Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі
-1889699293, 1 кыркуйек, Таулардың үгілуі 05 сынып
құндыз, сусар, кәмшат, 
жанат, түлкі бөрік және елтірі
бөрік деп аталады.
14–апта 
Сыз, -сіз жұрнақтары. «Себебі», «өйткені» сөздерінің қолдану орны. Септеулік шылаулар. Шығыс 
септігі.Кейін, дейін, шейін шылаулары. Біріккен сөздер.Қазақ халқының өнері. Музыкасы. Спорт. 
Мезгіл үстеулер(қашан?). «дейін» (шейін) шылаулары.«Ұнату/ұнатпау» сөздері. 
Ауыспалы осы шақ етістікке –а,-е,-й жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. 
Жіктеу есімдіктері 
бару 
келу 
сөйлеу 
Мен 
барамын 
келемін 
сөйлеймін 
Сен
барасың 
келесің 
сөйлейсің 
Сіз 
барасыз 
келесіз 
сөйлейсіз 
Ол 
барады 
келеді 
сөйлейді 
Біз 
барамыз 
келеміз 
сөйлейміз 
Сендер 
барасыңдар 
келесіңдер 
сөйлейсіңдер 
Сіздер 
барасыздар 
келесіздер 
сөйлейсіздер 
Олар 
барады 
келеді 
сөйлейсіздер 
Жиі қолданылатын етістіктер: 
айту, демалу, жұмыс істеу, оқу, жазу, қарау, қыдыру, ойнау, 
сүю/жақсы көру, тамақ дайындау, тыңдау, түсіну, ыдыс жуу, үй тапсырмасын жасау, ұнату. 
Түсіну, тыңдау, жазу, қыдыру, айту етістіктерін ауыспалы осы шақта жіктеп жазыңыз. 
Ескерту! Ауыспалы осы шақ көбінесе мезгіл үстеулермен қатар қолданылады. Мысалы: Біз күнде 
сабаққа барамыз.Мен үйге жиі хабарласамын.Кешке далада серуендейміз. 
Сұрақтарға ауыспалы осы шақта жауап беріңіз. 
Үлгі: -Сен шахмат ойнайсың ба? 
-Иә, мен шахмат ойнаймын. 
-Сен ән айтасың ба? 
-Музыканы жиі тыңдағанды ұнатасың ба? 
-Сенің әкең жұмыс істей ме? 
-Кітап оқығанды жақсы көресің бе? 
-Қазақша сөйлей аласың ба? 
-Қазақша түсінесің бе? 
-Үй тапсырмасын қашан дайындайсың? 
-Тамақ жасай аласың ба? 
-Қандай фильм көргенді ұнатасың? 
-Түнде нешеде ұйықтайсың? 
-Таңертең нешеде оянасың? 
-Қандай жыл мезгілін жақсы көресің? 
-Қандай спорт түрімен айналысасың? 
Екеуара жұмыс.Сұрақтарға жауап беріңіз. Көршіңізбен бірге орындаңыз. 
-Қай көшеде тұрасың? 
-Қайда тұрасың? 
-Нешінші бөлмеде тұрасың? 
-Әкеңнің аты кім? 
-Шешеңнің аты кім? 
-Әкең қайда жұмыс істейді? 
-Отбасыңда неше адам бар? 


-Сенің телефон нөмірің қандай? 
-Бос уақытыңда немен айналысасың? 
-Қандай тілдерді білесің? 
Мезгіл үстеулер:
Бүгін,қазір, ертең, кеше, бүрсігүні, биыл, былтыр/өткен жылы, келер жылы, 
таңертең, түс, кеш, түн. ерте, әрқашан, жиі, әдетте, күн сайын, таңертең. күндіз, кешке, 
түнде. 
Бүгін күн жылы. Ертең –дүйсенбі .Кеше саяхатқа бардық. Бүрсігүні бізге математика сабағы 
болады.Биыл -2012жыл.Биыл –қоян жылы болды.Келер жылы Түркияға барамыз.Таңертең ерте 
ояндым.Түсте сабаққа бардық. Кешке концертке барамыз.Түнде кеш ұйықтадым. 
Бүгін, ертең, биыл, келер жылы, таңертең, түс, кеш, түн. ерте, мезгіл үстеулерімен «керек» сөзін 
пайдаланып, сөйлемдер құраңыз. 
Лексикалық тақырып 
Бос уақыт 
Кино, театр, концерт, музыка, ән, рок, рэп, классикалық музыка, опера, балет, күй, би, фильм. 
Спорт: футбол, теннис, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, шаңғы, жүгіру, жүзу; 
Үйдегі бос уақыт: теледидар, радио, кітап оқу, : 
Іс-әрекеттер: шаңғы тебу; суда жүзу; теннис, футбол, шахмат ойнау; киноға, тауға, теңізге, 
көрмеге, мұражайға бару; саяхат жасау; кітап оқу; фильм көру; билеу; серуендеу; 
Мына сөздерді жаттап алыңыз! 
өте жақсы көремін. 
жақсы көремін. 
Ұнатамын. 
Қызығамын. 
Онша ұнатпаймын. 
Жақсы көрмеймін. 
Мүлде ұнатпаймын. 
Диалог: 
-Сіз киноны теледидардан көргенді ұнатасыз ба, әлде кинотеатрдан ба? 
-Кинотеатрдан.Сіз ше? 
-Маған бәрібір. 
-Қандай фильмдерді ұнатасыз? 
-(тарихи фильмдерді, драмалық фильмдерді) 
Екеуара жұмыс. Көршіңізден сұраңыз. 
1.
Сіз кешке не істейсіз?Демалыс күндері ше? 
2.
Сіз спортпен айналысқанды жақсы көресіз бе? 
3.
Қандай спорт түрін ұнатасыз? 
4.
Сіз қандай спорт түрін ұнатпайсыз?Неге? 
5.
Қандай музыканы жақсы көресіз? 
6.
Қандай музыканы ұнатпайсыз? 
7.
Ата-анаңыз қандай музыка тыңдайды? 
8.
Саяхат жасауды ұнатасыз ба? 
9.
Сіз тауға шыққанды ұнатасыз ба, әлде теңізге барғанды ма? 
10.
Сіз билей аласыз ба, әлде ән айтасыз ба? 
15–апта
Көмектес септігі. Жалғаулық шылаулар. Туынды сын есімдер.(жазғы, күзгі, кешкі, ертеңгі).Ұлы 
адамдар өмірінен. Абай Құнанбаев. Ыбырай Алтынсарин. Шоқан Уәлиханов. 
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, 
философ, композитор, аудармашы,саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ 
халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс 
мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс 
болған. 
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-
педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақтың 
ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында еңбек етті. Ресей қоғамының 
білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға 
талпынды. 
16–апта 


Басқа тілдерден енген сөздер. Қос сөздер. Ұлы адамдар өмірінен. Д.А.Қонаев. Н.А.Назарбаев. 
Одағай сөздерді қатыстырып диалог құру. 
17–апта 
Өткен материалдарды қайталау. Етістіктің жедел өткен шағы. Өмірбаян. 
18–апта 
Жедел өткен шақтың болымсыз түрі. Мәлімет. 
Өткен шақтың түрлері.Жедел өткен шақ. 
Сабақтың мақсаты: а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде жедел өткен шақтың 
жасалу жолдары туралы түсіндіру
1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді? 
2.Келер шақ нешеге бөлінеді? 
3. Өткен шақ нешеге бөлінеді? 
Мәтінмен жұмыс 
Баяғыда Жиренше деген өзі кедей бір шешен болыпты.Ол асқан ақылды,сөзге ұста,шешен адам 
екен.Жиреншенің шешендігіне қызығып,хан шақырып алып,оны өз қасына ертіп жүреді 
екен.Бірақ Жиренше ханды жақтамапты,елдің сөзін сөйлепті.Ол ханның алтындаған сарайына 
тұрақтамапты.Өзінің кішкене күркесіне келіп жатады екен.Күркесіне келгенде ол бой жазып 
қалады екен.Киізі қырық жамау болған кішкентай күркесіне келіп: «Қайран менің өз үйім,кең 
сарайдай боз үйім»,-деп керілгенде,Жиреншенің екі аяғы тізесіне дейін есіктен шығып жатады 
екен. 
- Мәтінді сипаттап беріңдер. 
- Мәтін қай шақта баяндалып тұр? 
Жедел өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын,орындалғанын білдіреді. 
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп 
қолданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м. 
Жақ жекеше көпше 
1.Мен келдім,айттым Біз келдік,айттық 
2.Сен келдің,айттың Сендер келдіңдер,айттыңдар
Сіз келдіңіз, айттыңыз Сіздер келдіңіздер,айттыңыздар 
3.Ол келді,айтты Олар келді,айтты. 
Осы кестеден көрінетіндей, жіктік жалғаулары жедел 
өткен шақ тұлғасындағы етістікке ерекше түрде жалғанады. 
Жедел өткен шақтың жұрнағы (-ды,-ді,-ты,-ті) мен III жақтың жіктік жалғауын (-ды,-ді,-ты,-ті) 
шатастырмау керек.Бұл қосымшалардың тұлғасы,дыбысталуы бірдей болғанмен,мағынасы мен 
қызметі басқа-басқа,III жақ жіктік жалғауы шақ мағынасын білдірмейді,ал жедел өткен шақ 
жұрнағы жақ мағынасын білдірмейді. 
Жіктік жалғау Жедел өткен шақ 
Келіпті Келді 
Барыпты Барды 
Жатады Жатты 
III жақтың жіктік жалғауы тек көсемшенің –ып,-іп,-п және –а,-е,-й жұрнағынан кейін ғана 
жалғанады:кел-іп-ті,қара-п-ты,кел-е-ді.Ал жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және 
туынды түбірлеріне және етіс,болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады. 
Топтық жұмыс .Топқа бөлінеді. 
Шығармашылық жұмыс 
• Сейсенбіге дейін тақпақ ... 
• Сәрсенбіде сурет ... 
• Бейсенбіде екі “бестік” баға ... 
• Жұма күні жаңа кітап ... 
• Сенбі күні талдап себет ... 
• Жексенбіде біраз істі ... 
Керекті сөздер! Ойнап, тыңдап, жаттадым, 
демалдым, алдым, оқыдым салдым, боядым, 
тындырдым. 
Тақтамен жұмыс 
Берілген етістіктерден жедел өткен шақ жасап, жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар 
Бар,ойна, жүгір,жарыс,сөйле. 


2. Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсет. 
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек. В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. С) Кешке 
алтыбақан құрамыз. Д) Олардың ақылдылығына, білімділігіне піріндей сенеді. Е) Көрмес—түйені 
де көрмес. 
3. Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті тап. 
А) Марат маған айтып тұрды. В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген.
С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан. Д) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр. Е) Мақсатым—тіл 
ұстартып,өнер шашпақ. 
4. Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді тап. 
А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек. В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.
С) Кешке алтыбақан құрамыз. 
Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді 
Е) Атасы бәрін түсінетін. 
5. Күрделі нақ осы шақты тап. 
А) айтып тұрды В) алып жүрген С) бара жатыр еді 
Д) оқымай жүр Е) Сурет салып отырмақшы 
6. Етістіктің болжалды келер шақ түрін тап. 
А) сөйледі В) сөйлеген С) сөйлер Д) сөйлейді Е) сөйлеп 
7. Етістіктің жедел өткен шақ түрін көрсет. А) жеткізер В) жеткізген С) жеткізетін
Д) жеткізеді Е) жеткізді
19–апта
Бұрынғы өткен шақ. Отбасы . Сәулетші. Дүкенде сыйлық алу. Диалог жазу. 
Бұрынғы өткен шақ
Етістіктің + - ған, - ген + жіктік жалғау І, ІІ жақ
негізіне-қан, - кен 
20–апта 
Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі. Досыма хат. Ғылым мен техника. Хат жазу. 
Болымсыз түрі
Етістіктің + - ған, - ген + жоқ, емес +
жіктік жалғауы 
негізіне-қан, - кен 
21–апта 
Етістіктің нақ осы шағы. Менің жұмысым. Қырыққабат пен қияр. 
Нақ осы шақ (Собственное–настоящее время) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет