Сабақ Жақсылық-жан шуағы Құндылық: Ішкі тыныштық



Дата01.06.2017
өлшемі59,91 Kb.
#17497
түріСабақ

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мектеп: Бірік ЖОББМ Мерзiм: 27.09.16 ж

Пәні: Өзін – өзі тану

Тақырып: №4 сабақ Жақсылық-жан шуағы

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Өз-өзіне сенімділік,қалауыңды шектеу,таза ой. Мұғалiм: Батырханова Г.З Сынып: 11 Оқушылар саны - 10


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға ойларын таза ұстап, жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

1.Оқушыларды өз-өзіне сенімділікке үйрету. 2.Оқушыларды әрдайымда таза ой ойлауға тәрбиелеу.

3.Оқушылардың өз қалауларын шектеу дағдыларын дамыту.




Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, проектор.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»-ны қайталап, оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, көңіл – күйлерін сұрау.
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» (баяу әуен)


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма №4 сабақтағы «Шуақты күндер» әңгімесін оқып,өз түсінігі бойынша толықтырып келу.

Сұрақтар:

1. Ата мен келін арасындағы қарым-қатынасты бір сөзбен қалай атар едіңдер?

2. Біреуге жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласыңдар?

3. Ішкі тыныштық орнауы үшін қандай қасиеттер болуы керек?

Өзін – өзі тану оқулығы 18-19 бет



3. Дәйексөз

Жақсы адамды кездестірсең,одан үйренуге тырыс,ал жаман мінез-құлықтағы адамды кездестірсең,өзіңді зертте

Конфуций

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жақсы адам бойынан қандай қасиеттерді үйренуге болады?



Конфуций,Кун-цзы - яғни ұстаз, «Ұстаз Күн» деп атаған.Ежелгі Қытай ойшылы,философы. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген.


  1. Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы)

«Әке сынағы»

Баяғы өткен заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп,ренжіп жүреді екен.Ол өкпе,реніштерінің кесірінен араларында алауыздық,түсініспеушілік туып,отбасынан береке-бірлік кетеді.Олардың бұл келеңсіз әрекетіне алаңдаған әке бір күні балаларын шақырып алып,мынадай тапсырма береді.

-Айналайын,балаларым сендерге менің бір тілегім бар,соны орындаңдар.Дәл қазірден бастап өздерің ренжіп,өкпелеп жүрген адамдарды естеріңе түсіріп,олардың аттарын жеке-жеке картоптарға жазып,ол картоптарды дорбаға салып,жатсаңдар да,тұрсаңдар да жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.

-Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де,айтқанын орындайды.Балалардың бірінде бірнеше картоп болса,енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады.Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да,тұрса да арқалап жүреді.Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай,дорбадағы картоп шіріп,жағымсыз иіс шығара бастайды.Айналадағы адамдар да оларғада біртүрлі көзқараспен қарайтын болды.Енді балаларға ауыр,сасыған жүкті арқалап жүру азап болды.Өзара ақылдасып әкесіне келеді.

-Әке,мына тапсырмңызды енді одан әрі орындай алмаймыз.Картоптың ауырлығымен қоса күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып,шіріп барады.Мұны енді көтеріп жүру мүмкін емес. Адамдар да бізге жиіркенішпен қарайтын болды.Әке,сіздің бұл сынағыңыздың мәнін түсінбедік,-дейді.

Әкесі:


-Айналайын,құлындарым, мен сендерге бұл тапсырманы берген себебім,сендердің бір-біріңе,айнала қоршаған ортаға өкпе-реніште осы жүк сияқты жан дүниемізге салмақ салады.Тек қана салмақ салып қоймай,оны бүлдіреді.Ал,бүлінген,ластанған жан дүние айналасына жарық сәуле шашпайды.Осыдан кейін балалары әркез кешірімді болып,кешірімділіктін күшін түсініп,тату-тәтті ғұмыр кешіпті деседі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Әкесі балаларын қалай сынады?

- Балаларының іс-әркетіне деген өз қөзқарастарың қандай?

-Адам бойындағы қандай қасиет ішкі тыныштыққа жетелейді?




Интернет желісі



5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Сыныпты 2 топқа бөліп,әр топ өзінің таңдап алған тапсырмасы бойынша шағын көрініс даярлап,ұсынады.



1 жағдаят.Досың екеуің келе жатып қымбат телефон тауып алдыңыздар.Қатты қызығып тұрсың сен өз қалауыңа шектеу қоя алар ма едің.....

2 жағдаят.Сыныпқа сынып жетекшісі келді де ертең аудандық жарысқа баратын оқушы Беріктің ауырып қалғандығын,енді оның орнына бір оқушы бару керектігін айтып, сені жібермек болды.Сен өз –өзіңе сенімділігіңді қалай танытар едің......




6. Топпен ән айту

Мейірімді болайықшы бауырлар

Сөзі: Серік Қалиевтікі Әні:Құрмаш Махановтікі
1.Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы,ағайын!
2.Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етседе дауылар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы,бауырлар!
3.Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы,халайық!
4.Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сондадағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.





7. Үйге тапсырма

№ 5 сабақ 22 бет І.Есенберлин «Бақыттың он сыры» әңгімесін оқып түсініп келу.







8. Қорытынды «Соңғы тыныштық сәті»

- Ал, енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп,ішкі тыныштығымызды жүрегімізге түйіп алыңыздар.

Тыныштық,тыныштық,тыныштық бар жерде

Тыныштық,тыныштық,тыныштық бар әлемде.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет