Байланысты: Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й
Білім беру аймағындағы жобалау» пәні білім
берудің жаңа парадигмасына сай оқытудағы негізгі бағыттардың бірі -
педагогтың білім берушілік ролі өзгеруін теориялық және әдістемелік
тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің ойымызша, курстың
теориялық және әдістемелік мазмұны бүгінгі өркениеттің ерекшелігіне
сай болашақ педагогтар үшін жаңаша ойлау мен зерттеушілік іс –
әрекет дағдыларын айқындауда, ізденушілік пен инновациялыққа
ұмтылуда, қалыптасқан стереотиптегі түсініктерін өзгертуде белгілі бір
дәрежеде ықпал етері сөзсіз. Соған орай, бұл пән болашақ
мұғалімдердің өз әрекетін кәсіби қалыптасудың басты ресурсы ретінде
ұйымдастыра отырып, оларды ғылыми-теориялық тұрғыдан даярлауға
мүмкіндік береді деп есептейміз.