Дәрістердің ҚЫСҚаша конспектісі. №1,2 Дәріс. Кіріспе. Атом-молекулалық ілім (амі). Мақсаты


ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫНЫҢ (ТТР) ТЕҢДЕУЛЕРІН ҚҰРАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ



бет49/70
Дата26.04.2020
өлшемі245,24 Kb.
#64778
түріКонспект
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70
Байланысты:
беиорга

ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫНЫҢ (ТТР) ТЕҢДЕУЛЕРІН ҚҰРАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

1. Электрондық баланс әдісі. Бұл әдіс арқылы реакция теңдеуін құру үшін реакцияға кіретін заттар мен түзілетін заттарды, олардың құоамындағы атомдардың тотығу дәрежелерін білу керек:



  • Реакцияға кіретін және түзілген заттар құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелерін анықтайды.

  • Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесін өзгерткен атомдарды бөліп жазып, электрондық теңдеу құрады. Тотықсыздандырғыш берген электрон мен тотықтырғыш қосып алған электрон сандарын тауып, оларды ортақ коэффициенттер арқылы теңестіреді. Бұл коэффициенттерді электрондық теңдеудің алдына, сызықтың сыртына жазады. Электрон алмасу процесі бойынша қай заттың тотықтырғыш және қайсысының тотықсыздандырғыш екенін табады.

  • Электрондық теңдеуден шыққан коэффициенттерді негізгі реакция теңдеуіндегі атом құрамына кіретін заттардың алдына қойып, қалған элементтерді теңестіреді.

2KMnO4 + 5Na2SO3 + 3H2SO4→ 2MnSO4 + 5Na2SO4 + 5K2SO4+3H2O

2| Mn+7 + 5e- → Mn2+ - тотықсыздану; тотықтырғыш

5| S+4 – 2e- → S+6 – тотығу; тотықсыздандырғыш
2. Ионды-электронды әдіс (жартылай реакция әдісі). Бұл әдіс бойынша ТТР теңдеуін былай құрады:


  • Реакцияға кірген және түзілген заттардың иондарын алып, жартылай иондық теңдеу құрады. Екі жағын теңестіріп, зарядтары арқылы алмасылған электрон сандарын анықтайды. Реакция ерітіндіде жүретіндіктен оттегі не сутегі жетіспеген кезде оны Н2О, Н+ не ОН- жазып теңестіреді. Содан соң алмасылған электрон сандарын теңестіру арқылы коэффициенттер табады.

  • Енді жартылай иондық теңдеулерді коэффициенттерді еске ала отырып қосып, жалпы теңдеудің иондық түрін алады.

  • Иондық түрден теңдеудің жалпы түріне көшу үшін әр жақтағы катионға анион, анионға катион қосып жазады.

  • Теңдеудің қалған атомдарын теңестіріп, оның жалпы соңғы түрін алады.

2KMnO4 + 5Na2SO3 + 3H2SO4→ 2MnSO4 + 5Na2SO4 + 5K2SO4+3H2O

2| MnО4- + 8H+ + 5e- → Mn2+ +4H2O - тотықсыздану; тотықтырғыш



5| SO32- + H2O – 2e- → SO42- + 2H+ – тотығу; тотықсыздандырғыш

2MnО4- + 16H+ + 5SO32- + 5H2O→ 2Mn2+ +8H2O + 5SO42- + 10H+

2MnО4- + 6H+ + 5SO32- → 2Mn2+ +3H2O + 5SO42-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет