Сабақ Тақырып : Жаныңда жүр жақсы адам Құндылық : Ішкі тыныштық



Дата25.08.2017
өлшемі33,89 Kb.
#27726
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Бірік орта жалпы білім беретін мектебі

Күні:17.04.2015ж. №28 сабақ

Тақырып: Жаныңда жүр жақсы адам

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Дұрыс тыныс алу, өзін –өзі алдамау, шыдамдылық.

Мұғалiм: Батырханова Гулбану Зинетқызы

Орта буын

Сыныбы: 6

Оқушылар саны: 20


Сабақтың мақсаты:Оқушыларды жақын адамдардың өзара қарым –қатынастағы , ынта –ықылас, жан –жылуымен, қадір –қасиетін ұғындыра отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнінін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушылардың адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерін үйрету.

  • Оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу іскерліктерін дамытып және өзін –өзі алдамауға дамыту.

  • Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)оқулық, үнтаспа, оқушы дәптері, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың құрал –жабдықтарын түгендеу 5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

1.Тәртіп. 2.Талап. 3.Тыныштық 4.Тазалық. 5.Татулық.


  1. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену(баяу әуен)

Сабақ барысын талқылау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.28- сабақ. (мәтінмен жұмыс)

Үй тапсырмасына «Менің әкем» повестен үзінді О.Бөкей

Мәтін бойынша сұрақтар:



  1. Баланың әкесі жайында толғануы?

  2. Туған жердің бала сезіміне әсер етуі?

  3. Ұрпақ жалғастығы дегенді қалай түсінесіңдер?




  1. Дәйексөз.

«Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді өзің зертте».

(Конфуций)

- Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

- Өзіңді жақсы адамдардың қатарындамын деп ойлайсың ба?

- Жақсы адамдардың қасында болғанда өзіңді қалай сезінесің?





  1. Әңгiмелеу (мұғалім сыйы).

Боз орамал.(П.Джон)

Сұрақтар:



  1. Бала туғандарынан не себеппен қол үзді деп ойлайсыңдар?

  2. Жасөспірімнің ар азабын кешу себебі неде?

  3. Жасөспірімнің жаны жай тапты ма?




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Эссе жазу «Маған қымбат жандар». Жұмыс нәтижесін қорытындылау.




  1. Топпен ән айту.

«Анаға сәлем»

Сөзі О.Иманәлиевтікі

Ән Е.Хасанғалиевтікі

Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді

Сәбилік үніммен

Арнаймын сөзімді

Көргенше алаңмын

Аңсаймын толғанам

Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған





  1. Үй тапсырмасы. 29- сабақ

Т. Айбергеновтың «Адамдар» өлеңін жаттау. Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі №1 тапсырманы орындап келу







  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қосылады.

  • Көзімізді жұмып, тыныштықта өзіміздің жақын адамдарымызды көз алдымызға елестетейік. Жақын адамдарымызды жүрегімізге сақтайық.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет