1.4 Delphi - де мӘліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
Delphi - дегі мәліметтер базасының негізгі жұмысы Borland DataBase Engine (BDE) болып табылады - Borland фирмасының мәліметтер базасының процессоры. BDE мәліметтер базасы және қосымша арасында делдалдық қызмет атқарады. Ол қолданушыға мәліметтер базасын нақты шешуге арналған жұмыс үшін бір тұтас интерфейс ұсынады, Delphi қосымшасы мәліметтер базасына тікелей катынаса алады, тек BDE - ге ғана катынасады.
Delphi қосымшасы, мәліметтер базасымен байланысу қажет болған жағдайда, BDE - ге қатынасады және мәліметтер базасының псевдонимін және сондағы керек таблицаны хабарлайды. BDE DLL - ге қосылатын минамикалық библиотека ретінде іске асады. Олар, басқа библиотекалар сияқты, API - мен (Application Program Interface -интерфейс прикладных программ) және IDAPI - мен (Intergrate DataBase Application Program Interface) байланысқан. Бұл қосымша қолданатын, мәліметтер жұмыс істеуге арналған процедура мен функциялар тізімі.
BDE - псевдоним бойынша мәліметтер базасы үшін лайықты драйвер табады.
Драйвер - көмекші программа, ол анықталған түрде мәліметтер базасымен калай жұмыс істеу керек екендігіне көмектеседі. Егер BDE - нің СУБД — ға сәйкес өзіндік драйвері бар болса, онда BDE осы арқылы мәліметтер базасындағы керек таблицамен байланысады және қолданушының тапсырмасын өңдеп, қосымшаға өңдеудің нәтижесін керсетеді.
BDE - SQL мен тығыз байланыста - сұраныстардың стандартталған тілі,
SQL -- серверлер (Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase) арқылы мәлімет алмасумен қамтамасыз етеді.
- Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында кең қолданылады. Delphi 5 те мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін BDE - ден басқа ADO (Active Data Objects) Microsoft фирмасы өңдеген процессоры бар. ADO кез — келген мәліметтер түрінің қолданушылық интерфейсі, реляциондық және реляциондық емес мәліметтер базаны, электрондық почтаны, жүйелік және графикалық файлдарды қосқанда. ADO қолдану мәліметтер базасымен эффекті жұмысты қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |