Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі
-1889699293, 1 кыркуйек, Таулардың үгілуі 05 сынып
–да,-де –та –те, -нда, -нде, -ында, -інде 
Диалог 
-Кітап қайда жатыр? 
-Кітап үстелдің үстінде жатыр. 
-Қағаздар қайда жатыр? 
-Қағаздар шкафтың ішінде жатыр. 
-Дәптерлер қайда жатыр? 
-Дәптерлер кітаптың жанында жатыр. 
Диалогты көршіңізбен кезектесіп оқыңыз.Сөйлемдерді пайдалана отырып, диалог құрастырып 
жазыңыз. 


-Сен қайда тұрасың? 
-Мен Астанада тұрамын. 
-Үйің қай көшеде? 
-Үйім Ахмет Жұбанов көшесінде. 
-Үйіңнің нөмірі қандай? 
-Үйімнің нөмірі алпыс екі. 
Менің бөлмем
Менің бөлмем кең. Бөлмемде үстел, орындықтар, төсек, шкаф, кітап сөресі, теледидар, 
тоңазатқыш бар.Менің жазу үстелімде шам, қалам, түрлі- түсті қарындаштар жатыр.Үстелдің 
жанында екі орындық тұр. Бұрышта теледидар бар.Менің бөлмем жарық, жайлы. 
Біздің үйіміз 
Менің атым Азамат. Менің үйім Алматыда. Менің отбасым Абай көшесіндегі жүз 
оныншы үйде, он төртінші пәтерде тұрады. Біздің пәтеріміз төртінші қабатта.Біздің пәтеріміз 
үлкен: қонақ бөлме, ұйықтайтын бөлме, балалар бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлме, жұмыс бөлмесі, 
кіре беріс бар. Кіре берісте киім ілгіш, айна және телефон тұр. Дәліздің оң жағында балалар 
бөлмесі, дәліздің төр жағында қонақ бөлме. Дәліздің сол жағында жатын бөлме, қонақ бөлме, 
содан кейін ас бөлмесі орналасқан. Теледидар мен диван, екі кресло қонақ бөлмесінде тұр. Жазу 
үстелі мен компьютер жұмыс бөлмесінде тұр. Әр бөлмеде үлкен терезелер бар. Бөлмелер өте 
жарық , кең. Дәліздің оң жағында дәретхана мен жуынатын бөлме бар. Төбеге әдемі шам ілінген. 
Дәлізге әдемі қызыл кілем төселген.
12–апта 
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Синонимдер.Үстеу. 
Түрлері. Болымсыздық шылау «емес». Бағытты, мақсатты білу. (апару, әкелу). Емлесі. Бұйрық 
рай. Өткен шақ. Менің елім. Қазақстан. Алматы қаласы. Қазақстанның астанасы-Астана. Менің 
туған жерім. Құттықтау, лебіздер. Гүлдер. Киіз үй, Наурыз мерекесі туралы мәтінді мәнерлеп оқу. 
Көнерген сөздерді, басқа тілден енген сөздерді жазу.
«Емес» сөзі.
Жекеше: Көпше: 
Мен дәрігер емеспін. Біз дәрігер емеспіз. 
Сен дәрігер емессің . Сендер дәрігер емессіңдер. 
Сіз дәрігер емессіз. Сіздер дәрігер емессіздер. 
Ол дәрігер емес. Олар дәрігер емес. 
Сөйлемдерді оқыңыз. 
Мен қуаныштымын. 
Мен қарсы емеспін. 
Сен ашулысың. 
Сен ашулы емессің. 
Сіз құрылысшысыз. 
Сіз құрылысшы емессіз. 
Ол жиырмада. 
Ол жиырмада емес. 
Біз Ауғанстаннанбыз. 
Біз Ауғанстаннан емеспіз. 
Сендер университеттесіңдер. 
Сендер университетте емессіздер. 
Сіздер қаладасыздар. 
Сіздер қалада емессіздер. 
Олар бірінші. 
Олар бірінші емес. 
Менің елім – Қазақстан 
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан. Бұл елде шетсіз, 
шексіз дала жатыр. Қазақстан – әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Елімізде сирек 
кездесетін жануарлар, өсімдіктер бар. Пайдалы қазбаларға бай. Астана, Алматы, Павлодар сияқты 
көрікті қалалар бар. Мен өз елімді өте жақсы көремін, мақтан етемін. Әр елден келген қонақтарға 
Қазақстан ұнайды. Сіздер де жақсы көріп кететіндеріңізге кәміл сенеміз.
13–апта 


Шартты рай. Зат есімдер мен сын есімдерден құралған үстеулер.( адамша, қазақша, ескіше, 
жаңаша т.б). «Да», «де», «та», «те» шылауы. Омонимдер. Салт-дәстүрлер.Ұлттық мерекелер.
Наурыз мерекесі. Киіз үй. Ұлттық ойындар.Ұлттық тағамдар. Ұлттық киімдер. Шартты рай - 
белгілі бір шарт арқылы жүзеге асатын іс-әрекетті білдіру үшін қолданылады.Етістіктің түбіріне 
(негізіне) 
–са, -се
жұрнағының бір тұлғасын жалғап, одан әрі жіктеу арқылы жасалады. 
–са, -се
жұрнақтары арқылы жасалған етістікті анықтап, теріп жазыңыз. Мысалы: -Бүгін киноға барамыз 
ба? -Ертең жұмыстан ерте келсем, барайық. 
1.Мен оқысам. 2.Сен жазсаң. 3.Сөздікпен жұмыс істесең қазақша көп сөз білесің. 4.Теледидардан 
жиі-жиі қазақ тілінде хабар тыңдасам, тілді тез үйренемін. 5.Таңертең жолға шықсаңыз онда түсте 
қалаға 
жетесіз. 
6. 
Демалыс 
күні 
ол 
келсе 
екеуміз 
саябақты 
аралаймыз.
Ұлттық ойындар 
Қазақ халқының ұлттық ойындары: «Қыз қуу», «Көкпар тарту», «Бәйге», «Жамбы алу», 
«Аударыспақ», «Алтыбақан», «Тоғызұмалақ» «Асық», «тағы басқалары. Жамбы ату» ойыны 
мергендікке үйретеді. Осылардың ішінде ежелден келе жатқан ұлттық ойынның бірі «Қыз қуу». 
деп аталады.Бұл ойында жігіт қызды қуып жетіп, бетінен сүюі керек. Ал егер қыз жігітті қуып 
жетсе, қыз жігітті қамшымен сабайтын болған. 
Қазақ халқының ұлттық ойындарының көпшілігінде табиғи заттар қолданылады.Мәселен қой 
малының асығы балалар ойынында пайдаланылады. Асық ойыны баланың жүйке жүйесін 
нығайтады.Дәлдікке, шыдамдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді. 
Ұлттық дәстүрлер 
Ұрпақ жалғастығы мен болашағына ерекше мән беретін қазақ халқы үйлену салтынабаса көңіл 
бөлген. Олар ұлдарына жар болатын болашақ келінді ерте кезден ойлап отырған. Ең алдымен 
болашақ келіннің шықан тегі мен тәрбиесіне назар аударады.Тіпті ерте кездерде балалар дүниеге 
келмей жатып атастыру рәсімін жасаған.Құда түсудің, қыз айттырудың түрлі салттарын орындап 
отырған.Қазіргі кезде сол салттардың барлығы болмаса да, бірқатар дәстүрлері сақталынған. 
Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында қыз алысуға,неке қиюға рұқсат етілмейді. 
Үйлену салтына байланысты дәстүрлер: қыз айттыру, құда түсу, күйе жігіттің қызға ұрын баруы, 
қыз ұзату, келін түсіру, беташар, неке қию,үйлену тойы.Бесікке салу- нәрестені алғаш бесікке салу 
рәсімі.Бесікке салу тойына шақырылған қонақтар шашу, түрлі сыйлықтар, тәттілер алып 
келеді.Нәрестені бесікке салуды көп ұрпақ өсірген, қадірлі анаға тапсырады.Ол бесікті отпен 
аластайды.Баланы бесікке жатқызып, бөлейді. Бесік жыры айтылады.Бесікке салған адамға сый-
сыяпат көрсетіледі.Үлкен кісілер бата береді. 
Ұлттық тағамдар 
Қазақтың ұлттық тағамдары: қазы, шұжық, жал-жая, қарта, талқан, тары, бауырсақ, қуырдақ, 
қымыз, шұбат, айран, сүзбе, құрт, ірімшік, жент, қарын, бүрме. 
Ата-бабамыз малдың етін, сүтін тамақ етіп, жүні мен терісін киімге пайдаланған. Әсіресе 
жылқының қазы, қарта, жал-жаясы жоғары бағаланған. Сиырдың, қойдың сүтінен айран, құрт, 
ірімшік жасайды, бие сауып, қымызын ішеді. Түйе шұбатының емдік қасиеті мол. Тарыдан жент, 
бидайдан талқан жасайды.Қысы суық, жазы ыстық климатта өмір сүрген қазақ халқы киімдерін 
күнделікті тұрмыс пен өмір салтына, дала жағдайларына ыңғайластырып киетін болған. 
Ұлттық киімдер 
Айырқалпақ-мұндай бас киім түрін ертеде хан сұлтандар киген.Айырқалпақ жұқа киізден 
тігіледі.Ол негізгі екі бөліктен құралады:қалпақтың төбесі мен етегі.Сәнді болу үшін барқыт 
матамен көмкеріліп, жібек жіппен әр түрлі ою-өрнектер салынып, әшекейленеді. 
Қойдың терісінен тігілетін тон- қыстың суық күндеріне киетін жылы киім.Жағасына, 
жеңіне бағалы аң терілері салынады.Әйелдер тонының иығы, жең ұшы, өңірі мен етегі кесте 
жібімен әшекейленген ою-өрнектермен безендіріледі. 
Кимешек- ақ матадан тігіліп, жиегі астарланған қазақ әйелдерінің бас киімі.Бет жағы ойылып
қалған бөлігі иық, кеуде, арқаны жауып тұратындай жасалынады.
 
Көйлектің сыртынан киетін әйелдер киімінің бірі- камзол деп аталады.Ол барқыт, пүліш, мақпал 
сияқты маталардан тігіледі. Камзолда жең, жаға болмайды.Камзолдың өңірі мен етегі зер 
жіптерімен өрнектелінеді. 
Қазақ бас киімдерінің ішінде ұлттық ерекшелікті айқын білдіріп тұратын бас киімдердің бірі- 
сәукеле. Сәукеле-ұзатылған қыздар киетін аса қымбат бағалы және әдемі бас киім.Сәукеле 
қымбат маталармен қапталып, алтын, күміс, інжу, маржан, меруерт, ақық сияқты асыл тастармен 
безендіріліп, түрлі түсті зер жіптерімен өрнектеледі. 


Тымақ-
биік төбелі, маңдайы, екі құлағы, желке мен арқаны жауып тұратын артқы етегі бар 
ерлердің бас киімі.Оны аңның, малдың терісінен тігіледі.Суық кезде киетін бас киімдер 
қарапайымдау болып келеді.Бірақ бағалы терілер оларға ерекше сән беріп тұрады. 
Шапан-арасына жүн, мақта салып, сырты шұға, барқыт сияқты матамен қапталған сырт киім.Оны 
тізеден сәл төмендеу, ал жеңін ұзындау етіп тігеді. Жағасы, өңірі, жеңі зер немесе жібек 
жіптермен, әсем ою-өрнектермен безендіріледі.Бұл киімді ер адамдар да, әйел адамдар да, балалар 
да кие береді.Қыздар мен әйел адамдарға арналған шапанның жағасы, етегі мен жеңі бағалы аң 
терілерімен көмкеріліп, жиектері зермен өрнектеледі.Түйме орнына асыл тастар немесе қапсырма 
тағылады. 
Ерлер де, әйелдер де, балалар да кие беретін бас киім түрлерінің бірі-бөрік.Ол жұқа киізден 
тігіледі. Оған ешқандай өрнек, әшекей салынбайды.Себебі жиегіне салынған бағалы аңның терісі
оны әдемі етіп көрсетеді.Бөрік қандай аңның терісінен жасалғанына қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет