Дәрістердің ҚЫСҚаша конспектісі. №1,2 Дәріс. Кіріспе. Атом-молекулалық ілім (амі). Мақсаты



бет40/70
Дата26.04.2020
өлшемі245,24 Kb.
#64778
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
беиорга

ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ.

Тұздардың табиғатына және сыртқы жағдайға қарай гидролиз сатылап әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Тұздарды түзілу тегіне қарай төрт топқа бөлуге болады:

1. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұздары гидролизге ұшырайды. Гидролиз

катион арқылы жүреді, орта қышқылдық – рН < 7.

2. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұздары гидролизге ұшырайды. Гидролиз анион

арқылы жүреді, орта сілтілік – рН > 7.

3. Әлсіз қышқыл және әлсіз негізден түзілген тұз гидролизі катион және анион

бойынша жүреді. Ерітінді ортасы түзілген әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің

диссоциация константасына тәуелді.

4. Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз гидролизге ұшырамайды. Ерітінді



ортасы бейтарап рН=7.
Гидролиздің сандық сипаттамалары: гидролиз дәрежесі (hгидр.) және гидролиз константасы (Кгидр).

; ; ;
; .

Гидролиз дәрежесі (hгидр) еріген заттың табиғатына, концентрациясына, температураға тәуелді. Кгидр. неғұрлым үлкен болса, гидролиз соғұрлым терең жүреді. Гидролиз қайтымды процесс болғандықтан оған массалар заңын қолданып қажет жаққа тепе-теңдікті ығыстыруға болады:

1. Тұз ерітіндісіне басқа гидролизге ұшырайтын электролитті, қышқылды, негізді

қосу арқылы;

2. Тұз ерітіндісінің концентрациясын өзгерту;

3. Температураны өзгерту.

Егер гидролиз сатылап жүрсе, онда әрбір гидролиз сатысы өзінің Кгидр. сипатталады, 1 сатының Кгидр. жоғары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет