Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет87/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

инновациялық әрекет 
етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар
болуын қажет 
етуі.
6.
Ғылыми 
білімнің 
мектептегі 
сабақ–сыныптық, 
университеттердегі дәрістік–семинарлық формада 
жаттанды 
түрде берілуін өзгерту
қажеттігі.
«Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, ағылшын зерттеушісі 
М.Барбер «білім беру нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, 
олар: педагогтық қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, 
оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау 
және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Кез 
келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін 
оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін
 
емес деген. Ол сонымен 
қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, 
«әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ 
қасиет - ұйым жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден бір 
факторы педагогтарды дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» дейді.
Бүгінде түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерде көптеген 
инновациялық бағыттар пайда болып, жеке педагогтар тарапынан жаңа білім 
беру мазмұнын көздейтін оқулықтар мен бағдарламалар, оқытудағы
ақпараттық - комуникативтік, интерактивтік технологиялар ретінде 


ендірілуде. Дегенмен де, заман талабынан туындап отырған білім берудің
жаңа құзыретттілік нәтижелерін қалыптастыру педагогикалық ұжымның 
түгелдей теориялық дайындығын, әдістемелік және технологиялық 
тұрғыларын терең меңгеруін қажет етеді. 
Білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа білім нәтижелерін
қалыптастыруды педагогикалық ұжымдардағы өзгерістердің өзегі деп 
қарастырсақ, ұйымның оны қамтамасыз ететін инфраструктурасы, 
ресурстары болуы тиіс. Өйткені, жаңа нәтижелеріне бағытталған өзгерістер 
мазмұны білім беру ұйымын басқарушылардың қалыптасқан көзқарасын
ойлау әрекеттерін өзгертуді, жаңа құзыреттіліктерін дамытуды талап етеді. 
Сонымен қатар, педагогтардың ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын, 
мотивациялары мен ұстанымдарын, басқару стилі мен әдістері өзгертуі тиіс.
Педагогикалық ұжымды дамытуға қажетті өзгерістер
. Кез - келген 
ұйым, соның ішінде білім беру ұйымы институционалдық сипатта 
болғандықтан, сондықтан оған қажет болатын өзгерістер деңгейі ұжымда 
қалыптасқан қарым - қатынастарға байланысты жасалады. Педагогикалық 
ұжымға қатысты қарастырсақ, ондағы ұйымдастырушылық өзгерістерді 
білдіретін, біріншіден, ұжымның өзіндік ерекшеліктері, білім беруді 
ұйымдастыру тәжірибесі, педагогикалық дәстүрлері, әлеуметтік - 
психологиялық жағдайлары, т.б., екіншіден, ұжымның ішкі ұйымдастырылу 
тәртібі, педагогтардың кәсібилігі және жалпы деңгейі, ұжымның 
құрылымы, ондағы қарым - қатынастар, т.б.
Қалыптасқан ұжымдық құндылықтар ұйымның мүшелеріне белгілі бір 
дәрежеде еркіндік пен сенімділік береді. Білім беру ұйымдарын дамыту 
өзгерістері қалыптасқан құндылықтардың өзгеруіне әкелетіндіктен, оларды 
енгізу ұйым мүшелерінің мақұлдауын қажет етеді. Сондықтан, 
ұйымдастырушылық өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы оны ең әуелі 
сол ұжымдағы адамдардың дайындығын қамтамасыз еткен жағдайда ғана 
мүмкін болады. 
Педагогикалық ұжымның жаңа талаптарға сай
 
өзгерістерін қамтамасыз 
ету ұйымдастырудың
 жобалауға негізделген жаңа моделін жасауды
қажет 
етеді. Өйткені, педагогтарды бірлескен шығармашылық жұмыстарға тарту
олардың мүмкіндіктерін анықтай білу және пайдалану, өзгелермен қарым – 
қатынас жасау, проблемаларды талдау мен шеше білу жолдарын меңгеруде 
жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тиімді болады.
Педагогикалық ұжымда жүзеге асырылатын жобалау әрекеті ең 
алдымен, педагогтардың құзыреттілігін дамытуға бағытталса, олар оқыту 
барысында білім алушылармен жаңа субъектаралық қарым - қатынастар 
орнату арқылы білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етеді деп күтіледі.
Білім беру ұйымдарын дамытуда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет