және оқыту өз мақсатына жету үшін бұл талаптардың берілген ретпен
орындалуы міндетті. Бұл әдіс бойынша
оқыту кезеңдері
төмендегідей:
1
Тәжірибе (ситуация);
2
Рефлексия (ұғыну, болған ситуацияны түсіну);
3
Түсініктерді жинақтау (тұжырымдар құрастыру, кейбір қажетті
шешімдер қабылдау);
4
Тәжірибені жобалау
Автордың ойынша, бұл жерде
білім алу көзі тәжірибе
(ситуация,
болған жағдай, сабақ тақырыбы, ақпарат, т.б.) ғана емес, негізінен алғанда
сол тәжірибені ойша түсіну, ұғыну, қорыту, өздері үшін оның маңызын
анықтау, түйін жасау
. Одан соң, яғни, жаңағы тәжірибе (ситуация, болған
жағдай, сабақ тақырыбы, ақпарат, т.б.) – қатысушының өз алдындағы жеке
мақсатына, міндеттеріне, кәсіби қызметіне қатысты ой елегінен өткізіліп,
ұғынылып, тиісті мағына берілгеннен кейін – оның әрі қарай жасалатын
қызметінің
шартына
айналады.Д.Колбтың
түсіндіруінше,
тәжірибе
барысындағы оқыту, оны дамыту процесі деуге де әбден болады, осылайша,
жүзеге асырылады.
Колб идеясын тәжірибеде пайдалануда берілген ақпарат, немесе, оқиға
жеке тәжірибеде ұғынылып, адамның өз тәжірибесіне тұтастай енгенде ғана
оқыту мақсатына айнала алады. Олай болмаған күнде, индивид үшін ол
өзіне мәлім көп ақпараттардың бірі күйінде қалады деп есептейді.
Әлемдік тәжірибеде Д.Колб моделінің көптеген модификацияланған
түрлерін кезедстіруге болады, бірақ олардың барлығы да автордың негізгі
қойған талабын – тек тәжірибе базасында оқыту, кезеңдерге бөлу және әр
кезеңде төрт процесті орындау қатаң сақталған (сурет 15).
Логикалыќ тўжырымдау
На
ќты тј жірибеде
ќолдану
Рефлексия
Т
ј жірибе, ситуация
Сурет 15 - Д. Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту» моделі
Жобалауды басқарушылар үшін оқу модельдерінің төмендегі
нұсқаларын пайдалануға болады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: