Тақырып: Құрылғылар драйвері Драйвер



Дата25.12.2021
өлшемі406,77 Kb.
#105170
түріҚұрамы
Байланысты:
9492b715-d57b-4e15-aac6-38f63792227d


Тақырып: Құрылғылар драйвері


Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. Мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері. 


Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, USB сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірақ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желілік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді.

Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастырыпөтсек:

1. Аналық тақшаның (мат. плата) қорабында бірге келетін драйвер дискісі көмегімен орнатуға болады. Кей жағдайда, дыбыс картасы мен видео карта аналықтақшаға орнатылған болып келеді. Тиісінше, олардың драйверін бір дисктен алып орната салуға болады. Бұндай орнатылып қойған құрылғылар әлсіз болып келетін көрінеді, мәселен видео карта жады 16-128 Мб шамасы болуы мүмкін. Тек, әр компьютердің өз дискісінің драйверлерін ғана орнату керек.


2. Құрылғыны ІD арқылы іздеп орнату. Ол үшін: «Мой компьютер» үстіне тышқанның оң жағын шертіп, «Управление» ашу керек, кейін «Диспетчер устройств». Тізімдегі кез-келген құрылғының үстіне тышқанның оң жағын басып, «Свойства» кейін «Сведение» деген жерінде құрылғы ІD жазылып тұрады. 
Сол ақпаратты көшіріп (ctrl+c) алып, интернеттегі іздеу жүйесі арқылы драйверді алуға болады. Оның жеңілдетілген түрін ұсынатын жақсы ресурс та бар: www.drp.su.

Сонымен қатар, driver.ru сайты да жақсы сайт, әсіресе принтер драйверлерінің көбін осы сайттан алуға болады, ондағы тиісті ОЖ қатысты драйверді алуға болатын мүмкіндігі бар.

Осы құрылғылардың ішінде мысалы, сканерді орнатуға тоқталайық. Сканер - қағаз бетіндегі барлық ақпаратты компьютерге түсіру үшін қолданылатын құрылғы. Айта кететін нәрсе, сканер ақпаратты тек сурет күйінде түсіреді. Яғни, jpg, bmp, png секілді форматтарда.

Сканерді қолданбас бұрын оны кей жағдайларда алдымен драйверлерді орнатып алу қажет болуы мүмкін. Сондықтан іске кіріспес бұрын, қораптағы қолданушыларға арналған кітапшаны байыппен оқып шығыңыз. Драйверді орнату қажеттілігі болса, сканер комплектінде болатын дискті қосып драйверді орнатып алыңыз. Ондай қажеттілік болмаса, құрылғыны сенімді түрде компьтеріңізге жалғай беруіңізге болады. Әдетте, бұл үшін USB шнур қолданылады. 



Компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар Басқару панелінде «Бағдарламаларды орнату және өшіру» категориясында көрініп тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет