Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді



Pdf көрінісі
бет310/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

Жобалау әрекеті білім берудің кеңістігіне өзгеріс енгізеді.
Онда білім 
беру кеңістігі оқу жобасының құрылымына байланысты таңдалады. 
-
жоба идеясы оқу процесінде, немесе басқа да ситуацияларда 
пайда болуы мүмкін; 
-
жобаны орындаудың өзі кластағы сабақтан тыс, жобаның 
мазмұнына сай орында атқарылады. Мысалы: зертхана, 
кітапхана, интернет – класс, т.б. 
-
жобаның нәтижесін презентациялау. Бұл жобаның мазмұнына 
сәйкес арнайы тематикалық сабақ, не мереке, конференция, 
фестиваль, т.б. 
Бұлардың барлығы да алдын ала жоспарлау арқылы орындалады. 
Мысалы, бастауышта 1 – 2 күн бұрын жоспарланса, 5 – 6 сыныпта 2 апта 
айналасында (мысалы, бір пән көлеміндегі шығармашылық тапсырма). Ал, 9 
сыныпта – 1 тоқсан, одан да көп мерзімдік жобалар ұсынуға болады. 
Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін дамытылуын неден 
көруге болатынын қарастырайық. Олар: 
Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы оны орындау 
мүмкіндігін ескере отырып жасалуы; 
Оқушы (топ): 
-
тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін дайындайтын 
уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды; 
-
тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның уақытын, 
орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі; 
-
тапсырманың кейбір бөліктерінен мүмкіндікке қарай бас тарта 
алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.); 
Осылайша, міндеттерді орындаудан – оның кезеңдерін жоспарлау, 
бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру сияқты жұмыстар 
жалғастырылады. 
Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар төмендегі 
жұмыстарды орындайды: 
-
тақырып таңдайды; 
-
жұмысты орындау жолдарын таңдайды; 
-
жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін жоспарлайды; 


-
жоба өнімін жасайды; 
-
қорытынды 
өнімнің 
нәтижелерін 
көрсетудің 
түрлерін 
анықтайды; 
Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар өздері құруы 
тиіс, әр кезеңнің басталғанын көрсететін «белгі» де тұруы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет