Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі
-1889699293, 1 кыркуйек, Таулардың үгілуі 05 сынып
Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық
(мақал). 
Синтаксистік қызметі 
Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет 
атқарады. Мысалы:
Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы 
жүрек
(Абай). 
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: 
Төрт 
бөлмелі тас үй салқын да жайлы
(Ғ. Мүсірепов). 
Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, 
әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: 
Жақсы студент жақсы оқиды

Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. 
Мысалы: 
өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор

Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-
бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге 
қатысты болады. Мысалы: 
Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді
(Ғ. Мұстафин). 


Семантикалық топтары 
Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне 
қарай, сапалық (негізгі) сын жәнеқатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл 
сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай?(қалай?) деген сұрауларға жауап береді. 
Сапалық сын есімдер 
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі 
мен түсін (
ақ, қара, сұр
т. б.), сыры мен сапасын (
жақсы, жаман, тәуір, нашар
т. б.), көлемі мен 
аумағын (
үлкен, кіші, ауыр, жеңіл
т.б.), дәмі мен иісін (
ащы, тәтті, күлімсі
т.б.) білдіретін және 
заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. 
Қатыстық сын есімдер 
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы 
білдіретін сөздерді атаймыз. 
Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен 
етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен 
сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне 
қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: 
Балалы үй базар, баласыз үй 
мазар
(мақал); 
Өткір пышақ қол кесер
(мақал); 
Бұл - жазғы жайлы қоныс
(М. Әуезов) 
32–апта
Жалғауларды қайталау. Жерді тыңайту.Ғимарат салу.Құттықтау жазу. 
Қазақ тілінің жалғаулар түрлері: 
Септік 
Көптік 
Тәуелдiк 
Жіктік 
Септік жалғаулар түрлері мұнда оқыңыз.) 
Көптік жалғаулар (Множественное число) 
дар/дер л, м, н, ң, ж, з 
тар/тер қатаң дауыссыздар + б, в, г, д 
лар/лер дауыстылар + й, р, у 
Тәуелдік жалғаулар Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін 
қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, 
субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. 
Жақ Сан
Есімдік 
Жалғаулар
1 жақ жекеше Менің 
ым/ім, м 
2 жақ жекеше Сенің 
ың/ің, ң 
2 жақ жекеше Сіздің 
ыңыз/іңіз, ңыз/ңіз 
3 жақ жекеше Оның 
сы/сі, ы/і 
1 жақ көпше Біздің 
ымыз/іміз, мыз/міз 
2 жақ көпше Сендердiң ың/ің, ң 
2 жақ көпше Сіздердің ыңыз/іңіз, ңыз/ңіз 
3 жақ көпше Олардың сы/сі, ы/і 
Жіктік жалғаулар
Жақ Сан
Есімдік
Жалғаулар
1 жақ жекеше Мен 
мын/мiн, бын/бiн, пын/пiн 
2 жақ жекеше Сен 
сың/сiң 
2 жақ жекеше Сіз 
сыз/сiз 
3 жақ жекеше Ол 

1 жақ көпше Біз 
мыз/мiз, быз/бiз, пыз/пiз 
2 жақ көпше Сендер 
сыңдар/сiңдер 


2 жақ көпше Сіздер 
сыздар/сiздер 
3 жақ көпше Олар 

Жақ
Сан
Есімдік Жалғаулар
Жақ
Сан
Мен 
м 
1 жақ
жекеше Сен 
ң 
2 жақ
жекеше Сіз 
ңыз/ңiз 
2 жақ
жекеше Ол 

3 жақ
жекеше Біз 
қ/к 
1 жақ
көпше Сендер ңдар/ңдер 
2 жақ
көпше Сіздер ңыздар/ңiздер 
2 жақ
көпше Олар 

Ғимарат – сәулет өнерінің  белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған  құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі 
тұрғын үйлер,  қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт 
сарайы, оқушылар сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме 
үйлері,  балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен  дүкендер мен 
сауда үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының үйлері, 
т.б.архитектуралық құрылыстар жатады. Қазақстандағы көрнекті көне және жаңа ғимараттардың 
үлгілері ретінде  Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яасауи кесенесі, Алматықаласындағы 
 Республика сарайысияқты ерекше архитектуралық үлгіде салынған құрылыстарды атауға болады. 
33–апта
Жұрнақтарды қайталау. Мақта өсіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет