Дәрістердің ҚЫСҚаша конспектісі. №1,2 Дәріс. Кіріспе. Атом-молекулалық ілім (амі). Мақсаты



бет52/70
Дата26.04.2020
өлшемі245,24 Kb.
#64778
түріКонспект
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
Байланысты:
беиорга

Негізгі сұрақтар:

1. Электродтық потенциалдар.

2. Электролиз.
Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕКТРОДТЫҚ ПОТЕНЦИАЛДАР.

Кез келген металдың кристалл торы түйінінде оң зарядты металл ионы теріс зарядты бос электрондармен тепе-теңдікте тұратыны белгілі. Металл пластинасын суға батырған кезде, судың полюсті молекулалары әсерінен металл иондары беттік қабаттвн бөлініп гидраттанған күйде ерітіндіге тарайды. Металл иондары әсерінен ерітінді оң зарядталады да металл пластина, артық электрондар болғандықтан теріс зарядталады. Металл мен ерітінді арасында біршама потенциал айырмасы түзіледі. Металл иондарының ерітіндіге бөлінуі қайтымды процесс. Бір кезде онда динамикалық тепе-теңдік орнайды: .

Тепе-теңдік орнаған кездегі металл мен оны қоршаған ерітінді арасында пайда болған потенциалдар айырмасын электродтық потенциал дейді. Әр электродтың потенциалы металдың тегіне, оның иондарының ерітіндідегі активтігіне және температураға тәуелді. Бұл Нернст теңдеуі арқылы көрсетіледі:

;

мұндағы: R – газ тұрақтысы;

Т – температура, К;

n – берілген немесе қосып алған электрондар саны;

F –Фарадей тұрақтысы.
Электродтың стандартты потенциалын әр жеке электрод үшін бірден анықтау мүмкін емес. Оны басқа электродтың потенциалымен салыстырып табады. Көбінесе, салыстырмалы электрод ретінде стандарт сутегі электроды қолданылады. Стандарт сутегі электроды электролиттік түрде платина пластинкасына тұндырылған платина ұнтағынан тұрады. Стандартты электродты потенциалдың өзгеруі бойынша металдар кернеу қатарына орналасқан. Ол қатарды электрохимиялық қатар дейді (Н.Н.Бекетов қатары немесе металдардың актив қатары). Металдардың стандартты электродтық қатары олардың химиялық қасиетін көрсетеді. Металдың стандартты электродтық потециалының алгебралық мәні неғұрлым кіші болса, оның соғұрлым тотықсыздандырғыш қасиеті жоғары, тотықтырғыш қасиеті төмен болады. Қатарда сол жақта орналасқан әр металл өзінен оңға тұрған металды тұздарынан, қатарда сутегіне дейін орналасқан металдар оны қышқылдардың судағы ерітіндісінен ығыстыра алады.

Егер стандарттық электродтық потенциалдар белгілі болса, кез келген гальвани элементі үшін басқаша айтқанда кез келген тотығу-тотықсыздану реакциясы үшін электр қозғаушы күшті (ЭҚК) есептеуге болады. Ол үшін тотықтырғыштың потенциалынан тотықсыздандырғыштың потенциалын алу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет