Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


-семинар. Білім беру мазмұнын жобалау



Pdf көрінісі
бет233/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

 
13-семинар. Білім беру мазмұнын жобалау.
1. Орта оқу орындарындағы оқытудың мақсаты 
2. Оқытудың мақсат мәнін айқындайтын деңгей 
3. Білімнің мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт 
4. Оқу жоспары,оқу бағдарламасы, оқулық. Оларға сипаттама



Педагогикалық жүйені айқындайтын негізгі компоненттердің бірі - білім 
берудегі мақсат. Ол қоғамның қажеті мен талабына, әлеуметтік жағдайына 
үйлесімді саясатына байланысты. Ал педагогикалық жүйені құрудың 
мақсатын белгілеу дидактикалық- психологиялық талаптар негізінде 
айқындалады. 
Дидактика тарихын зерттеуші ғалымдардың оқыту мақсаты жөніндегі 
пайымдауларын негізге алғанда бұл саладағы пікірлерді екі топқа бөліп 
қараған жөн. Бірінші топтағылар оқытудағы мақсат - тұлғаның ақыл-ойын, 
есін, қабілетін дамыту деген түсінікті ұстанады. Сол себепті педагогика 
ғылымында бұларды «Формалдық білім берушілер» деп атайды. Ал екінші 
топтағылардың ұстанымы - білім берудін мақсаты ғылым негіздерін 
меңгертіп, өмір үшін кажетті де нақты түсінік қалыптастыру деп түсіндіреді. 
Осы орайдан бұларды “білім берудегі материалистік” көзқарастағылар деп 
атайды. 
Қазіргі дидактикада түлғаның дамуы білім негіздерін меңгеруге тәуелді 
деген ұстанымды тұтынады. Сондықтан да білім негіздерін меңгеруде жалпы 
білімдік мақсатты айқындайтын міндеттерді былайша белгілейді: 
Оқушыға жүйелі түрде білім беруде табиғат, қоғам, техника, мәдениет 
туралы білімдендіріп, шәкірттің алған білімін тиісті деңгейде өмірге үйлесімді 
ілгері дамытуға бейімдеуді қамтамасыз ету; 
Оқушының қызығушылығын, қабілетін, ақыл-ойын, зейінін, қиялын, есін, 
сезімін, ерік қасиеттерін, таным-түсінігін және практикалық іскерлігін 
дамыту; негізгі де басты бағдар орта оқу орнын бітіруші өзін-өзі жетілдіріп, 
білімдік таным қабілетін, ойлана білу деңгейін өрістетіп дамыту
Ғылыми көзқарасын, имандылық, адамгершілік, эстетикалық т.б. сапалық 
қасиеттерін қалыптастыру; 
Өзін-өзі білімдендіру қабілетін қалыптастырумен қатар, өзін-өзі үздіксіз 
жетілдіруге деген қажеттілікті өрістете түсу керек, өйткені дамудағы көз 
ілеспейтін жылдамдық, заман талабы тоқтаусыз өркендеуді қажет ететіндіктен 
әр тұлғаның үнемі оқып ізденуін талап етсе, оларды сол деңгейде болуға 
баулу негізгі шартқа айналғандығын әмісе ескеру; 
• Өндірістің негізгі түрлері мен ондағы атқарылатын еңбекті ұйымдастырып, 
басқару жүйесі жөнінде білім беру және техникалық құрылымдарды 
пайдалана алу жолдары туралы тиянақты түсінік қалыптастыру жағын 
қадағалау керек. 
Білімнің мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет