Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет90/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127
Байланысты:
Лекции

Н айденова Наталья Николаевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім академиясының педагогикалық компаративистика орталығының меңгерушісі. Ол – мектеп оқушыларының білімін тексерудің автоматтандырылған жүйесінің авторы. Педагогикалық өлшемдер мәселелері бойынша тағылымдамадан өтті, (халықаралық зерттеулердің PIRLS, TIMSS, PISA, CIVIC) мәліметтерін таңдау және талдау бойынша ұлттық үйлестіруші қызметін қоса атқарды.
Н.Н. Найденованың ғылыми жұмысының негізгі бағыттары – білім беру сапасын өлшеу, халықаралық салыстырмалы зерттеулер және түрлі елдердегі тестілеу әдіснамасы, мультиплексті бақылау-өлшеу материалдарын дайындау, құзіреттілік пен жалпы функционалдық сауаттылықты өлшеу, тестілеу мен сауалнаманың нәтижелерін бағалау әдіснамасы; мониторингтік зерттеу әдіснамасы; кәсіптік және бейіндік білім берудегі өлшемдер және т.б.
Н.Н. Найденова «Оқимын. Жазамын. Ойлаймын» атты түйіндік құзіреттіліктерді жалпы функционалдық сауаттылық бойынша өлшеудің авторлық тұжырымдамасын жасады. Білім беру сапасын бағалауға «Эвалюация» ұғымын, өлшеудің мультиплекс әдісін, жалпы функционалдық сауаттылық тұжырымдамасын ендірді.
Этнопедагогика саласының әдіснамасы да жетілдірілуде, ғылыми тәжірибе бөлісу күшеюде. Профессор К.Ж. Кожахметованың еңбектеріне педагогика ғылымдарының докторы Шавади Мадов-Хаджиевич Арсалиев бірнеше рет сілтеме жасаған болатын.

А рсалиев Ш.М.-Х. 1958 жылы дүниеге келген. Шешен мемлекеттік университетінің тарих факультетінің деканы, Шешен Республикасының ғылымға еңбегін сіңірген қайраткері, профессор. Педагогикалық Халықаралық академияның академигі. Ғалым «Заманауи этнопедагогиканың әдіснамасы» деген монографиясында әлемнің қазіргі заманғы бейнесіне сәйкес этнопедагогиканың әдіснамалық негіздерінің қалыптасу мәселесін қарастырады. Заманауи этнопедагогиканың әдіснамасы этнопедагогтардың бай теориялық және практикалық тәжірибесіне негізделген. Этнопедагогиканы ғылым ретінде қарастыру білім беру кеңістігінің көпмәдени ұлтаралық байланыстарды нығайтуға әсерін күшейтуге кепіл бола алады.


Ғалымның пайымдауынша, этнопедагогикалық зерттеулердің философиялық негіздеріне экзистенциализм, прагматизм, диалектикалық материализм, неотомизм, неопозитивизм, «өмір философиясы», фрейдизм және неофрейдизм, бихевиоризм, эволюционизм және неоэволюционизм, диффузионизм, социологиялық және этнопсихологиялық мектептер, функционализм, мәдени релятивизм алынады.
Этнопедагогикалық зерттеулердің гносеологиялық ресурстарына этникалық, этникалық мәдениет, аңыз, фольклор, дін, тәрбиелік дәстүрлер, салттар, отбасылық-тұрмыстық нормалар жатады. Зерттеушілік ізденіс этнопедагогикалық білімнің, этнопедагогикалық жүйелердің және технологиялардың, этнопедагогикалық құбылыстарды зерделеуге жаңа тұғырлар, әдістер қолдану мәселелеріне шоғырланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет