Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі
-1889699293, 1 кыркуйек, Таулардың үгілуі 05 сынып
Қане, тілдесейік!
Кітап дүкенінде 
-
Сәлеметсіз бе, апай? 
-Сәлемесің бе, айналайын. 
-Маған қалың дәптер, қалам, қойын кітіпшасы керек еді.
-Мінеки, көріңіз. Қандайын аласыз? 
-Мынау қалам қанша тұрады? 
-Қалам алпыс теңге тұрады.
-Маған бес қалың дәптер, бір қалам, екі кітапша беріңіз. 
-Мінеки. Алыңыз. 
-Рахмет, сау болыңыз. 
Төмендегі етістіктерге «-а,-е,-й» жұрнақтарын дұрыс жалғаңыз. 
Оқу, жазу, айту, тыңдау, жүгіру, сөйлесу, жүру, демалу, тұру, отыру, жату, қайталау, беру, алу, 
келу, кету, салу, тарату, ашу, жабу, көтеру, секіру, ұру, жылау, ұялу. 
Төмендегі мәтіннен етістіктерді табыңыз 
Әке, шеше, ұл, қыз- бәрі қосылып, отбасын құрайды. Олар бір үйде тұрып, бірге өмір сүреді. 
Ондағы әр адам бір-бірін сыйлайды. Олар бір-біріне әрдайым көмектеседі. 
Қане, тілдесейік!
Базарда 
- Сәлеметсіз бе, апай. Маған күріш, май, ет, жұмыртқа керек еді. 
- Сәлеметсің бе, балам. Келе ғой, менде бәрі бар. Саған қанша кг күріш керек? 
- Маған 2 кг күріш, 1 литр май, 10 жұмыртқа және жарты кг ет беріңіз. 
- Жарайды, өлшейін. 
-Бағасы қанша? 
- Сенен 2000 теңге.
-Сізге рахмет, сау болыңыз 
-Сау бол. 
ҚАЛЫП ЕТІСТІКТЕРІ 
Отыр 
Көріп отыр
Тұр 
Сөйлеп тұр 
Жатыр 
Ұйықтап жатыр 
Жүр
Оқып жүр 
Мәтінді түсініп оқып, етістіктердің қызметін анықта. 
Көп алдында ұятқа қалмауды әрқашан ойлап жүр. Үйде, дастарханда үлкендер төрде, жастар 
төмен қарай отырады. Өзіңе-өзің сын көзбен қарап жүр.Тәрбиеліден -тәлім, ғалымнан-ғибрат, 
өнерліден – оқып көр. Жастар білімін көпке, пайдалы жерге жұмсауды үйреніп жатыр. 


Үлгі бойынша қалып етістігін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз. 
Үлгі: Арман орындықта отыр - Асқар сабақ оқып отыр 
Етістікті пайдаланып диалог құрыңыз. 
Қане, тілдесейік!
Дәріханада 
-
Сәлеметсіз бе, апай! 
- Сәлеметсің бе, қарағым! 
- Маған тұмауға қарсы, қызу түсіретін дәрі керек еді. 
- Дәрігердің нұсқау қағазы бар ма? 
-Мінеки, көріңізші 
- Мінеки, алыңыз. Бағасы бес жүз елу теңге тұрады. 
-Бұл дәріні қалай ішу керек 
-Күніне үш уақыт, тамақтан бұрын қабылдайсыз.
-Рахмет, сау болыңыз 
-Сауығып кетіңіз. 
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП 
ӘСЕМДІК БҰЙЫМДАР 
9–апта
Жіктік жалғау. Иә,жоқ сөздерін пайдалану. Жіктеу есімдігі. Сұраулық шылаулар.Болымсыз 
етістіктер.Ілік септік. Есептік сан есім. Жинақтық сан есім. Реттік сан есім.Жатыс септік.«Сен 
қашан туылдың?», Қайда жатыр?. Көптік жалғаулар.«Артта, алда, жоғарыда төменде» көмекші 
есімдерінің қолданылуы. Етістіктер ( тұру, келу, қайту, басталу, аяқталу).Сын есімдер. «Қайда 
тұрасың?» Туыстық қатынастардың қазақша атаулары. Менің отбасым.Мақал-Мәтелдер. Жеті 
ата. Дәрісханада. Жатақханада. Базарда. Киім дүкенінде. «Менің бір күнім» .Менің бөлмем. 
Дәрісханада. Теміржол бекетінде. 
Жалпы сұрақ –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық шылаулары арқылы жасалады. Сұраулық 
шылаулар бөлек жазылғанымен, дыбыс үндестігіне бағынады. Дауысты дыбыстар немесе р, й, л, у
-ма/-ме
Тақта ма? Үстел ме?
ж,з, м,н,ң 
, -ба,-бе
Қалам ба
?, 
Еден бе? 
қатаң дауыссыздар -па/-пеСызғыш па?Есік пе? 
-Мынау кітап па? -Иә, бұл кітап. 
-Мынау дәптер ме? -Жоқ, бұл дәптер емес, ол-кітап. 
-Мынау мұғалім бе? -Иә,ол-мұғалім. 
-Анау дәрісхана ма? -Жоқ, ол дәрісхана емес, ол-бөлме 
Зат есімнің тәуелдік жалғауларына назар аударыңыз.Болымды/ болымсыз түрде жауап беріңіз. 
-Мынау сенің сөмкең бе? 
-Бұл сенің ұялы телефоның ба? 
-Мынау сендердің бөлмелерің бе? 
-Сенің жасың жиырмада ма? 
-Тақта қара ма, әлде жасыл ма? 
-Мына гүл әдемі ме? 
-Сен оқушысың ба, әлде студентсің бе? 
-Сенің бөлмең таза ма, лас па? 
Сөздерді дұрыс оқып, көп нүктенің орнына –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-песұраулық шылауларының 
тиістісін қойып, көшіріп жазыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет