Кіріспе
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс және Қазақстан Республикасының егемендік алуы жағдайында жастарды өмір мен еңбекке баулу мақсатымен оларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі қазіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді.
Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.
Соңғы жылдардағы жұмыс тәжірибеміз университеттердің түлектерін информатикаға даярлауда бірқатар елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті, олар мыналар: түлектердің мектепте информатика курсы бойынша алған білімдерінің қазіргі талаптарға сай келмейтіндігі; информатикалық білімдерді алудағы формализм; информатикалық мәдениет пен математикалық ойлау деңгейінің төмендігі; әдістемелік білімдердің атүстүлігі; түлектің алдағы әрекетке даярлауының мұғалімдік кәсіпке, ғылым және оқу пәні ретіндегі информатикаға деген ынта-ықылас, пәндік тұрғыдан да алдағы қызметті білуге ұмтылушылық сияқты қасиеттерінің жеткілікті дәрежеде дамығандығы. Сонымен, студентті университетте оқыту кезеңінде информатика мұғалімінің кәсіптік шеберлігі негіздерінің қазіргі кезеңде мектепті дамыту міндеттерін шешу үшін қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. Сондай проблемаларды шешуде өзімнің үлесімді қосу мақсатында мен осы тақырыпты таңдап, аддыма оны ары қарай зерттеу жұмысын жалғастыруды жөн көрдім.
Достарыңызбен бөлісу: |