтығы.




17

Әдістер

  • - ойлаудың жалпыадамзаттық амалдары (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, индукция, дедукция);

  • - тарихи және логикалық;

  • - белгілі бір ғылым немесе ғылыми пәнге және олардың өзіндік ерекшелігіне сәйкесті мерзімді жүйесі мен амалдары;

  • -амалдар: а) эмпирикалық зерттеу (амалдық, байқау, өлшеу, эксперимент т.б.); б) теориялық зерттеу (абстрактіден нақтыға шығу, аксиоматикалық, формальдық, модельдеу, рефлексия және т.б.).

  • Тәсілдер сонымен қатар төмендегіше бөлінеді: а) жалпығылыми; б) жеке ғылыми; в) арнайы әдістер.




18

Ғылыми таным мен зерттеудің үдерістері мен кезеңдері

  • - Ғылыми таным үдерісі: Ж. Адамар схемасы бойынша:

  • - а) ғылыми міндеттерді қоя білу; б) инкубация; в) ой келу; г) Энгеймауэр схемасы бойынша логикалық таңдау: а) нұсқаларды бастырмалату; б) нұсқаларды іріктеу.

  • Ғылыми зерттеудің үдерісі мен кезеңдері:

  • -ғылыми және әлеуметтік контекстіде мәселені ұғыну және бөліп ала білу;

  • - идеяның тууы, тақырыптың аталуы;

  • -зерттеу мақсаты пен міндеттерінің пайда болуы;

  • -болжамның жасалуы, теориялық зерттеу;

  • -эксперимент жүргізу, ғылыми фактілер мен нәтижелерді жалпылау;




19

Нәтижелер

  • -өмір сүру сапасын барынша тиімді тәсілдермен арттыру;

  • -қоғамның материалдық-техникалық базасын жасақтаудағы айтарлықтай көмек;

  • -ғылыми-техникалық жаңалық (разработка);

  • -қоғамдық қатынастарды жетілдіру;

  • -адамның жаңа сапаларын қалыптастыру;

  • -практикада тексерілген ұғым, категория, заңдар, болжамдар, теориялар, дүниенің ғылыми бейнесі сияқты танымның әртүрлі әдістері нәтижесінде алынған ғылыми білімнің нәтижелері. Олар алдын-ала болжамды қоғам мен адамның талабына орай ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік береді;




20

Инфрақұрылым

  • -нақты бір қызмет атқаратын отандық, шетелдік ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары мен бөлімшелері;

  • - ғылыми-зерттеу жұмыстарының білім мен әдістерін ғылыми іс-әрекеттегі субьект ретіндегі жеткізуші ғылыми қызметкерлер, отандық, халықаралық ғылыми қаумдастықтар;

  • -ғылымды мемлекеттік ұйымдастыруға және басқаруға, ғылыми жобалар конкурстарын өткізуге жауапты мемлекеттік басқару органдары және т.б.;

  • -диссертациялық зерттеулерін қорғау арқылы нәтижеге қол жеткізетін ғылыми кадрларды дайындау;

  • - өз ықыластарымен және мемлекеттік, бизнестік тапсырыстар бойынша жасалған ұжымдық және авторлық жұмыстар;

  • - арнайы танымдық мақсаттардың, міндеттердің және құралдардың болуы;

  • -ғылыми жетістіктерді бағалаудың, тексерудің, талдаудың, марапаттаудың (медаль, сыйақы) түрлерін, белгілі бір санкциялардың болуын ойлап табу;

  • ғылыми ақпарат және коммуникация жүйесі;

  • -отандық та халықаралық та ерікті ғылыми қоғамдар.




21

Ғылыми тіл

  • әрбір ғылыми жүйеге қажетті арнайы тіл: а) табиғи; б) жасанды (белгілер, символдар, математикалық теңдеулер, химиялық формулалар және т.б.).

  • Олардың арасындағы ерекшелігі: айтылатын сөзді алдын-ала ойластыру, монолог, үлкен мазмұнды толықтық және ойды айтып жеткізудегі ұжымның ішкі логикасы, түсініктілік және категориялық аппарат.

Жоғары дәрежеде толыққанды ойлау негізінде ақпараттылық, бірізділік пен дәл, нақты түсінудің ғылыми байланысын қамтамасыз етеді.




22

Ғылымдар жүйесі

-табиғи;
- қоғамдық және гуманитарлық;
-техникалық.




23

Өзара әрекеттестік:

-философиямен, оның ішінде "неге және ақиқаттың жетістігі қалай мүмкін болады" деген сауалдың аясында талқыланатын ғылым философиясымен.
- идеологиямен (қоғамдық идеяларымен және теориялар мен көзқарастар жиынтығымен).




24

Қалыптасу тарихы

- Ерте дүниедегі қоғамдық практика талаптарымен байланысты пайда болу;
-қазіргі жүйеде қалыптасты: 16-17 ғғ.




25

Периодтар

-ғылымның дамуында оның құрылымын, таным қстанымдарын, категорияларды және әдістерді, сол сияқты оның ұйымдастыру формасын өзгертуге әкелетін экстенсивтік және революциялық кезеңдер кезектесіп отырады.




26

Қазіргі жағдайы

- ғылыми әректтің көлемі ірбір 10-15 жылда көбейіп отырады, соған байланысты:
- жаңа ашылымдардың өсуі;
-ғылыми ақпараттың өлемі;
-ғылыми қызметкерлердің саны артып отырады.
Қазіргі өркениеттің инновациялық дамуының талаптарын орындауды мақсат тұтқан, сонымен қатар ғылымда жетекші рөлге ие "ғылым-техника-өндіріс" жүйесін туғызған ғылыми-техникалық революция.




27

Жаңа белгілер

- тұрақты құбылыстарды зерделеп отыру дербес, қайталанбас құбылыстарға ғылыми назар аударуды еселей түседі;
-нанотехнологияны кең түрде өндірістік қолданудың күтілуі барлық адамзат үшін терең экономикалық және әлеуметтік әсерлі болмақ;
-дүниенің механикалық бейнесіне негізделген классикалық ғылым классикалықтан тыс және классикалық емес бейнемен толықты (кванттық үдерістерге бақылау мен бақылаушы ұстанымдарының әсері, кейбір космогондық теориялар және т.б. кезіндегі табиғат заңдарын өзгерту ұстанымдары және т.б.);
- әлеуметтік-мәдени ақиқатты түбірімен өзгертетін микр- және мега әлемді тану бағытын тереңдету;
-классикалықтан тыс ғылым әлеуметтік мәдени келісімді насихаттайды;
-жаңаның мәні абсолюттенеді;
-ақиқатты қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар арқылы түсінуде қатаң математикалық және физикалық модельдерді біріктіретін синергетиканың пәнаралық әдісін тірек ету;
-дүниеге көзқарасты бағдарлау;
-ғылымның парадигмалық сипатына бейімделу;
Дамудың альтернативтік мүмкін сценарийлерін құру;
-синтезма және антисциентимизм сияқты бағыттарды күшейту.



Антисциентисттердің бастамасымен ғылыми жетістіктердің қолданылуына әлеуметтік бақылаудың қажеттілігі туралы мәселе көтерілді, әйтпесе, ғылым өздігінен адамзатты бақыттырақ ете алмасы анық еді және оны адамгершілікпен (мораль) ауыстыруға болмайды.


Осының бәрі жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық, техникалық ғылымдар мен нәтиже алуға бағытталған ғылыми зерттеулердің жауапкершілігін көтеру қажеттігін куәландырады және сонымен бірге адамзаттың болашақ дамуын жобалайтын ғылыми-теориялық қызметтің маңыздылығына бағыттайды.
Қазіргі заманғы өркениеттіліктің, қоғамның өмір сүру дағдысының, адамзат тағдырының, табиғи ортаның жағдайының, әлеуметтік-мәдени және білім беру прогресінің аса ірі кризисіне төтеп беру сауатты ғылыми шешімдерге тәуелді.
Ғылым дамуында ғылыми революциялар, құрылымын, таным қағидаларын, категориялар мен әдістерді, сонымен қатар оны ұйымдастырудың формаларын өзгертуге әкелетін ғылым парадигмасының өзгеруі сияқты экстенсивті және революциялық кезеңдер кезектесіп отырады.
Қазіргі ғылым көпқырлы саласы мен ақиқат дүниені терең түсіну жүйесіне негізделген білімді тұтастай талдап қорытуға бағытталған, сондықтан маңызды дүниетаным бағдары дүниенің біртұтас жалпы ғылыми сипаттамасын жасауға ұмтылыс болып табылады.
Ғылыми ізденісті жүзеге асырудың басты формасы - жекелеген ғалымның және ғылыми ұжымның ғылыми жобасын, ғылыми зерттеуін дұрыс ойластырылған жүйеде ұйымдастырылған ғылыми іс-әрекет. Ғылыми-зерттеу іс-әрекеті - әлеуметтік-мәдени, технологиялық және өндірістік мәселелерді шешуге қажетті жаңа білім алуды және оны қолдануды қамтамасыз ететін күрделі ақыл-ой қызметі. Егер: а) зерттеушінің танымдық әлеуетін белсендіретін ғылыми іс-әрекет, б) зерттеліп отырған саланы танып білудің нақты ойластырылып жасалған зерттеу кезеңдері мен әдістері; в) жоспарлы ізденіс жүргізу; г) алынған нәтижені рәсімдеу; д) зерттеу қорытындысы бойынша қорғау немесе есеп болмаған жағдайда зерттеу жүргізілуі мүмкін емес.
1.3. Ғылыми зерттеулердің ғылыми таным стратегиясы, тактикасы және логикасы оның ерекшелігіне неғұрлым тәуелді болса, солғұрлым оның түрін ажырату маңызды болады. Олар 10-ның үстінде деп есептеледі, солардың ең маңыздысы төмендегілер:
а) өндіріс үшін алынған арнайы білім келесі ғылыми ізденістің негізі болып табылатын іргелі;
б) нақты мәселелерді шешуге бағытталған жаңа білімді табу және қолдануға бағытталған қолданбалы;
в) нақты белгілі бір ғылым шеңберінде жүргізілген немесе бірнеше ғылымдар тоғысында жүргізілген пәндік және пәнаралық;
г) ақиқаттың нақты аспектісінің мәнін айқындайтын және практикалық қызметтің белгілі бір секторында жедел басқарушылық шешімдер қабылдайтын аналитикалық;
д) жұмыстың сол бойдағы маңызы мен болашағын анықтауға бағытталған ізденістік;
е) бұрын алынған теориялық білімнің ақиқаттың нақты қай саласында тарағаны және маңызының қандайлығын айқындайтын мақсатқа құрылған ең кең тараған нақтылаушы;
ж) зерттеу жұмыстары, іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижесін практикаға енгізуге жауаптылар.
Соңғы жылдардағы көптеген жарияланымдарда педагог-ғалымдар (жеке алғанда әдіснамашы Б.С. Гершунский, В.В. Краевский, О.Г. Прикот, А.С. Роботова және басқалар) педагогика ғылымының мәртебесіне өзге ғылыми пәндерден әртүрлі қауіп төніп тұрғанына алаңдаушылық бар екені жөнінде пікірлер білдірді. Қазіргі жағдай, Г.П. Щедровицкийдің пайымдауынша, «педагогикаға қызмет көрсететін, «кешенді ғылымдар»» деген жаңа типті ғылымдардың қалыптасуымен сипатталады. Әрине, педагогика ғылымы басқа ғылымдар мен бағыттардың (әлеуметтік антропология, феноменология, когнитология, семиотика, информатика) тарапынан ерекше талаптарды елемей, ескермей қоя алмайды. Өкінішке орай, педагогиканың бұл ғылымдармен өзара қарым-қатынасы пәнаралық қақтығыстарға да әкеліп соғуда.
XXI ғасырдың басында педагогиканың құрылымын түсінудің өзін қиындататын құрамындағы пәндердің ғылыми бағыттары, ағымдардың көптігі педагогиканы күрделі жүйеленген ғылым болуға әкелгені ақиқат.
Педагогиканың құрылымын анықтауға тұжырымдамалық көзқарастар мен тұғырлар көп-ақ (В.И. Гинецинский, В.Е. Гмурман, И.М. Кантор, В.В. Краевский, А.В Мосина, В.М. Полонский, Е.В. Титова). Бірақ ғалымдардың педагогика ғылымының айқын құрылымын құрып бітуі әзірге аяқталмаған секілді. Педагогиканың бірыңғай әрі біртұтас ғылым ретіндегі құрылымын зерделеу қажеттігі анық көріне түсуде. Болашақ педагогикалық зерттеулердің бағыттарын таңдауға жазық кеңістік ашылуда. Дегенмен, замануи педагогиканың тұтас құрылымын, оның әдіснамасын негіздеу мәселесі өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Өйткені, педагогиканың дамуының күрделілігі, әртүрлі, кейде балама көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің, тұғырлардың, ағымдардың, бағыттардың болуы, нақты педагогикалық пәндер санының көптігі қазіргі педагогиканы талдауға қажет әдіснамалық тұғырды арнайы жасауды талап етеді. Бұл тұжырымдама педагогикалық пәндердің тұтас жүйесі ретіндегі педагогика ғылымы құрылымын талдаудың негізіне алынатыны ақиқат.
Бұл ретте ғылыми пән оның құрылымының жүйе құрушы элементі түрінде педагогиканың өзін-өзі рефлексиялауы мен дамытуын зерттеудің өміршеңдігін қарастырады. Ғылыми пәннің талдау бірлігі ретінде алынуы педагогиканың құрылымын сипаттауда қолданылатын жалпы ғылымилық категориялардың ұғымдық аппаратын реттеуге мүмкіндік береді. Замануи педагогикадағы жалпы ғылымилық ұғымдар осыған дәлел. Ғылымның дамуы ғылыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байланысы үрдісімен сипатталатыны бәрімізге мәлім. Ғылымдардың жақындасу үдерісі, кешенді тәсілді қолдану көптеген жеке ғалымдарға тән, бірақ философиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің пайда болуына ықпал етті. Бұндай интегративті сипаттағы ғылыми негіздеме бірнеше пәндердің әлеуетін біріктіретін түсініктер педагогикада да кеңінен қолданылуда. Осы уақытта іргелі зерттеу жүргізу мұндай жалпы ғылымилық «жүйе», «құрылым», «әрекет», «әлеуметтік», «оңтайлылық», «жағдай», «ұйымдастыру», «болжам», «деңгей» және басқа да түсініктерсіз мүмкін емес.
Жалпы ғылыми түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойластырғанда, педагогиканың терминологиясы «педагогикалық болмыс», «педагогикалық жүйе», «білімдік үдеріс», «педагогикалық өзара әрекеттестік», сияқты сөз тіркестерімен байиды. Олардың қысқаша сипаттамасы төмендегідей. Бұл жалпы ғылымилық ұғымдар аясында жоғарыда көрсетілген үш түсінікті қарастырамыз.
Жүйе дегеніміз - бірі өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара байланысты элементтердің тұтас кешені. Зерделенетін нысанға жүйелі тұғырды қолдануды анықтау есепке алынатын жүйенің ең қажетті сипаттамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) және әрбір элементтердің қызметі, оның жүйедегі рөлі мен маңызы. Өз кезегінде жүйенің элементі басқа бір кең жүйеге оның бөлігі ретінде енуі мүмкін.
Философиялық тұрғыдан әрекет мазмұны әлемді өзгерту мен қайта құру болып табылатын адамның өзін қоршаған әлемге белсінді қарым-қатынасы. Адам әрекетінің жеке түрлері - өндірістік, экономикалық, ғылыми-этикалық, педагогикалық әрекеттер кеңірек жүйенің, мысалы, қоғамды тұтас алсақ, соның бір кіші жүйесі болып табылады. Сонымен, жүйелілік және әрекеттік тұғырлар бірігеді де, қоғамдық әрекетке, жеке алғанда ғылыми және педагогикалық әрекетке жүйелілік-әрекеттік тұғыр қолданылады. Тұтас педагогикалық әрекет жүйесін құрайтын әрекеттің келесі түрлері былайша ажыратылады: практик-педагогтардың жұмысы; әкімшілік әрекет; білім беру үдерісін ұйымдастырушы; ғылыми-зерттеу әрекеті; педагогика ғылымы нәтижелерін практикаға енгізу. Жүйе және әрекет туралы айтылғандардың барін есепке алсақ, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатын «педагогикалық жүйе» терминін түсінуге мүмкіндік туады. Мұндай жүйе өзінің құрамына, яғни оның элементтерінің мазмұнына байланысты нақты толықтырылады: оқытудың ұйымдастыру формалары немесе әдістері, білім мазмұнының құрылымдық жүйесі, әдістемелік жүйе, тәрбие жүйесі және т.б. Бұл жүйені жасаушыға немесе оның зерттеушісіне қойылатын басты талап - оны жүйелілік тұғыр тұрғысынан сипаттай білу, құрамын, құрылымын және қызметтерін нақты белгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет