Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет111/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

1.
 
Бағдарлама - жобаның ерекше түрі. 
Бағдарлама – алдымен 
құрлымдық қызметті орындайтын жобалау пәніне жетуге бағытталған 
нақтылы іс-әрекеттерді анықтауды алға қоятын жобаның ерекше түрі.
Бағдарламаның құрылымына мақсат туралы мәлімет, ұсынылған өнім, оны 
алу құралдары, сонымен қатар өзгеру нысандары мен жобалау шеңберіндегі 
басқарушылық іс-әрекет рәсімдері енеді. Білім беру мекемелерінде кең 
тараған бағдарламалар қатарларына мыналар жатады: 
 

Білім беру бағдарламалары; 

Оқу бағдарламалары;

Жылдық іс-әрекет бағдарламасы (басқарушы, педагог, балалар 
ұжымы, ұйымның); 



Жылдық немесе одан да көп даму бағдарламасы (ұйым, 
бірлестік, ұжым);

Нақты бағыт бойынша іс-әрекет бағдарламасы (мамандармен 
жұмыс бағдарламасы, зерттеушілік, тәрбиешілік іс әрекет бағдарламасы). 
Барлық типтегі бағдарламаларды жоспардан ажырата білу керек. Жоспар 
педагогикалық іс-әрекетті реттеуге, жоспарлылық және жүйелілік, 
басқарушылық және нәтижелердің бірігуі сияқты педагогикалық 
үдерістерге талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге арналған. Жоспар- 
іс-әрекеттің мазмұндық бағдарларын беретін, оның тәртібін, көлемін, уақыт 
аралығын анықтайтын құжат. Түрі мен типіне, уақыты мен мазмұнына 
байланыссыз жоспар келесі қызметтерді орындайды:
1.
бағыттайтын, ол іс-әрекет саласын анықтайды: жоспар
жұмыстың мазмұндық шектерін бейнелейді, пәнді, педагогикалық іс 
әрекеттің нақты түрлері мен бағытын көрсетеді;
2.
болжамдық: жоспар қажетті нәтижені нақтылы көрсетуге 
арналмаса да, жанама түрде мағынаны көрсетіп, нақтылы әрекеттер 
арқылы нәтижені көрсетеді; 
3.
үйлестірушілік 
немесе 
ұйымдастырушылық 
(ол
жоспардың негізгі қызметі болуы мүмкін): жоспар бір жағынан іс әрекет
қалай, қандай құралдармен ұйымдасатындығын және оның субьектісі мен 
обьектісі кім болып табылатынын көрсетеді, екінші жағынан, іс-әрекет
тәртібін оның басқа түрлерімен байланысын көрсетеді, орнымен уақытын 
анықтайды, яғни кім, не, қашан, қай кезде деген сұрақтарға жауап береді; 
4.
бақылаушылық: біріншіден, педагогтың өзі жоспарды
қолданып қойылған мақсаттардың орындалуын бақылай алады;
екіншіден, жұмыс біткен соң жоспар шынайылыққа қаншалықты сай
келгендігін тексере алады. бұл жағдайда оның сапасы айтарлықтай
деңгейде педагогтың конпетенттілігін көрсетеді;
5.
репродуктивтік: кез келген уақыт аралығаныда жоспар
бойынша орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемін қалпына келтіруге
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет