Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


Жалпы орта  білім беру  стандартының 5 бөлімінде



Pdf көрінісі
бет86/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

 
Жалпы орта 
білім беру 
стандартының 5 бөлімінде
 
орта білім беру мақсаты – «білім алушылардың 
түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық 
қабылеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда 
шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын 
қамтамасыз ету» деп сипатталған. Аталған құжаттың 5.5 бөлімдегі «базалық 
білім мазмұны және әр білім саласы бойынша 
түйінді және пәндік 
құзыреттерді
кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтауға бағдар 
болып табылады», «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына 
сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы 
қалыптасып, дамиды. Түйінді құзыреттерге: 
ақпараттық құзырет; 
коммуникативтік құзырет; проблемалардың шешімін табу
құзыреттері 
жатады» деген жолдар еліміздегі білім нәтижелерінің жаңа сапасын 
қамтамасыз етудің нақты қадамдарын көрсетеді.
Сонымен қатар, Стандарттардың «Білім беру процесін ұйымдастыру 
ерекшеліктері» туралы бөлімінде білім беруді ұйымдастыруға қойылатын 
жаңа талаптар белгілеген. Мысалы, 9.4 бөлімде: «Білім алушылардың 
жеке 
және топпен өз бетінше іс-әрекетін жүзеге асыру
үшін білім беру үдерісі 
білім, білік және құзыреттердің кіріктірілуін қамтамасыз етуі тиіс. Білім 
беруді ұйымдастыруда білім алушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде 
олардың өзбетінше зерттеу
жүргізулері
негізінде субъективті жаңалық 
ашуларын жүзеге асыратын 
тақырыптық және пәнаралық жобалар
басымдық танытады» делінген. Ал, 9.5 бөлімдегі
«
Мұғалім мен оқушы 
арасындағы серіктестік қатынаста құрылған оқу ортасы білім беру процесіне 
қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жерде 
мұғалім ұйымдастырушы ретінде сыныптағы оқушылардың жеке білім беру 
траекториясын іске асыруды қамтамасыз
 
етеді, олардың сыныптан тыс оқу-
іс-әрекеттерде бағдарлануына көмектеседі, 
өз бетінше білім алу дағдыларын
дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдау 


көрсетеді» деген міндеттер педагогикалық жүйелердегі білім беру процесін 
басқарушы педагогтардың жаңа әдістерді меңгеру ғана емес, алдымен осы 
бағытта қалыптасқан ой - пікірлерінің, жалпы педагогикалық біліктіліктері
мен құзыреттіліктеріндегі жаңа сапалық өзгерістерді қажет етеді.
Осылайша, жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы 
және өзгерістердің басты ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім 
беру жүйелеріндегі барлық салаларды 
жаңаша ұйымдастыру 
талаптарын 
қоюда. Қазіргі таңда білім беруді дамыту бағыттарын көрсететін бірнеше 
маңызды факторларды атауға болады. Олар: 
1.
Жаңа білімді «туындату», немесе жаңа білім түзілімдерін 
құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана жаңа білім көзі бола 
алатын) көптеген адамдардың, ұжымдардың қатысуына 
байланысты 
педагогтардың ролінің, сонымен қатар, білім беру 
мазмұнының
өзгеруі; 
2.
Педагогтардың бойында өз әрекетін интеллектуалдық тұрғыдан 
қамтамасыз ететін
 
 
жаңа құзыреттіліктерін дамыту 
қажеттігі

3.
Қазіргі заманда өмір сүру барысында кез келген 
адамның 
құзыреттік сапаларын бірнеше рет жаңартып отыру
қажеттігін түсіну; 
4.
Бүгінгі білім берудің 
жекеленуге бағытталуы
, яғни, әрбір білім 
алушы педагогтар мен тьюторлардың көмегімен, өзіндік білім 
алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі
5.
Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа 
проблемаларды шеше алатын, ойлау мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет